0 дауыс
1.1k көрілді
Та дегенге тез сөйлем қою керек әйтпесе апай маған 2 қоюы болады.

1 жауап

0 дауыс

Бұл шылау өзі қатысты сөздің соңғы дыбысына қарай үндестік заңы бойынша бірде да, бірде де, бірде та, бірде те болып өзгеріп отырады. Да (де, та, те) бірде жалғаулык, бірде демеулік ретінде қолданылып, өзі қатысты я байланыстырып тұрған сөзден бөлек жазылады. Егер өзі қатысты сөзге күшейткіш мән үстеп қана тұрса, онда ол — демеулік те, ыңғайластық мәңде сөздерді я сөйлемдерді байланыстырып тұрса, онда ол — жалғаулық.
Демеулік мәнінде бұл шылау қайталанбай, бір ғана сөздің жетегіңде тұрады да, жалғаулық мәнінде ол көбіне кайталанып келіп, не кейде қайталанбаса да екі сөзге я сөйлемге ортақ болып отырады немесе оны басқа жалғаулыкпен ауыстыруга болады. Мысалы: Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан (А). Сөйлемдегі де демеулік, сен деген сөзге ғана қатысты болып, оған күшейткіш мағына үстеп тұр, ал та — жалғаулық, ол тап және бар қалан деген бірыңгай баяндауыштарды ыңғайластыра (бірінен кейін бірі болған қимыл) байланыстырып тұр. Бұны қайталап та (тап та, бар да қалан түрінде) қолдануға болады.
Да (де, та, те) жалғаулығы да, демеулігі де сырт тұлғасы жағынан жатыс септік жалғауымен ұқсас келеді. Жатыс септік жалғауы (-да, -де, -та, -те) сөзге жалғанып, бірге жазылады, оны түсіріп айтуға болмайды. Ал да (де, та, те) шылауы бөлек жазылады, оны түсіріп те айтуға немесе жалғаулық мәнінде келгенде басқа жалғаулықпен алмастырып та қолдануға болады. Мысалы, жоғарыдағы сөйлемді Сен бір кірпіш дуниеге, кетігін тап (және) бар қалан деп айтуға болса, Жасымда ғылым бар деп ескермедім (А). дегенді жасым ғылым бар деп ескермедім деп, жасымда сөзіндегі -да жатыс септігін түсіріп айтуға болмайды.

Толығырақ: http://megamozg.kz/index.php?id=2339&page=view_mat&partition=other&subpartition=articles_kazakh

Ұқсас сұрақтар

...