0 дауыс
691 көрілді
Срочно... Көшбасшылық (реферат) қажет.
Көшбасшылық процесіндегі шешім қабылдаудағы және жүзеге асырудағы субъектілік

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Басқару шешімі – бұл жұмыстардың орындалу бағдарламаларын анықтайтын, басқарылу объектасына қойылған нақты міндеттерге жету жағдайын, әдіс, тәсіл, амалдарын белгілейтін басқару субъектасының ықпалы.

Басқаруда, сондай-ақ ададмдардың басқа да іс-әрекет салаларында өнерді, тәжірибені, теориялық білімді практикалық мақсатта қолдана білу істің ажырамас бөлігі болып саналады. Әсіресе, басқару шешімдерін қабылдағанда және жүзеге асырғанда бұл айқын көрінеді.

Мәселелерді шешу қабілетi кітапхана менеджерлеріне қажет маңызды әдет, сондықтан оған жиі өзгеріп отыратын ортаға ыңтайлануға тура келеді. Сондықтан оның ерекшелігінің бipi — шығармашылық қабілеті. Ол өзгерісті қажет еткен дәстүрді бұзуға, жаңашыл шешімдердің ұнататуын, тәукелге баратын болу керек. Сонымен қатар ол басқа адамдардың шығармашылық әлеуметтін бағалай біледі, адамдардың шығармашылық жаңа идеяларын қолдау қабілеті бар.

Шешім қабылдау процесінің интуитивтік, пайымдауға негізделген немесе тиімді сипаты болады.

Интуитивтік шешім – бұл бір  нәрсенің дұрыстығын сезуге негізділген таңдау. Мұндайда шешім қабылдайтын адамдар әрбір балама варианттарға «келісу» және «қарсы болу» жағын қарастырып жатпайды. Мұны адамның өз таңдауы біледі.

Пайымдауға негізделген шешім – бұл білімге немесе жинақталған  тәжірибеге негізделген таңдау. Бұрыңғы ұқсас жағдайларда не болғанын біліп, нақты  жағдайда балама варианттардың нәтижесін болжалдау үшін білімін пайдаланады. Сөйтіп, ол бұрынғы жеткен табысы бойынша балама варианттарды таңдайды.

Пайымдау негізінде шешімді тікелей басшының өзі қабылдайтындықтан, оны қабылдаудың біршама артықшылықтары бар.

Шешімді жасау процесі үш негізгі кезеңнен тұрады: шешімді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру. Төменде басқару шешімін жасау, қабылдау және орындау кезеңдерінің үлгі схемасы келтірілген:

Схема 2

Шешім қабылдаудың қажеттілігін анықтауПроблемалар мәселесін қоюЖинақталған мәліметтерді талдауШешім мәселелерінің негізделуін бағалауМәселе бойынша шешімді таңдау және қабылдауШешімнің орындалуын ұйымдастыруОрындалу барысын бақылау және нәтижені бағалау

Шешімді  жасаудың және қабылдаудың принципі осы схемасы, шешімді қабылдаудың «Технологиялық» процесінің енгізілу-енгізілмеуіне қарамастан, оның барлық кезендері мен линиясы шешім түріне байланысты. Қарапайым   міндеттерді шешкен кезде аталған кезендердің барлығын пайдалану міндетті емес, және де керісінше, біршама күрделі міндеттерді, әсіресе перспективалық мәселелерді шешкен кезде шешім қабылдауға, әдетте барлық кезеңдер енгізіледі.

Келтірілген кезендердің көрсеткеніндей, басқару шешімін жасаудың және қабылдаудың қатаң логикалық құрылымы болады, әрі қабылданатын шешімге қарай айқын бірізділікті қажет етеді. Алайда, кез келген жағдайда, бұл жұмыстың барлық сатысы әзірлік, негізгі және қорытындысы кезендерге бөлінеді.

Шешімді қабылдаудың әзірлік кезеңінде кез келген деңгейдегі басшы өндірістік, экономикалық, әлеуметтік жағдайларды бағалаудан бастауы тиіс. «Жағдай» ұғымына шешім қабылдауға тура келетін, әрі басқару жүйесіне ықпал етіп, оноы жаңа жағдайға ауыстыратын ішкі және сыртқы жағдайлардың барлық жиынтығы енеді.

Жағдайдың өзі тұтастай ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын немесе оның жекелеген өндірістік бөлімшелерін,  жұмыскерлер тобын, жекелеген орындаушыларды қамтуы мүмкін. Жағдайдың қалыптасу сипатына қарай қабылданатын басқару шешімінің де өзіндік типі болады. Жағдайды дер кезінде бағалау және дұрыс түсіну көбінесе басқару шешімін қабылдау уақытына байланысты.

Басшы қалыптасқан жағдайды жете ұға білуі тиіс. Жағдайды бағалау процесінде қабылданатын шешімнің мақсаты қалыптасады – бұл міндетті шешу  процеснің бірінші кезеңі. Мақсат дегеніміздің өзі басқаратын объектіге қолайлы, әрі қажетті ықпал ету болып саналады, соның нәтижесінде қалыптасқан жағдай тиімді шешілетін болады.

Проблема мен мақсат дұрыс тұжырымдалмаған жағдайда міндеттін шешілуі 50 пайызға қамтамасыз етіледі деп есептеуге болады. Басшының міндеті — өндірістік-техникалық, экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік сипатта басқару жүйесінде пайда болуы мүмкін проблемаларды дер кезінде айқындау.

Басшы кез келген проблеманы ең алдымен ұйымдық, басшылық тұрғысында қарастырады. Басшының  басқару объектісі проблемаларын шешудегі ерекше көзқарасының өзі, сіне осында. Проблеманы тұжырымдау көп жағдайда басшының біліміне, тәжірибесіне, іскерлігіне, осы жұмысқа мамандарды, шаруашылық белсенділерін жұмылдыра білуіне байланысты.

Нақты мәселені, міндеттің не себепті қойылғандығын қарастырған кезде басшы жағдайды – оның пайда болу себептерін, орындауды неғұрлым тиімді  ұйымдастыру мүмкіндіктерін т.б. айқындайды.

Шешімді ойдағыдай орындау үшін мақсаттың дәл, әрі айқын болуының айрықша маңызы  бар. Кейде біртұтас мақсатты айқындау оңайға түспейді, өйткені өндірісте күн сайын көптеген міндеттер туындап  жатады. Сондықтан басты буын принципі бойынша міндетті негізгі мақсатқа бағындыру қажет. Мұндайда орындауға тиісті мақсаттың да, қорғалатын мақсаттың да болатындығын ескеру қажет. Мақсаттар қарама-қайшы болуы да мүмкін. Мұндай жағдайда да басты буын принципін ескерген жөн. Мақсаттар туралы өткен тарауларда толық баяндалды.

Айналада көптеген қызықтыратын ойлар мен жобалар тұр. Дәл сіздің жобаңыз қаржылаңдыруға табысқа жетстіндей не істеу керек? Өзінің жобалары қызықты да тиімді жетістіктерге жеткен адаммен де сіз бұл уакытка дейін таныс болған шығарсыз. Ол адамның мұндай істерге қалай қолы жетті екен?

Біріншіден барлық қаржыландыру көздерінің мүмкіндіктерін толық меңгеріп алу керек. Бұл әртүрлі қорлар, күрделі корпорациялар, мемлекеттік ұйымдар және оқу орындары да болуы мүмкін. Егер өткен уақыттарда сіз айырбас бағдарламаларына атыссаныз немесе белгілі бір ұйымнан сыйлық алсаңыз ол қорлармен байланысты еш үзбей қарым- қатынаста болып отыру керек. Өйткені, олар болашақта қаржыландыру көздерін іздеуге, табуға көп көмектерін тигізеді.

Осындай зерттеулерден кейін, сіз өз жобаңызды жасауға кірісесіз. Жоба жазбаша — хат түрде жіберілуі керек. Егер сіз ұсыныс жасағалы отырған қордың жобаны толтыру жүйесі басқаша болса, онда ол ережелерді де менгере отырып толтыру керек.

Қаржылай ақша көмегін алу да оңай емес. Бірақ ізденістің арқасында біз көптеген қорлармен, олардың бұған дейін қандай ұйымдарды қаржыландырғаны жайлы көптеген мәліметтерді аламыз. Ал донор- ұйымдардың өздері бір — бірімен өзара сұхбаттасып, қандай мекеме қандай қызықтыратыи жобаларымен жетістіктерге жеткендігі жайлы хабардар болады.

Фандрейзинг жұмысындағы ең маңызды тұлға ол — кітапхананың немесе жеке бір бөлімнің басқарушысы. Оның басқаруында да екі күрделі мәселе тұр:

— кітапхананың ішінара болып жатқан процесстерін кадағалау;

— кітапхананың сыртқы тыныс-тіршілігін  қадағалау және іске асыру;

Кітапханалық фандрейзингтің мынадай кезеңдерін қарастырсақ болады: идентификация (теңесу, ұқсастыру), стратегия, іздену, даму, ризашылық білдіру.

Идентификация — көмек берудің түрлерін, өз бюджет қорын қалай толықтыру керек екендігін, кітапханаға кім көмектесе алатының анықтайды.

Стратегия — кітапхананы жарнама арқылы көмек беруші көпшілікке танымал ету. Оның имиджін көркейту үшін көбінесе — кештер, қоғаммен байланысындағы істері жайлы жарнамалар жүргізіліп отыруы керек.

Бұл процесс әдетінше ұзағырақ болады. Жарнама үшін Интернеттен парақтары ашылу керек. Бұқаралық ақпараттық құралдарымен қарым- қатынасты үзбей отыру керек. Өйткені, оған қызмет көрсете отырып өздернің талқыланып жатқан мәселелерімен пікір таласып, сол туралы мақаланың жариялауына ықпал стеді. Ол үшін ең алдымен радио, телекомпанияларды, мәдениет, әдебиет айдарларында жұмыс істейтін нақты журналистерді талдау керек. Іздену — тікелей көмек сұрау және оны алу. Алдымен донордың «қалтасының» жуан — жұқалығын жетік біліп алу керек, өйткені бұл- фандрейзингтің ең шешуші факторы.

Даму — донорлар дайындау және олармен жұмыс істеу. Мұнда донорлармен тікелей жұмыс істейтін кітапханашылардың аса дайындығы керек. Осы тақырыпта оларға тренингтер, видеосабақтар көп жүргізіп отыру керек.

Үлкен қорлармен жұмыс жасау оңайға түспейді. Жасалынып жатқан жобаларға көп көлемді қаржы сұрау да оңай емес. Бұл жерде басты рольде кітапхана директоры мен бөлім меңгерушілері тұрады. Олар энтузиазм, нақтылық, икемділік қасиеттерін жақсы иемденсе тіпті керемет. Кіммен қарым — қатынаста болу керек екендігін біліп алғаннан кейін, донорлармен жұмыс басталады. Мұнда өтінудің бірнеше түрлерін қолдануға болады: жеке кездесу, почта, телефон, Е-mail арқылы хабарласу. Ең бірінші кездесудегі басты қателік — бірден ақша сұрау. Донорлар ақша бермейді емес береді, бірақ ол кімге, не үшін? Танысып, кітапхана жайлы көбірек айтып, донордың жеке өз басындағы қызығушылықтарын ескергеннің өзінде бірнеше кездесулер белгілеу керек. Содан соң өтішшіңізді айтып, ақшалай көмек беруін сұрасаңыз болады.

Ризашылық білдіру — демеушілік көрсеткен қорға алғыс білдіру. Әр адам өзінің істеген еңбегі үшін оған алғысын білдіргенін қалайды, фандрейзингті де бұл кезеңсіз өткізсек онда болашақтағы жоспарлардың өшкені. Барлық демеуші қорлар өздері берген сыйлықтарын, техника немесе әдебиеттердің халықтың игілігіне қолданылатын жатқандығының нәтижесін көргісі келеді. Үлкен қаржы аударған адамдарға, қорларға алғыс — хаттар міндетті түрде жазылуы тиіс.

Толығырақ: https://kazaksha.info/menedzhment/%D1%88%D0%B5%D1%88%D1%96%D0%BC%D0%B4%D0%B5%D1%80%D0%B4%D1%96-%D1%88%D1%8B%D2%93%D0%B0%D1%80%D1%83-%D0%B6%D3%99%D0%BD%D0%B5-%D2%9B%D0%B0%D0%B1%D1%8B%D0%BB%D0%B4%D0%B0%D1%83-%D0%B6%D0%B0%D2%A3%D0%B0/

...