0 дауыс
6.9k көрілді
Маған мектептен қауіпсіз интернет туралы эссе жаз деді. Қауіпсіз интернет дегеніміз не? Ақпарат заманында интернетті қалай қауіпсіз қыла аламыз?

1 жауап

0 дауыс

Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлер мен ұялы сымтетіктерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор желі. Бұл байланыс түрі ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, әлемде зор қарқынмен дамып келеді. Қазіргі заманда қажеттілікті тудырып отырған бүкіл ғаламдық күш ретінде ғаламтор желісі Қазақстандық ересек адамдар мен жасөспірімдердің өміріне әсер етуде. Оның адам баласына берер пайдасы мен зияны да жетерлік. Адам ұялы сымтетіктер мен компьютерлерге отырған кезде міндетті түрде интернетті пайдаланады VK, YouTube, Google, Instagram, WhatsApp, Facebook сынды санмың желілер алысты жақындатып, осы шақтағы уақытта адамдардың бір-бірімен байланысуына және түрлі мағлұматтар алуына, тіпті бейнебайланыс орнатуға септігін тигізуде. Әрине техника дәуірінде жан-жақты болған жақсы ғой, бірақ әр нәрсенің өз уақыты, орны болуы керек емес пе?

Оқушының санасын улайтын түрлі қауіпті сайттардан қорғау мақсатында №25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиямызда «Қауіпсіз интернет» атты ақпараттық науқаны ашылып, іс-шаралары жоспарланды. Науқан барысында мектебімізде «Жұлдыздар шеруі», «Дарынды оқушылар форумы» тақырыбында жалпы мектептік салтанатты саптүзеулер өтті. «Интернет дегеніміз не?», «Қауіпсіз интернет еліне саяхат», «Интернет пен денсаулық» тақырыбында сынып сағаттары өтті, «Пайдалы және қауіпсіз интернет», «Балаларға бала жасынан бастап қауіпсіз интернет қажет» тақырыбында оқушы білімін арттыратын ашық сабақтар жоғары дәрежеде жалғасып жатты, «Интернет және біз», «Интернет желісіндегі қауіпсіздік шаралары» атты дөңгелек үстелдер, «Интернетті қауіпсіздендіру бағытындағы шаралар», «Интернет: ия және жоқ», «Интернеттің алдын алу – оқушылар тәуелділігі» тақырыптарында шығармалар мен эссе сайыстары ұйымдастырылды.

Мектебімізде тәжірибелі тілшілер, психологтар, басқа мамандардың, ата-аналардың қатысуымен кездесулер ерекше әсер қалдырды. Интернет желісіндегі қауіпсіздік шаралары туралы қызу пікіралмасу ешкімнің көңілін тыс қалдырмады. «Қауіпсіз интернет» тақырыптарында плакаттар жарысы, «Желідегі қарым-қатынас этикасы» атты оқушылардың сөйлеу мәдениетін жақсартатын буклеттер сайыстары, «Интернет менің өмірімде» атты шығармашылық жұмыстар бойынша түрлі байқаулар өтіп жатыр.

Ғаламтор – күнделікті ішетін ас секілді санамызға еніп барады. Қазақстан интернеттен бас тарта алмайды. Егер біз ғаламтордан жапа шегеміз деп әлемдік өркениеттен, тез мағлұмат алу мен байланыс құралынан бас тартатын болсақ біртіндеп құлдырай бермекпіз. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»,-деп қазақ халқы айтпақшы, ауырмайтын жолдарды жасап, монитор алдында күлгін сәулелерден қорғайтын қауіпсіздік ережелерін сақталық.

Мектеп – білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде әрбір бала он бір жыл уақыттын өткізеді. Киелі ордада әрдайым жұмыс қайнап жатады. Мұғалім қандай қиыншылықпен бетпе бет келсе де, шешімін әрдайым таба алады. «Қауіпсіз интернет» тақырыбындағы ақпараттық науқаны жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, іске асырылды. Осы шаралардан соң мектеп оқушылары интернет желісін пайдалану қағидаларын жетік меңгерді деген үміттемін.

Толығырақ: https://bilimainasy.kz/%D2%9B%D0%B0%D1%83%D1%96%D0%BF%D1%81%D1%96%D0%B7-%D0%B8%D0%BD%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%BD%D0%B5%D1%82/

...