0 дауыс
3.1k көрілді
Мұнай өндіру химиясы өнеркәсіптері оның қоршаған ортаның жағдайына зиянды жақтарына талдау жасаңыз

1 жауап

0 дауыс

Мұнай өндіру көлемінің жылдан-жылға артуы, қоршаған табиғи ортаның компоненттеріне техногендік әсірін тигізуде. Мұнай-газ өнеркәсібнің барлық өндірістік обектілері қоршаған ортаны зиянды заттектермен ластайды. Мұнай құрамындағы заттектерден басқа, ластаушы заттектердің құрамында көптеген химиялық реагенттер, катализаторлар, БАЗ, реагенттер, сілтілер, қышқылдар, т.б. көптеген улы заттектер кездеседі.

Мұнай кеніштерін игеру барысында литосфера – түрлі химиялық улы заттектермен ластанады. Топырақ жамылғысының механикалық тұрғыда бұзылуы – мұнай кеніштерін барлау, бұрғылау, игеру және технологиялық обьектілердің құрлысын салу кезінде орын алады. Сондай- ақ, өсімдіктер жойылып, топырақтың жоғарғы горизонттары бұзылып, нығыздалу процесі жүреді. Яғни, бұл жағыдай эрозионды прцестердің дамуына септігін тигізіп екінші реттік тұздану көздері болып табылады [1].

Топырақ жамылғысы өзінің физикалық-механикалық қасиетіне байланысты, ауадағы зиянды заттектерді өзіне сіңіріп, өзінің құрамында екіншілік ластану көздерін қалыптастыруға бейім геологиялық ортаның, ұзақ мерзімдік зиянды заттектерді тасымалдайтын орта болып табылады. Мұнайдан, сонымен қатар оның өнімдерінен басқа топырақты ластайтындар, жоғарыға ілеспе түрде шығатын минералды және тұзды қабат сулары, мұнай ұңғымаларын бұрғылау кезінде пайдаланатын ертінділер, реагенттер мен бұрғылау процесі кезінде түзілетін бұрғылау шламдары, т.б.

Ластанған топырақтың табиғи ортада қалпына келуі жүздеген жылдарға созылады, ал жасанды жолмен қалпына келтіру – күрделі жұмыстарды жүргізуді қажет етеді. Топырақтың мұнай өнімдері және бұрғылау ерітінділерімен ластануы, локальды дәрежеде байқалады. Бірақ, жоғары дәрежеде ластанса топырақ құнарсыз, асфальт тәрізді массаға айналуына байланысты өте қауіпті. Ең күрделі экологиялық проблеммалардың біріне – литосфераның мұнай өнімдері және ауыр металдармен ластануы жатады.

Мұнаймен ластану кезінде топырақтың құнарлығын және экологиялық қызыметін анықтайтын, оның барлық морфологиялық, физикалық, физика-химиялық, биологиялық қасиетіне ықпалын тигізеді. Мұнаймен ластану кезіндегі топырақ қасиетінің өзгеруі, сондай-ақ оның миграциялану процестері, аккумуляциялануы, метоболизмі төгілген мөлшеріне, физика-химиялық құрамына, топырақтың климаттық және ландшафтық жағдайына, биохимиялық кедергілерге, топырақ профиліндегі миграция каналдарына байланысты [2].

Мұнайдың топырақ қабатына сіңу тереңдігі, мұнай құрамы мен топырақтың механикалық құрылымына байланысты. Топырақтың морфологиялық белгілерінің өзгеруі өзімен бірге, физикалық қасиеттерінің өзгеруіне әкеліп соқтырады. Топырақтың мұнаймен ластануы, мұнай өнімдері сіңген горизонттарда органикалық заттектердің жалпы құрамын күрт арттырады. Ластану кезіндегі топырақтың физикалық қасиеттерінің өзгеріске ұшырауының нәтижесінде, мұнай топырақтағы ауаны ығыстырып, судың, қоректік заттектердің түсуі бұзылады. Бұл – өсімдіктердің өсуін баяулатып, олардың жойылуының бірден-бір себебі болып саналады. Мұнаймен қаныққан топырақтың ылғалды сіңіру және ұстап тұру қабілетері бәсеңдеп, ластанбаған топырақпен салыстырғанда – ылғалдылықтың, су өткізгіштіктің, ылғал сыйымдылығының төменгі мәндері байқалады. Топырақ қышқылдылығының өзгеруі, бәрінен бұрын мұнайдың сапасы мен оның құрамындағы минералдылығы жоғары қабат суларына байланысты [3].

Мұнай-газ өнеркәсібінің топыраққа тигізетін техногендік жүктемесін анықтау барысында

«Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешендері» (ЖМГӨК) орналасқан аумақттың, сондай-ақ «Жаңажол» кеніштерінің топырағына зерттеу жұмыстары жүргізілді.

ЖМГӨК орналасқан аумақ. Өнеркәсіп обьектілері орналасқан аумақтан алынған топырақ сынамалары ГОСТ 17.4.3.01-83 стандарттарына сәйкес алынды. Зерттеу нәтижелері, топырақтың қоңыр-каштанды екенін анықтады. «ЖМГӨК» орналасқан аудан топырағының көрсеткіштері 1-кестеде келтірілген. Морфологиялық ерекшеліктері келесі қабаттармен сипатталады. Гумусты горизонттың қалыңдығы 35 см аспайды, олардың құрылымдары берік емес, түйіршікті. Горизонттарда нығыздалу байқалады, бұл тұздылық мөлшерінің аз екендігін көрсетеді. Механикалық құрамы бойынша топырақ – сазды, тез еритін тұздар 80–100 см тереңдікте кездеседі,

сіңіру сыйымдылығы 15–25 мг.экв/100 г. топырақты құрайды. Шабындық жерлердің топырағы – гумусты горизонттардың қуаттылығымен сипатталады. Жоғары горизонтта 1,5-3,5% гумусты құрайды. Гуматты-фульваттардың құрамы 4,2%, азот 0,07- 0,0061 %, фосфор-1,3-0,9%, қозғалмалы элементтер: азот -1,4-0,8, фосфор -3,0-4,7 және калий 29-52 мг/100 г.топырақта, топырақ ерітіндісінің рН 7,5-8,5. Зерттеу нәтижелері ластанған топырақ буферлігінің төмен екенін көрсетті. Сіңірілген негіздердің құрамында кальций мен магнийдің мөлшері басым. Жауын-шашынның аз түсуіне байланысты, құрылым түзуі – әлсіз және осы топырақ горизонттарының тығыздығының жоғары болуына байланысты топырақ аз ылғалданады. Жауын-шашын көп жауатын кезде ылғалдану тереңдігі 50 см-ден аспайды.

Толығырақ: https://articlekz.com/kk/article/21994

...