0 дауыс
540 көрілді

 <!--[endif]-->Ортаның жалпы агрессивтік деңгейінің артуы.

.Халық санының артуы, ортаның жалпы агрессивтік деңгейінің артуы.

1 жауап

0 дауыс

Өнеркәсібі жоғары дамыған, бай елдердің қоршаған ортаға әсері олардың табиғатты тікелей бұзуымен емес, техногенді ластануға байланысты. Дүние жүзінің халқының 20—25%-ын құрайтын бұл елдердің халқы қоршаған ортаға ластанулардың 80%-ын шығарады. Бұл жағдайда қоршаған ортаны бұзатын фактор халықтың саны емес, өндіріс пен онымен бірге жүретін байлық болып табылады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-тағы молшылық кезінде, американ маманы В. Лебоу: «Біздің өте жоғары өнімді экономикамыз тұтынуды — өмір сүру салтына айналдырып отыр, яғни затты сатып алу мен пайдалану күнделікті дәстүрге айналды. Бізге заттардың көп мөлшерде сатылып, одан соң тасталып және басқалармен көп мөлшерде ауыстырылып отырғаны қажет» — деді.
Осыған дейін айтылған жер бетіндегі адамзат қоғамының экологиялық мәселелері барлық тарихи кезеңдерде болған. Қазақстан климатын бақылау оның жылдан жылға құрғақтануын көрсетеді. Соңғы 100 жылда, әрбір 10 жылда 0,10С-ға артып отыр немесе әрбір 100-ге шаққанда 10С. Осының барлығы алдағы 2-3 ұрпаққа зиян тигізбесе де ойлану қажет.
Қазақстанның су, орман т.б. ресурстарында экологиялық дағдарысқа қшырап отыр. Сондықтан Қазақстандағы қоршаған ортаның жағдайы туралы ақпараттарды сараптай және қортындылай келе ұлттық деңгейде ең алдымен шешуді талап ететін маңызды экологиялық мәселелерге мыналар жатады:
1. Су ресурстарының ташылығы
2. Жайылымдар мен егіс жерлерінің азуы
3. Урбанизацияланған территориялардың атмосфералық ауасының ластануы
4. Мұнай қндіретін аймақтағы ортаның ластануы
5. Қоршаған ортаның өндірістік және тұрмыстық қалдықтармен ластануы
6. Ормандар мен ерекше қорғауға алынған территориялардың жетіспеуі
7. Су қорларының ақаба сулармен ластануы
8. Радиациялық ластану
Қазақстан Еуразия ортасында орналасқан, оның территориясы 2,72 млн.км2. Қазақстан халқының саны 15-16 млн. адам. Қазақстанда орманды дала 6%, дала 28%, шөлді дала 40% құрайды. Жер ресурстарының байлығы 60% вольфрам, 50% - қорғасын, 40% - мырыш, мыс, 30% бокситтер, 25% - фосфориттер, 15% - темір рудалары, 10% - көмір, алтын көлемінен дүние жүзі бойынша 6-шы орында. Болжам бойынша Батыс-Қазақстан ХХІ-ші ғасырда дүние жүзіндегі мұнай өндіру жағынан ең үлкен мемлекетке айналды.

Толығырақ: https://vk.com/wall-55946642_44

...