Шылаудың сұрақтары

+1 дауыс
12.8k қаралым
Шылаудың  сұрақтары.
• Санаты: Қазақ тілі | 12.8k қаралым

2 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
«ШЫЛАУ» дегеніміз - сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын және өзі тіркескен сөзге қосымша мағына беретін көмекші сөздің бір түрі.

Мағынасы мен сөйлемдегі қызметіне қарай 3-ке бөлінеді:

1. "СЕПТЕУЛІК" шылау сөз бен сөзді байланыстырады.
Ол °°атау, барыс, шығыс, көмектес°° септіктерінде тұрған сөзбен тіркеседі.

⊙АТАУ септігіне қатысты септеуліктер: туралы, жайлы, сияқты, тәрізді, секілді, үшін, сайын.
⊙БАРЫС септігіне қатысты септеуліктер: дейін, шейін, қарай, тарта, таман, жуық.
⊙ШЫҒЫС септігіне қатысты септеуліктер: кейін, соң, әрі, гөрі, бері.
⊙КӨМЕКТЕС септігіне қатысты септеуліктер: бірге, қабат, қатар.

2. "ЖАЛҒАУЛЫҚ" шылау сөз бен сөзді және сөйлем мен сөйлемді °°салаластыра°°, яғни °°тең дәрежеде°° байланыстырады.

⊙ЫҢҒАЙЛАСТЫҚ мәндегі жалғаулықтар: мен, бен, пен, және, әрі, да, де, та, те.
⊙ҚАРСЫЛЫҚТЫ мәндегі жалғаулықтар: бірақ, дегенмен, алайда, сонда да, сөйтсе де, сөйткенмен, әйткенмен.
⊙СЕБЕП-САЛДАР мәндегі жалғаулықтар: өйткені, себебі, сол себепті, сол үшін, сондықтан, неге десеңіз.
⊙ТАЛҒАУЛЫҚ және КЕЗЕКТЕС мәндегі жалғаулықтар: не, немесе, я, яки, я болмаса, не болмаса, әлде, кейде, бірде, біресе.

3. "ДЕМЕУЛІК" шылау сөздерді байланыстырмайды, өзі тіркескен сөзге қосымша мағына үстейді. °°ма, ме, ба, бе, па, пе°° демеулігі өзі тіркескен сөзге сұраулық мағына береді (бұл ақ °па°?).

⊙СҰРАУЛЫҚ мағына беретін демеуліктер: ма, ме, ба, бе, па, пе, ше.
⊙КҮШЕЙТКІШ мағына беретін демеуліктер: -ақ, -ау, -ай, әсіресе, да, де, та, те.
⊙БОЛЖАЛДЫҚ мағына беретін демеуліктер: -мыс, -міс, кейде.
⊙БОЛЫМСЫЗДЫҚ мағына беретін демеуліктер: түгілі, тұрсын, тұрмақ.
⊙ШЕКТІК мағына беретін демеуліктер: ғана, қана, тек.
⊙НАҚТЫЛАУ мағына беретін демеуліктер: ғой, қой, -ды, -ді, -ты, -ті.

Қосымша мәлімет:
"Ма, ме, ба, бе, па, пе" шылауы кейде жіктік жалғаудың алдынан жазылып, "-мы, -мі, -бы, -бі, -пы, -пі" болып өзгереді.

Жақсы жауап таңдалды
+1 дауыс

Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылығы :

1) Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды.

2) Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды.

3) Шылаулар сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді байланыстырады.Толық мағыналы сөздің жетегінде оған қосымша мән үстейді.

4) Шылаулар түрленбейді.

Шылау сөздер дегендеріміз - ішкі мазмұндары жағынан да, сыртқы формалары жағынан да, сондай-ақ, қызметтері жағынан да өздерінің бастапқы шыққан төркіндерінен біржола қол үзіп, әрі осы аталған негізгі үш белгі жөнінен де дербестіктерінен айырылып, өз алдына категория болып қалыптасқан және жалпы көмекші сөздер тобына негізгі ұйытқы есебінде қызмет ететін сөздер.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
0 жауап
127,937 сұрақ
322,814 жауап
153,169 пікір
72,931 қолданушы