0 дауыс
871 көрілді
күрделі сөздерге жатпайтын қатарды көрсетіңіз
қысқарған сөз

біріккен сөз

туынды сөз

тіркесті сөз

қос сөз

2 жауап

0 дауыс

Күрделі сөз. Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді күрделі сөз дейді. Мысалы: әке-шеше, ауыл-аймақ, ашудас, бесжылдық, боз торгай, қара торы, он уш сияқты сөздер күрделі сөздер болып табылады. Себебі бұлар кемінде екі түбірден құралған: әке-шеше (әке және шеше), ауыл-аймқ, (ауыл және аймақ), ашудас (ашу немесе ащы және тас), бесжылдық (бес және жылдық), боз торғай (боз және торғай), қара торы (қара және торы), он уш (он және үш).

Күрделі сөздер жасалу жолына қарай біріккен сөздер (бүгін, жаздыгүні, алғысөз), қос сөздер (үлкен-кіші, аяқ-табақ), қысқарған сөздер (АҚШ, БҰҰ, ҚазМУ), тіркесті сөздер (қара торғай, қара көк, жүз бес) болып бөлінеді.
Сөйтіп, күрделі сөздер, бір жағынан, сөз тудырудың (сөзжасамның) белгілі жолдары (біріктіру, қосарлау, тіркестіру) арқылы жасалған жаңа сөздер болса, екінші жағынан, күрделі түбір, сөйтіп, түбірдің бір түрі болып табылады.

0 дауыс
Туынды түбір күрделі созге жатпайды !!!
...