0 дауыс
402 көрілді
9-сынып бітіретін қызым әскери оқуға түскім келеді. Қай оқуға түсірсем екен деп отырмын?

2 жауап

0 дауыс

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да  қыздарға әскери кафедрада төрт мамандық ішінен екі мамандықты меңгеріп шығуға ұсыныс жасалды: әскери психолог және идеолог. Заманауи құрал-жабдық, тәжірибелі оқытушылар, әскери техника мен қару-жарақ - мұның бәрі тең дәрежеде өтіп жатқан қыздар мен ұлдардың сапалы даярлығына жағдай жасайды. Взводтар ұлдарға және қыздарға арналған деп бөлінбейді, соған орай қыздар үшін нормативтер де жеңілдетілмейді. Оқыту әскери күн әдісімен іске асырылады: студенттер әскери кафедрадағы сабақтарға қатысу үшін бір күнге сабақтардан босатылады.

Университетімізде әскери кафедрада қыздар оқу деген - жаңалық, шындығында бұл бұрын-соңды болып көрмеген жағдай емес. Себебі ертеден-ақ ерлерге арналған мамандықтарды қыздар да меңгеріп келеді. Еліміздің әскери қатарында 8 мың әйел адам әскери қызмет атқарып жүр, бұл Қарулы күштердің жалпы штаттық санының 12%-ын құрайды.

0 дауыс

Негізінен 9 сыныптан және қыздарға арналған әскери ЖОО жоқ,  Көп  жерлерде қыз баланы оқуға алмайды. Полиция болу үшін болады, бірақ Қарағандыда ғана қабылдайды.

...