+1 дауыс
587 көрілді
2011-жыл Қазақстанға ең бастысы қандай өзгеріс (жаңалық) алып келді?
2012 -жылы Қазақстанға қандай өзгеріс (жаңалық) алып келеді деп ойлайсыңдар? не болмақ?
бір жылдық болжамдарыңызды жазып кетсеңіздер (уақытша Ванга айналайық)?

2 жауап

+2 дауыс
жемқорлық азаяды деген үміттемін......................
+1 дауыс
2012 жылы Қазақстанда болатын басты өзгерістер:

1. 2012 -де Білім сапасы 30% - ға артпақ;
2. 2012 - де Қылмыс 19% - ға азаймақ;
3. Мемлекеттік бюджеттен ауыл -аймақтың жолын жөндеуге "артығымен"  қаражат бөлінбек;
4. 2012 - де билік басында үлкен өзгеріс орын алмақ;
5. 2012-де Қазақстанның автохтонды халқы  көбеймек;
6. Қазақ тілін өркендету мақсатында бағдарламалардың тең жартысы жүзеге асырылмақ;
7. 2012  еліміздегі әр азамат пет азаматшаға Бақыт сыйламақ;
8. 2012 жылы Қазақстанмен Достық келісім шартқа кем дегенде 3 мемлекет отырмақ;
9. 2012 жылы Қазақстанда Жастар саясатының шешілмей жатқан ауқымды шаралары жүзеге аспақ,шешілмек;
10. 2012 жылы GTA 4 ойыны Қазақстан картасымен қазақ тілінде  барлық жаңа функцияларды қамтитын версиясы шықпақ;
11. 2012 жылы Қазақстан командасы Лондоннан Жеңіспен оралмақ;
12. Осы сайттың қолданушыларының саны 500-ге артпақ;
13. 2012 жылы Тескам айтқандай Жемқорлық азаймақ, Жемқорлардың жолы бөгелмек;
14. 2012 жылы шоу- бизімізде нағыз Алла берген өнермен таланттар көбеймек;
15. 2012 жылы Осы айтылған ізгі тілектер іске аспақ деген ойдамын. Әрине, Ванга апамыздың жолын баспақ мен емес, алайда шын көңілмен жақсыға жору жақсыны әкелмек деген ниетпен ойыммен бөліскенім. Рахмет.
...