+2 дауыс
7.2k көрілді
6 ай жұмыс жасап еңбек демалысына шығуға бола ма?

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Кодекстің 104-бабына сәйкес, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретін жұмыс стажына:

1) нақты жұмыс істелген уақыт;

2) қызметкер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт;

3) қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығына, оның ішінде жүктілігіне және босануына орай демалыста болған уақытына байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт;

4) қызметкер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс істемеген уақыт қосылады.

Кодекстің 106-бабына (Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру кезеңін айқындау) сәйкес, жұмыс жылы қызметкердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген он екі айды құрайды.          

Демек, толық көлемдегі кезекті еңбек демалысы әр 12 ай еңбек стажы үшін берілуі  тиіс деп есептейміз.

Жұмыскер жыл сайынғы  ақылы еңбек демалыстарын  алу үшін толық  кезеңді атқармаған жағдайда,  оған демалыс оның нақты атқарған уақыты үшін беріледі.

отдел кадр, юрист, анда-санда снабжения бес аспап маманбыз ғой)))
Басты қатырма!
Қатырмасаң қатырма!
Жұмысыңды жаса!
Қатынға ұқсап салғыласпай ары ойна!
Оқ.                      .
Злой, қаншама рет өзгерді ғой заң)Еңбек кодексінде жазылған нақты ережелер.Қызметкер 1 ай жұмыс істесе де ақылы еңбек демалысың алуға құқылы.
0 дауыс

 6 ай жұмыс жасап еңбек демалысына шығуға бола ма?

Алғашқы жұмысқа тұрған жылы 12 айдан кейін ғана ала аласыз еңбек демалысын, ал кейінгі кезекті еңбек демалыстарды 6 ай дан кейін алуға болады шамасы

0 дауыс
6 ай жасап еңбек демалысын алу үшін, жарты(12) ай жұмыс жасауыңыз қажет.
0 дауыс
Бастығыңа ұнасаң 6 айда ала бересің. Орныңа біреуді қоя тұрады.
0 дауыс

Сауалға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшысы Ә.Алтынбекова жауап береді:

- Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 105-бабына сәйкес қызметкерге жұмыс iстеген бiрiншi және келесi жылдары үшiн жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы тараптардың келiсiмi бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында берiледi.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретiн жұмыс өтіліне:
1) нақты жұмыс iстелген уақыт;
2) қызметкер нақты жұмыс iстемеген, бiрақ жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе iшiнара сақталған уақыт;
3) қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығына, оның iшiнде жүктiлiгiне және босануына орай демалыста болған уақытына байланысты нақты жұмыс iстемеген уақыт;
4) қызметкер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс iстемеген уақыт қосылады.

Сонымен бірге, кодекстің 107-бабына сәйкес қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берудiң кезектiлiгi жұмыс берушi қызметкерлердiң пiкiрiн ескере отырып бекiтетiн демалыс кестесiнде белгiленедi не тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.

Демалыс кестелерi өндiрiстiк қажеттiлiкке байланысты өзгертiлген жағдайда жұмыс берушi бұл туралы қызметкерге еңбек демалысы басталардан кемiнде екi апта бұрын хабарлауға мiндеттi. Осыған орай, егер қызметкерге еңбек демалысы кесте бойынша берілсе, ол толық мөлшерде берілуі тиіс.

...