0 дауыс
4.0k көрілді

Адамға ұқсас роботтар қашан пайда болды?

1 жауап

0 дауыс

Роботтардың шығу тарихы
20 ғасырдың басында робот жасауға деген барлық алғышарттар пайда бола бастады. Электр тоғы тек қуат көзі ғана болып қоймай, ақпараттарды жіберу, алу және өңдеуге мүмкіндік берді. Бірінші роботтардың қай кезде пайда болғаны нақты белгісіз, алайда, көптеген жекелеген компаниялар мен жеке өнертапқыштар осы салада ізденістер жүргізіп жатты. ХХ ғасырдың 20-30 жылдары робототехниканың талаптарына толық сәйкес келетін 30-дан астам механизмдер пайда болды.
Қалай дегенімен де бірінші роботты жасап шығарушы ретінде Америкалық өнертапқыш Westinghouse Electric Company-ң инженері -Рой Уэнсли саналады. 1928 жылы жасап шығарған "Герберт Телевокс" атты механизмі дене бітімі адамға ұқсас болып, қарапайым қызметтерді, яғни үйдің есік терезесін ашу, жарықты сөндіру, т.б. сол секілді шаруаларды атқара алатын болған. Бұл туындының автомотондардан айырмашылығы- телефон арқылы берілген пәрмендерге толықтай жауап бере алған. Ол шызметті қараппйым адамдар секілді телефон тұтқасын алу арқылы жүзеге асырған. Ол кездегі технологиялардың даму шегіне байланысты ол дыбыстар тек писктер мен әртүрлі дыбыс тондарынвң өзгерісі арқылы беріліп отырған.
Алайда, ол роботтың бірінші емес екенін, Жапон биолог-ғалымы Макото Нисимура таласады. Ол 1929 жылы бірінші қолданыстағы роботты ойлап тапты. Жасап шығарған робот желі сымы арқылы берілген айтарлықтай қиын қозғалыстағы пәрмендерді орындап қана қоймай, жаза да алатын.
Сонымен қатар, біріншілікке таласып жүрген Британ әскериі Уильям Ричардстың 1928 жылғы жасалған Эрик атты роботы. Жасалған механизм тек қана қимылдап қоймай, көптеген сұраққа жауап беріп, арасында әзілдеуді де ұмытпайтын.
Жоғарыда аталған туындылар тек қана ғылымның дамығандығын ғана көрсету үшін керек болды, бірақ оларды қолдану үшін мүмкіндігі тым шектеулі еді. Робототехниканың дамуы кейінірек көріне бастады, өйткені оларды қызметте пайдалануы үшін технологияның жаңа бір деңгейін талап етті. Алайда, айта кететін бір жәйт, ең алғашқы өнеркәсіп саласындағы роботтар 1898 жылы американдық инженер Бэббит балқыма пештен заттарды алып шығатын өнеркәсіптік робот ойлап тапты.
1948 жылы АҚШтағы GENERAL ELECTRIC компаниясында атомдық реакторда жұмыс істейтін алғашқы өнеркәчіптік робот жасалды. Оның басқа роботтардан ерекшелігі кері байланысының болуында еді. Ол роботтың кеңістіктегі қимыл-қозғалысын ғана бақылап қоймай, сонымен қатар, оның күшін сезе алатындай еді, соның әсерінен роботты дәл басқару оңай болды. 50 жылдардың соңында американдық Джордж Девол өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін, перфокарттар арқылы программаланатын сериялы роботтарды шығаратын Unimation компаниясының негізін қалады. 60-жылдардың ортасында дамыған елдер ішінде осы іспеттес роботтарды шығаратын ондаған компаниялар пайда болды.
Өнеркәсіптік роботтар жасауда1968 жылы "Юнимейшн" роботтарын сатып алып, соған ұқсатып өздерінің тың идеяларын қолдана отырып, айналдырған 10 жыл ішінде өнеркәсіптік роботтармен қамтамасыз етуде әлемдік көшбасшыға айналды.
Қазіргі таңда роботтар өміріміздің барлық саласына бойлай енді. Өнеркәсіп саласы, ғылыми зерттеулер, энергетика саласы, медицинада, әскери салада, ұшқышсыз басқарылатын ұшақтар, ойын-сауық орталықтары, т.б. түрлі салада қолданылып, адам еңбегін ығыстырып шығаруда.
Робототехника саласы бірнеше бағытта дамуда. Икемді(өте кіші) роботтар, өзінен-өзі дамитын(жасанды интеллектілі) роботтар, биотехнология және кибернетикамен тығыз байланыстағы роботтар, бионикалық протездер, жасанды ағзалар, толық автономды көліктер, кеме саласын басқаратын роботтар, ғарыштық ұшу аппараттарында, және т.б. салаларда дамып, Карл Чапек пъесасында айтылғандай адам еңбегін толық ығыстырып шығарып жатыр...

Толығырақ: https://www.facebook.com/smartrobot.kz/posts/363961934227550/

...