0 дауыс
5.8k көрілді
Түсте өлген адам сені өзіне шақырса не болады?

3 жауап

0 дауыс

Өлген адам түсінде болса. Түсте өлген адам келсе

Түсінде өлген адам көру нені білдіреді? Кейде біз өлген адамдарды түсімізде көріп жатамыз. Содан кейін олар бізге не айтпақшы, не туралы хабарламақшы деп ойланамыз.

Классикалық түс жору. Өлген адам.

Түсінде қайтыс болған туысқанын көрген адам өмір сүру салты мен қағидаларын қарастыру керек. Қателік жасамау үшін, ағат қадам баспау үшін өміріңізді өзгертуіңіз керек болар. Өзіңізді шыңдап, жұмыс істеңіз.

загрузка...

Өлі туыстарыңыз түсіңізге тіріліп келіп, сізбен сөйлесе бастаса, – қашпаңыз. Олардың айтқан сөзіне құлақ асыңыз. Сіздің санаңыз жаныңызға қымбат адамдардың бейнесі арқылы тығырықтан шығар жолды ұсынып тұр. Бәлкім, қайтыс болған туысыңызды көп ойланып, есіңізге алған боларсыз? Бұл да ол адамды түсіңізде көруіңізге түрткі болған шығар.

кайтыс болған өлген адам түсінде түс жору

Өлі адамдарды түсінде көру – күтпеген жаңалыққа, туысқандарыңызды көру – қуанышқа, достарыңызды көру – маңызды жаңалықтарға. Қайтыс болған алыс туысқанын көрген кәсіпкер сақ болуы керек, оны қапалы жаңалықтар күтіп тұр. Тірі танысыңызды өлі адам ретінде түсініңізде көрсеңіз, ол адам өмірде сізге талай машақат әкеледі. Өлі адамды көру – ауа-райының күрт өзгеруіне.

Түске кірген адам бұрын қайтыс болса, отбасын үлкен жаңалық күтіп тұр. Өлген адамдардың кеңесіне құлақ асу керек екендігі ғылыми тұрғыда дәлелденіп қойған. Себебі, ұйқыдағы демалыс уақытында адамның санасы қиындықтарды шешетін тиімді жолдарды дұрыс табады. Қайтыс болған досыңыз сізге айналадағылармен сөз тап, келісімге кел деп хабар береді. Сондықтан, қапалы досыңызды көрсеңіз, жаныңыздағылардың көңілін табуды үйреніңіз. Өлі адам басқа адамның өлімі туралы хабарласа, ол адамды өмірде қиындықтар күтіп тұр. Қайтыс болған досыңыз немесе құрбыңыз қандай да бір бұйымтай айтса, оны міндетті түрде орындау керек. Өлі достарының шағымын есту – нашар жаңалықтарға.

Егер, түсіңізде сіздің құрбыңыз өлім алдында жатса, онда жақын арада екеуіңіз ұрысып қаласыздар. Егер,оны ажал құшса, онда жұмыстағы кикілжіннен арыласыз, алайда, құрбыңыз сізді де артынан шақырса, онда отбасыңызбен күтпеген әңгіме құрасыз. Өлген ағаңызды көрсеңіз, достарыңыздың бірі сіздің көмегіңізге мұқтаж болады. Бәлкім, қарызға ақша алар. Егер, ағаңызбен ара-қатынасыңыз жақсы болса, онда қарызға ақша беруге болады. Қайтыс болған аға-қарындастарыңызды тірі қылып көрсеңіз, онда ақшаңыз пайда болады. Қабірде жатқан адамды көру – ауа-райының өзгеруі мен күтпеген сапарға. Қайтыс болған адамның қабірін жасау – мансап сатысымен жоғарылауға.

түс жору өлген адам түсінде

Мұсылмандық түсжорығыш. Өлген адам түсінде болса.

Қайтыс болған адамның тыныш жатып-ұйықтауы – ана өмірде бейберекет өмір сүріп жатқанының белгісі. Сол адамның артынан еріп, дауысын есту – жаман белгі, өлімнің жаршысы. Егер, бір емес, бірнеше өлген адамды көрсеңіз, өмір туралы көз-қарастарыңыздың қате болуы мүмкін екенін білдіреді.

Өлген адам – ауа-райының кенет өзгеруінің белгісі.

Психологиялық түс жору. Өлген адама түсінде келсе.

Психологтардың пайымдауынша, бұндай түстерді шын деп қабылдаудың қажеті жоқ. Әдетте, өлген адамды көру – оған деген сағыныш белгісі. Өлген немесе қасақана өлтірілген адамдарды түсінде көрген адам өмірде үнемі күйзеліс сезініп жүреді.

Нострадамус түс жоруы. Өлген адам туралы

Егер, қайтыс болған адамды көріп, одан қашып кетпесеңіз, өмірдегі қорқыныштарыңызды қолда ұстап, онымен күресуді үйренгенсіз. Өлі адамды көру, дауысын есту, артынан еру – ауруға. Өлі жан сізбен уайымдарымен бөліссе, шіркеу мен мешітке асығыңыз. Ал қайтыс болған адамды жалаңаш қалпында көрсеңіз, керісінше, бұл – жақсы белгі. Яғни, ол адамның жаны тыныштық тапты.

өлген адам түс жору түсінде

Балалық түс жору.

Өлген адамдар неге тіріліп түске кіреді? Өлген адамнан сыйлық алу- жақсы белгі, бақыттың баламасы.

Ағылшын түс жоруы.

Қайтыс болған туыстарыңыз бен достарыңыз түсіңізге кірсе, олардың көңіл-күйіне назар аударыңыз. Егер, олар қапалы болса, қаралы хабарлар күтіңіз. Керісінше, көңіл-күйлері жақсы болса, көптеген қиындықтарыңыз жақсы шешіледі. Адамның ауыр дерттен қаза тапқанын көрсеңіз, онда ауа-райы құртылады.

Символдық түс жору. Өлі жанды көру нені білдіреді? Егер, ол сізді артынан шақырса немесе өзінің затын сыйласа, – жақын арада күтпеген жерден ауыр дертке шалдығасыз. Бұл түстің басқа да баламасы бар. Түс көруші адам қайтыс болған жанды қия алмай, онымен кездесуге үміттеніп жүр. Бұндай түстерден кейін шіркеу мен мешітке барып, дұға оқып, имаммен кездесу керек.

Егер өзіңіздің қайтыс болғаныңызды көрсеңіз, өміріңіздегі ауыр кезең өтіп, ойластырған жобаңыз сәтті аяқталады. О дүниеге аттанған ата-анаңызды көру – сіз қамқорлыққа зәрусіз. Қайтыс болған ата-әжеңізді көрсеңіз, онда өміріңізде сыни кезең басталды. Олардың кеңестеріне көңіл аударып, аса мұқият болуыңыз керек.

Қытай түс жору. Өлген адам түсінде болса

Егер өлген адам сізден тамақ сұрап, сіз оны тамақтандырсаңыз – бұл жақсы белгі. Осы түсті көрген адам сәттілікке жолығады.

Ортағасырлық түс жоруы. Өзіңіздің өлгеніңізді көру – туыстарыңыздың табалауына ұрынасыз. Қайтыс болғандармен әңгімелессеңіз, сәттілікке кезігесіз. Өлі жанның алдыңызда кетіп бара жатқанын көру – оны жақын арада ұмытатыныңыздың белгісі. Оған бірнәрсе ұсынау жамандыққа болса, гүл мен жануар сылау, керісінше, жақсы белгі. Үйіңізге өлген адамды шақыру – қаржылай табысқа. Қайтыс болған адамды түсінде көргеннен кейін түс көруші өз денсаулығына назар аудару керек.

Толығырақ: https://www.tuszhoru.kz/

0 дауыс
Құран дәметіп жүр, құран көп арнап оқу керек о дүниелік болған адамға!
0 дауыс
өлі разы болмай, тірі байымас дейді. Жақсылап құран бағыштап жіберіңіз.
...