Егер география немесе дүниетану сабағы бойынша берілген тапсырма болса,мына мақаланың идеясы бойынша жазуға болады:
Климаттың ғаламдық жылынуы. Күні кешеге дейін академиялық ортада бұл құбылысқа аса мән берілмейтін және ол әзіл ретінде айтылып, ғылыми фантастика ретінде қабылданатын. Бүгінгі күні ғаламдық денгейде болып жатқан климаттың өзгеруі орындалған дәйек болып табылдады.
Қазақстанда ауаның орташажылдық температурасы 1936 жылдан бастап 2005 жылдар арасында әрбір 10 жыл сайын 0,31 С градусқа жоғарлап отырған. Соңғы 50 жылда Іле Алатауының солтүстік бөктеріндегі мұздықтардың ауданы 41 пайызға қысқарған. Климаттың өзгеруі бойынша Үкіметаралық сарапшылар тобының (КӨҮСТ) болжамдары бойынша, егер күннің жылынуы осы қарқында өрби болатын болса XXI ғасырдың ортасында орташа температура цельси бойынша 6 градусқа жоғарлауы мүмкін.
Бұл өз кезегінде 2 градусқа жылынудың өзі кері салдарға әкеп соғатын климта күрт континенталды Қазақстан үшін орасан зор алапат болып табылады. Бүгінгі күннің өзінде еліміздің территориясының 75% экологиялық тұрақсыздық тәуекеліне ұшырап отыр. Алапат ыстық, құрғақшылық. Тіршіліксіз шөл даланың аумағы солтүстікке қарай 300-400 шақырымға жылжыйды. Су ресурстарының жетіспеушілігі мал жайылымдарының дегредацияға ұшырауына әкеліп соғады және ауыл шаруашылығына ауыр соққы болып табылады. «Қазақстанда климаттық тәуекелдерді басқару» БҰҰЖЖ жобасының үйлестірушісі Жанар Есенованың пайымдауынша табиғаттағы процестердің белгілі бір циклға бағынатына қарамастан температураның жаһандық жоғарылауы нақты дәйек болып табылады. Қазақстанда температураның жоғарылауы жауын-шашын мөлшерінің артуымен өтеліп отырған жоқ, бұл белгілі бір тәуекелдерге алып келеді. Бізді алда өзендердің ағысының өзеруі күтіп тұр, экстрималды табиғи құбылыстардың жиілігі арта түседі, жаңа табиғи аномалды құбылыстар пайда болады. Бізде оптимистік сценарий болды, ол бойынша парникті газдардың тастау жылдамдығы температураның күрт жоғарылауына әсер етпейді, және өте қатал сценарий және ол бүгінгі күні орын алып отыр. Әзірге бұл үрдіс өзгермей отыр, және шындықты мойындаған жөн.
2011 жылдың сәуірінде БҰҰ Қазақстандағы даму Бағдарламасы «Қазгидромет» РММ жаңа жабдықтар жеткізіп берді. Өте қуатты техника Қазақстан үшін климаттың өзгеруінің деталдық моделдерін және сценарилерін жасаауға мүмкіндік береді. Және бұл сценарилер біз үшін көңіл жұбатарлық емес.
Ылғалдану зонасының өзгеруі еліміздің жалпы ауданының 38% дейінінің құрғақдалалық және қуаң зонаға айналуына әкеліп соғады. Мұзданудың дегредацияға ұшырауы таулы өзендердің ағысының және су режимінің өзгеруінің басты себебі болып табылады. Елімізді су теңгерімінің бұзылуы, ішкі су ресурстарының сарқылуы, Қырғызстан, Өзбекстан және Қытайға су мәселесі бойынша тәуелді болу – міне мұның бәрі соның нақты салдары болып табылады. Экстремалды табиғи құбылыстардың орын алуы халықтың ауа-райының аномалдылығынан зардап шегуіне жол береді. Ғаламдық жылынудың жауыншашын мөлшеріне және ауыл шаруашылығына әсері бұрынғыдан күшейе түсуі мүмкін. Полюстердегі және экватордағы температураның әртүрлі болуы – атмосфера циркуляциясының негізгі қозғаушы күші болып табылады.
Полюстердің жылынуы циркуляцияның төмендеуіне, ал өз кезегінде жауын-шашынның түсу аумақтарының өзгеруіне әкеліп соғады: бір аудандарда үздіксіз аптапты ыстық, ал кей аудандарда тропикалық жауын-шашын орын алады.
Қазіргі таңда аумағы шөлейтті болып келетін Солтүстік Африка үшін жауын-шашын мөлшерінің артуы пайдалы да болуы мүмкін. Алайда, бұл жағдайда АҚШ және Канадада мүлде жауын-шашын болмауы мүмкін. Аса ірі көлемде бидай және жүгері дақылдары өсірілетін және үлен ауылшаруашылық аймағы болып табылатын Солтүстік Американың орталық бөлігі қазірдің өзінде су тапшылығын сезініп отыр. Осы өңірге дәстүрлі болып табылатын дақылдарға жауын-шашын мөлшерінің жетіспеуі, ыза қабаты суларының деңгейінің төмендеуі, құнарлы жерлердің шөлейттенуі – міне мұның бәрі ауылшаруашылық коллапстың белгілері болып табылады. Егістік танаптарын солтүстікке жылжыту арқылы Американың ауыл шаруашылығы жаңа климаттық жағдайға бейімделуі мүмкін. Алайда негізгі қыйындық – бұл болжамдардың жуықтылығы. Қазіргі кезде ауа-райының қолайсыздығының салдарынан фермерлер бес өнімнің біреуін жоғалтады. Ал климаттық өзгерістер кезінде егіншілердің шығындары орасан зор болуы мүмкін.
Біздің жағдайымызда осыған ұқсас. Қазақстан территорясның үштен екі бөлігі әртүрлі дәрежеде шөлейттенуге ұшыраған.
«Қазгидромет» РМК Бас директорының орынбасары Ардақ Мұсабаевтың пайымдауы бойынша қолда бар жаңа құрал-жабдықтардың көмегімен климаттың болашақтағы болжамын екжей-тегжей есептеуге, жедел болжамдардың сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін болжаудың есептік әдісін бейімдеуге болады, ауар-райының және климаттың көрсеткіштерін, сондай-ақ жанама көрсеткіштерді автоматты түрде тарату арқылы экономика салалары бойынша нақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Мысалы, біздің болжамдарымыз ауыл шаруашылығымен айналысатындар үшін қызықты болып табылады. Біз оларға ылғалменқамтамасыздық, жылуменқамтамасыздық туралы мәліметтері, көрнекті теңдеулері, диаграммалары бар карта ұсына аламыз. Бұл мәліметтер жедел түрде әзірленеді және тұрақты түрде жаңартылып отырады.
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазгидромет және БҰҰЖЖ қатысып отырған бағдарламаның басты мақсаты ауыл тұрғндарын климаттың өзгеруіне бейімдеу болып табылады.
«Қазақстанда климаттық тәуекелдерді басқару» БҰҰЖЖ жобасының үйлестірушісі Жанар Есенованың пайымдауынша Қазақстан климаты және табиғи жағдайы әр алуан мемлекет және ауыл шаруашылығы, энергетика, су ресурстары сияқты экономиканың маңызды салалары метрологиялық болжамдардың сапасына және уақтылығына тікелей тәуелді. Мониторинг және климаттың өзгерістерін моделдеу бойынша жаңа құрал жабдықтар дауыл, сел ағыны, лай көшкіні, су тасқыны сияқты қауіпті табиғат құбылыстары егжей-тегжей болжауға мүмкіндік береді. Бұл кешенді түрде потенциалды экономикалық зардаптарды және болуы мүмкін адам шығындарын төмендетуге себебші болады.
Қазгидрометтің техникасы шын мәнінде озық техника болып табылады. Көппроцессорлы серверле, есептеу кластріне жоғары жылдамдықты компьютрлер желісіне біріктірілген мәліметтер базасын сақтауға арналған қондырғылар.
Құрал-жабдықтар «Қазақстанда климаттық тәуекелдерді басқару» БҰҰЖЖ жобасының аясында, климаттың өзгеруі бойына мәліметтерді өңдейтін және болжамдар жасайтын Қазақстанның метоқызметтерінің техникалық потенциялын жоғарлату мақсатында жеткізілген.
Климаттық тәуекелдерді басқаруды интеграциялау үшін ГИС құралдардың көмегімен климаттық өзгерістерді мониторингтеу және картасы, климаттық өзгерістерді болжау және моделдеу жасалады, нәтижесінде тұрақты түрде жаңартылып тұратын еліміздің климаттық профильін алуға болады.
«Қазақстанда климаттық тәуекелдерді басқару» БҰҰЖЖ жобасының үйлестірушісі Жанар Есенова «Қазгидромет» РМК 2030, 2050, 2085 жылдарға арналған климаттың өзгеруінің болжамдық сценарилерінің жасалғанын айта келе ГИС құралдардың қолданудың олардың дәлділігінің арта түсетінін атап өтті. Едәуір өзгерістердің болатыны айдан анық. Мынадай мақал бар, кімде климаттық модел болса,сол музыкаға тапсырыс береді. Болашақта мемлекеттің қуаттылығы оның жеке климаттық моделінің болуымен бағаланатын болады. Бұл мемлекеттің ұзақ мерзімді дұрыс шешім қабылдау мүмкіндігін көрсетеді.
http://www.cawater-info.net/ca/index.php?option=com_content&view=article&id=735:2011-12-12-09-43-14&catid=31:news-kazakhstan&Itemid=27