+12 дауыс
1.8k көрілді
Неге қазіргі таңда уақыт тез өтіп жатыр? Әлде маған солай көрінеді ме? Сіздер олай ойламайсыздар ма? Таң қалай атса, кеш солай батады. Бұның сыры неде? Менің өмірім тез өтіп бара жатқан сияқты... Осы жөнінде өз пікірлеріңізді жазсаңыздар. Алдын ала рахмет!

17 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Өзің айтпақшы: Егер менің өмірімде уақыт тез өтсе, бұл менің бақытты емес екенімді білдірмейді. Мен де бақыттымын!!! Міне, барлық мәселе осында деп ойлаймын. Негізі айналада бәрі кермет, қызық болғанда уақыттың қалай өткені де байқамай қаласың ғой. Кейбіреулердің мысалы ештеме қызық болмағандықтан уақыты да өтпей зерігіп кетеді, тіпті қажып кететіндер де бар. Соған қарағанда сен бақытты көрінесің. Ары қарай да осылай ойнап-күліп жүре бер әрине!Сен үшін қуаныштымын))
Жақсы жауап табылған сияқты. Көп рахмет, Арнұр! (есіміңіз әдемі екен) Өзіңіз де ойнап-күліп жүре беріңіз!:)
Оқасы жоқ. Саған да рахмет, Мөлдір!
+9 дауыс
Өмірдің өзі қамшының сабындай дейдіго, бұлда біздің әр күнімізді босқа өткізбеуге, өмірдің өзі зуылдап өтіп жатқанын бүгін бар адам ертең жоқ екенін  уақыт мензеп тұрған болар...
Пікіріңізге рахмет, Ангелито!
+6 дауыс
иә, саган солай корінген шыгар, менин омирім бір калыпты бакыттымын десем де боладыыыыы(rofl)
Егер менің өмірімде уақыт тез өтсе, бұл менің бақытты емес екенімді білдірмейді. Мен де бақыттымын!!!
Мағанда солай көрінеді,бұрынғыдай емес.Бір күн бір сағаттай өтіп кетеді.Уақытты бос өткізіп алмасақ болғаны...
1 спам
+10 дауыс
"Егер дұрыс пайдаланар болса уақыт қашанда жеткілікті" дейді Гете. Мен өз басым күндерімді босқа өткізудемін. Өйткені мен жалқаумын...
"Ұйқтар алдында өткен күніңді өзіңнің не істеп, не тындырғаныңды ой елегінен бір өткізбей тұрып, көзіңді жұмушы болма" -депті ғой Пифагор. Сондықтан күнде маңызды істермен айналысу керек.
Гёте мен Пифагордың айтқан сөздерімен толықтай келісемін. Шынында да өмір сүріп жатқан әр минутымыздың қадірін біліп, әр секундты бағалағанымыз жөн болар!
Осы жерде есіме бірнәрсе түсті. Маңызды туралы. Ол күндік уақытыңды шелектегі орын етіп алынса, брінші маңызды ретінде шелекке дәу тастарды салу керек, сосын қалған бос орындарына одан кіші тастарды, ал қалған бос орындары өзі ақ қалмас егер құм салып жіберсең. (Кітаптан оқығаным бар еді)
сонда мағынасы не болды?
+5 дауыс
Меніңше өмірі құрығыр өтіп болмай жатырған секілді...!!!!!!!!!
+6 дауыс
ешқандай іспен айталыспай, однатонный өмірмен жүрсең тез өткен сияқты көрінеді, Ал күнде әр түрлі оқиғаларға тап болсаң уақытты управлять ете аласың. Бір данышпан айтқан екен "сағаттың өзі ұры сықырлаған, уақытты білдірместен күнде ұрлаған" . Маған да негізі қазіргі уақыт өте тез өтіп жатқан сияқты, дүйсенбі болса сенбі болады бірден, ал ортасындағы күндер қайда кететінің білмеймін де... соларды өмір сүрмейтін де сияқтымын...
пікіріңізге рахмет) сөздеріңіздің жаны бар!
+5 дауыс
адам баласы байлығынан,бақ-дәулетінен айырылғанда қатты налиды,ал асыл уақытының мән- мағынасыз өтіп жатқанын елең қылмайды.ӨМІР- МҰХИТ,УАҚЫТ- ТОЛҚЫН
Дұрыс айтасыз)
+7 дауыс
Сіз үшін ғана емес, көптеген адамдар үшін солай көрінуі мүмкін. Неге? Меніңше, сіз осы мен не істеп жүрмін деп ойласаңыз, өзіңіз бір пайдалы ешнәрсе істемегендей боласыз, осы жасқа дейін өмір сүргенде сонда мен ештеңе бітірмегенім қалай деп өзіңізді жазғырасыз, ертеңнен бастап жаңа өмір бастаймын, бәрін бітірем деп ойлйсыз...бірақ тағы солай қайталануы мүмкін. Уақыт деген секундтардан, минуттардан құралмай ма?! Ал баз біреулер үшн секунд деген түкке тұрғысыз нәрсе секілді көрінеді. Уақытмызды қадір тұтайық, кейде сол бір секундтың өзіне зар болып қалатын кездер қаншама?! Сол аздаған секунд адам өміріне араша болуы мүмкін, сол аздаған секунд сізге үлкен бақыт сыйлауы мүмкін. Ян Амос Коменскийдің мына сөздерін әркім есіне алып жүрсе құба құп: Сен біліміңе ешнәрсе қоспаған әрбір секундты, минутты, күнді бақытсыз сана. Сондықтан, мына пәниде берілген аз ғана уақытты бағалап, қолда барда қадірін біліп, бар нәрсені білуге тырысайық!
Пікіріңізге рахмет! Сізбен толықтай келісемін)
-, Деп оте дурыс айттыңыз!
Белгісіз
+7 дауыс
Мұқағали Мақатаев - Ей, өмір, зымырап барасың ба?
<object width="640" height="60"><param name="movie" value="http://v.kiwi.kz/a/x9eibfows0gk/"></param><param name="allowFullScreen" value="true"></param><param name="allowScriptAccess" value="always"></param><embed src="http://v.kiwi.kz/a/x9eibfows0gk/" type="application/x-shockwave-flash" width="640" height="60" allowFullScreen="true" allowScriptAccess="always"></embed></object>
эээх...сөздері керемет екен)) Шынымен де адамға ой салатындай) Сізге көп-көп рахмет!
+1 дауыс
уақыт кейде тез өтеді, көзді ашып жұмғанша таңың атып күнің батады,  ал кейде мүлде өтпей қалады, менің ойымша сіз есейейін дегенсің сосын саған уақыт тез өтетін сияқты. уақытпен санаспай өмір сүрген жақсы!
Дұрыс айтасыз! Жауабыңызға рахмет! Бәлкім солай шығар...)
оқасы жоқ
+3 дауыс
Адам 2 нәрсенің қадірін алдын ала білу керек. 1-уақытының содан кейін денсаулығының
ӨТЕ дұрыс айтасыз)
0 дауыс
"Бақытты" "бақытты емес" қатысы жоқ сияқты бұл жерде. Негізінде шынындада уақыт зымырап барады. 1-ші кун басталса 6-шы күннен бірақ шығады))
+1 дауыс
Бұл бәлкім қазіргі технологияның, техниканың дамып кеткенінен болар деп ойлаймын.
+1 дауыс
Алдыңғы жауапта ж.ж-та дұрыс. Дегенмен мен олай ойламаймын. Хадис кітаптардан оқығанмын, ақыр заман жақындағанда адамның 1 жылдық өмірі 1айдай, 1 ай өмірі 1 аптадай, 1 апта өмірі 1 күндей, 1 күндік өмірі 1 сағаттай өте шығады делінген, ақыр заманның кіші белгілерінің бәрі болды. Сенбесеңдер оқыңдар. А3 ғана өмірімізде сауапты істеп үлгерейік.
+1 дауыс
Қазіргі заманның дамығанынан деп ойлаймын. Қазір көбі компьютердің алдында отырады.
...