Өзіңіз туралы:
|
Менің анкетам
- Туған жерің?
- Ұланымын, Самсы деп аталатын ауылдың.
- Туған жылың?
- 1992. Құрдасымын Санжар деген жаныма жақын бауырдың.
- Жынысың кім?
- Еркекпін ғой, еркекпін!Және-дағы тәуірмін...
- Шыққан тегің?
- Шаруамын.
Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
- Білімің ше?
- Орташа ғой.
Алайда өзім жоғарыға балаймын.
- Ана тілің?
- Қазақша.
Қысылғанда орысша да, ағылшынша тағы бар.
- Қайда істедің?
- Бәрін істеп жүрміз ғой - істегеннің бағы бар.
әлі оқуды бітірмеген демесең,
Бір басымнан бар мамандық табылар.
- Міндеттісің бе әскерге?
- Міндеттімін.
Біздің әлі жас кеуде.
Жауынгердің ұлымын ғой,
Жанын қиған Мәскеуге.
- Сөгіс алып көрдің бе?
- Ол жағынан періште едім дей алмаймын
Мен мүлде.
Ойлы-қырлы бүл өмірде болады ғой мүлт кету,
Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де...
- Шетелдерде болдың ба?
- Болғамын жоқ.
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.
Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,
Осы отырған орнымда-ақ.
- Мекен-жәйің?
- Мекен-жәйім - жер менің.
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мақатаев жолын куып келгемін!
|