0 дауыс
867 көрілді
Мезолит дәуірінің өзгерісі
Тарих Ұбт

2 жауап

0 дауыс

Мезолиттің хронологиялық шеңбері біздің заманымыздан бұрынғы он екі мен бесінші мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Жалпы Қазақстан жерінде мезолит ескерткіштері аз табылған. Бірақ мезолит заманының тұрақтарының аз кездесуі сол дәуірде Қазақстан жерін мекендеген адамдардың аздығын білдірмейді. Бұл кезеңде адамдардың өмір салты өзгерді. Аңшылық осы кездегі адамдардың негізгі кәсібінің біріне айналды.

Палеолиттен мезолитке өту кезеңінде жер бетінде үлкен табиғи өзгерістер орын алды. Осыдан 13 мың жыл бұрын жер бетінде күрт жылыну басталады. Мезолит дәуірінде ауа-райы өзгеріп, мұздықтар еріп, күн жылынды. Баяу қозғалатын мамонт, мүйізтұмсық сияқты табын-табын болып жүртін, ірі аңдар жойылып, жылдам жүгіретін, ұсақ аңдар пайда болды, адам саны да көбейді. Жер бетін басып қалған мұз еріп, қазіргіге ұқсас өсімдіктер мен жануарлар түрі қалыптаса бастады.

Палеолитте адамдар бір орында ұзақ тұрса, мезолитте олар мекен еткен жерлерін үнемі ауыстырып отырды. Мезолит заманының адамдары бір жерде ұзақ тұрақтап мекендемеді. Адамдар бір тұрақта тек бір немесе екі маусым тұрақтайтын. Бұрын табынымен жүретін аңдарды ұраға жығып, қаумалап ұстау әлдеқайда жеңіл еді. Енді некен-саяқ, жеке жүретін бұғы, қабан сияқты аңдарды қуып аулау қажет болды. Олар аң аулауға қолайлы алаптарды іздестіріп, аңдардың соңынан еріп, жиі қоныс аударып отырды.

Сонымен қатар біздің заманымыздан бұрынғы сегізінші мыңжылдықта климаттың бірден жылуы басталды, ұзақ уақытқа тұрақтау үшін жылы үйлер салудың қажеті болмай қалды.

Аң аулаудан кейін мал өсіру қалыптаса бастады. Ежелгі аңшылар жас төлдерді өлтірмей, оларға сырғауылдардан мықты қоршау орнатып, қорада өсіре бастаған. Осылайша қой, ешкі, сиыр, шошқа қолға үйретілді. Алғаш қолға үйретілген жануар – ит.

Сөйтіп мезолит дәуірінде мал шаруашылығы пайда бола бастады. Терімшілікпен шұғылданып жүрген әйелдер жұмсақ топыраққа түскен дән қалдықтарының уақыт өте келе өсіп-өнетінін байқады. Осыдан кейін олар қопсытылған жерге дән қалдықтарын сеуіп кететін болды. Осылайша егіншіліктің алғашқы белгілері біліне бастады.

Мезолит заманында рулық қауым күшейді. Ерлер мен әйелдердің арасында еңбек бөлінісі қалыптасты. Ер адамдар аң аулаумен, ал әйелдер терімшілікпен айналысты.

Балалар тобынан ересектер тобына өту бағыштау (инициация) ғұрпы арқылы жүзеге асырылып отырды.

Мезолит заманының үлкен жаңалығы микролиттер болды, яғни ұзындығы 1-2 сантиметр ұсақ жаңқа тастардан жасалатын құралдар пайда болды. Микролит деген сөздің мағынасы ұсақ тас дегенді білдіреді. Адамдар сүйектен, мүйізден құралдар жасауды үйренді. Сүйек пен мүйізден садақ жебелері, балық аулайтын түрлі шанышқылар, қармақ ұштары, біз, тебен инелер жасалды.

Мезолит заманының тағы бір басты жаңалығы садақ пен жебенің жасалуы болды. Садақ аңды алыстан атуға мүмкіндік берді. Бұрын пайдаланған найзаларға қарағанда садақ аңшылықтың рөлін арттырды. Мезолиттік аңшылар Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Жайық өзендерінің жағалауларын мекендеді. Олар баспананы жеңіл қос сияқты ағаштан айқастырып құрып, оның үстін аң терісімен жапты. Осындай қабырғалары терең көмілген, көлемі 40-60 шаршы метр болатын баспана Есіл өзенінің аңғарынан табылған.

Қазақстан аумағындағы мезолит дәуіріндегі алғашқы тұрақты 1948-інші жылы археолог Александр Формозов ашты. Кейінірек 1970-1980-інші жылдары ғалымдар Виктор Зайберт, Виктор Логвин, Гиндиндер археологиялық зерттеулер жүргізді.

Бүгінгі күнге дейін мезолит дәуірінің жиырма ескерткіші табылған. Бұл дәуірдің тағы бір жаңалығы адамдар осы кезден бастап балықты тамақ ретінде жиі дайындай бастады.

Мезолит кезеңі адамзаттың жаңа жерлерді игеруімен ерекшеленді. Бұл кезде адамдар Еуразияның қиыр шығысы мен Америка құрлығын игере бастады.

Тезистер

  • Мезолиттің хронологиялық шеңбері б.з.б. 12-5 мыңыншы жылдықтар аралығын қамтиды.
  • Осыдан 13 мың жыл бұрын жер бетінде күрт жылыну басталады. Мезолит дәуірінде ауа-райы өзгеріп, мұздықтар еріп, күн жылынды.
  • Жер бетін басып қалған мұз еріп, қазіргіге ұқсас өсімдіктер мен жануарлар түрі қалыптаса бастады. 
  • Мезолит заманының адамдары бір жерде ұзақ тұрақтап мекендемеді. Адамдар бір тұрақта тек бір немесе екі маусым тұрақтады. 
  • Мезолит дәуірінде мал шаруашылығы қалыптаса бастады.
  • Мезолит дәуірінде адамдардың негізгі кәсібі аңшылық және терімшілік болды.
  • Мезолит заманының адамдары бір жерде ұзақ тұрақтап мекендемеді. Үнемі жайылымын ауыстырып, өрістеп отырған аңдардың соңынан ілесіп көшіп жүрді. 
  • Б.з.б. сегізінші мыңжылдықта климаттың бірден жылуы басталды, енді ұзақ уақытқа тұрақтау үшін жылы үйлер салудың қажеті болмай қалды. 
  • Мал өсіру қалыптаса бастады, қой, ешкі, сиыр, шошқа қолға үйретілді.
  • Алғаш қолға үйретілген жануар – ит.
  • Егіншіліктің алғашқы белгілері біліне бастады.
  • Ерлер мен әйелдердің арасында еңбек бөлінісі қалыптасты.
  • Мезолит заманның тағы бір басты жаңалығы садақ пен жебенің жасалуы болды.
  • Мезолит заманының үлкен жаңалығы микролиттер болды, яғни ұзындығы 1-2 сантиметр ұсақ жаңқа тастардан жасалатын құралдар пайда болды. 
  • Микролит деген сөздің мағынасы ұсақ тас дегенді білдіреді. 
  • Бұл дәуірдің тағы бір жаңалығы адамдар осы кезден бастап балықты тамақ ретінде жиі дайындай бастады.
  • Қазақстан аумағынан табылған жиырмадан астам мезолиттік тұрақ белгілі.
  • Қазақстан аумағындағы мезолит дәуіріндегі алғашқы тұрақты 1948 жылы археолог А.А. Формозов ашты. Кейінірек 1970-1980 жж. ғалымдар В.Ф. Зайберт,   В.Н. Логвин, А.Ю. Гиндиндер археологиялық зертеулер жүргізді.
  • Балалар тобынан ересектер тобына өту – бағыштау (инициация) ғұрпы арқылы жүзеге асырылып отырды. 
  • Мезолиттік аңшылар Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Жайық өзендерінің жағалауларын мекендеді. 
  • Рулық қауым: қариялар, ересектер және балалар болып үш топқа бөлінді. 
  • Қабырғалары терең көмілген, көлемі 40-60 шаршы метр болатын баспана Есіл өзенінің аңғарынан табылды. 
  • Мезолит кезеңі адамзаттың көптеген жаңа жерлерді игеруімен ерекшеленді. Бұл кезде адамдар Еуразияның қиыр шығысындағы Америка құрлығын игере бастады. 
Толығырақ: https://itest.kz/kz/attestation/qazaqstan-tarihy-4148/i-tarau-alhashqy-qauymdyq-adamdar-omiri/lecture/mezolit-adamdarynyng-omirindegi-ozgerister
0 дауыс
https://obrazovaka.ru/istoriya/mezolit-epoha.html
...