Сіз үшін ғана емес, көптеген адамдар үшін солай көрінуі мүмкін. Неге? Меніңше, сіз осы мен не істеп жүрмін деп ойласаңыз, өзіңіз бір пайдалы ешнәрсе істемегендей боласыз, осы жасқа дейін өмір сүргенде сонда мен ештеңе бітірмегенім қалай деп өзіңізді жазғырасыз, ертеңнен бастап жаңа өмір бастаймын, бәрін бітірем деп ойлйсыз...бірақ тағы солай қайталануы мүмкін. Уақыт деген секундтардан, минуттардан құралмай ма?! Ал баз біреулер үшн секунд деген түкке тұрғысыз нәрсе секілді көрінеді. Уақытмызды қадір тұтайық, кейде сол бір секундтың өзіне зар болып қалатын кездер қаншама?! Сол аздаған секунд адам өміріне араша болуы мүмкін, сол аздаған секунд сізге үлкен бақыт сыйлауы мүмкін. Ян Амос Коменскийдің мына сөздерін әркім есіне алып жүрсе құба құп: Сен біліміңе ешнәрсе қоспаған әрбір секундты, минутты, күнді бақытсыз сана. Сондықтан, мына пәниде берілген аз ғана уақытты бағалап, қолда барда қадірін біліп, бар нәрсені білуге тырысайық!