0 дауыс
1.2k көрілді
Еңбек демалысына 1шілденен бастап шықтым. Жұмысқа 27 тамызда қосылуым қажет еді. Ауданымызда жаңа мектеп ашылуына байланысты мені сол жаңа мектепке ауыстырмақшы. Жаңа мектеп директоры мені демалыс уақыты кезінде жұмысқа шығуыма міндеттеп отыр. Осынысы қаншалықты дұрыс немесе бұрыс. Мен қарсы болуыма бола ма? Еңбек демалыс уақытыма байланысты жол жүруге билет алып қойғанмын, директор жұмыс жасағыңыз келсе жұмысқа шықпасаң болмайды деп отыр.

2 жауап

0 дауыс

Негізінен, Заң бойынша жұмысқа шықпауға болады.... 

ҚР Еңбек Кодексінің  95 бабы 1-тармағы бойынша:
Жұмыс беруші өндірістік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана үзуі мүмкін.

0 дауыс
ҚР мемлекеттік қызметі туралы заң 54 бап "Мемлекеттiк қызметшiлердiң демалысы" 4 тармақ

Мемлекеттiк орган басшысының не жауапты хатшының, аппарат басшысының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамның шешiмi бойынша мемлекеттiк қызметшiлер өздерінің келісімімен жыл сайынғы немесе қосымша демалыстан шақыртылуы мүмкiн. Пайдаланылмаған демалыстың қалған бөлігі мемлекеттік қызметшілерге тиісті жылдың кез келген басқа уақытында беріледі не келесі жылғы демалысына қосылады.
...