0 дауыс
22.4k көрілді
«Ұлттық индустрияны өркендетуге қандай үлес қосамын» эссе.

1 жауап

0 дауыс
Менің отаным – Қазақстан. Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз өмір сүре алмайды. Тұңғыш президентіміз ел жастарымен болған кезекті бір кездесуінде «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады.» - деп жастарға зор үміт артады. Біздің алаңсыз бақытты күн кешуіміз үшін талай жазықсыз қан мен тер төгілген. Сол себепті, ата-бабамыз сыйлаған осынау ұлан-ғайыр мемлекетті әрі қарай көркейтіп, гүлдендіру бәрімізге ортақ борыш.

21 ғасыр білім мен бәсекелестік заманы. Әр мемлекет жеке қоғам құрып, тіршілік үшін толассыз күрес жүргізуде. Әр елдің даму қарқыны оның индустриясының даму дәрежесіне байланысты. Сондықтан экономикасы озық елдерді индустриясы дамыған елдер қатарына жатқызады. Қазақстан тәуелсіздік алған күндерден бастап үдемелі индустрияландыруға бағыт алды. Осы уақыт аралығында елімізде мыңнан астам жаңа жоғары технологиялық өндірістер ашылды, олар елімізде бұған дейін шығарылмаған жаңа өнімдердің түрлерінің өндірілуіне және жүз мыңдаған жұмыс орындарының ашылуына себеп болды. Соның арқасында еліміз экономикалық артта қалу аймағынан шығып, әлемнің 50 бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына қосылды.

«Теңіз тамшыдан құралады» - демекші елдің дамуы үшін әр азаматтың қосар үлесі зор. Өз тарапымнан мемлекетіміздің киім өнеркәсібінің дамуына үлес қосқым келеді. Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты - тұрғындардың әдемі, ең бастысы тиімді - жоғары сапалы киіммен қамтамасыз ету. Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базалары тар: мақта, жүн, табиғи былғары. Дегенмен, ол экономикадағы "шешімін таппаған" сала болып есептеледі. Жеңіл өнеркәсіп - материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін , экологиялық жағынан таза және көбінесе әйелдер қызметінің саласы. Өнеркәсіптің өнімі және өңделген шикізатты тасымалдауға қолайлы, әрі ұзақ сақталады. Киім үлгісінің дизайнері – жеңіл өнеркәсіп саласының бір түрі. Тігін өнімдерін құру және проект жасау негізгі міндеті. Дизайнер мамандығының кәсіптік саласына – киімнің коллекциясы, техникалық документация құру жатады.

Бүгіннің өзінде Қазақстанда жасалған деген брендтік бұйымдар өзіміздің ішкі нарықтарды бірітіндеп жаулай бастады. Жастар арасында да отандық киім үлгілері жақсы сұраныста. Халық жергілікті өнімдерге әрдайым қолдау көрсетіп отырады. Басты себеп, мемлекетіміздің дәрежесі артуы үшін тұтынылатын өнімдерді өзіміз қамтамасыз етуіміз міндет. Қазақстанда қазіргі таңда «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 арналған бағдарламасы» және «Бизнестің жол картасы – 2020» - мемлекеттік бағдарламалары сәтті түрде жүзеге асырылуда. Билік тарапынан жеке кәсіппен айналысам деушілерге көмек көрсетіледі. Бұл мәселе еліміздің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлігі ретінде барлық мемлекеттік мәселелерде, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің жыл сайынғы жолдауларында да айтылып жүр.

Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынов «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай, һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» - деп дәл айтқан. Әрқайсысымыз қолдан келгенше отанымызды өркендетуге күш жұмсайық.
...