0 дауыс
1.7k көрілді
2019-2020 оқу жылында 9-сынып эмтиханды қалай тапсырдыңыздар? Қалай өтті? Қазақ тілі,орыс тілі, математика және таңдау пәні бойынша қалай өтті қандай тапсырма берілді? Сол туралы бөлісе аласыздар ма

1 жауап

0 дауыс

2019-2020 оқу жылында негізгі орта мектепті бітіру бойынша қорытынды аттестаттау жүргізіледі

Осындай хабар құлаққа тиісімен, мән-жайды бүге-шүгесіне дейін білмек мақсатта ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Бiлiм Академиясының орта бiлiм беру орталығының директры Манара Елекенқызы Адамоваға дереу хабарластық. Екеуара әңгіме де ел-жұрт елеңдеп отырған осы мәселе төңірегіне өрбіді.

Биыл 9-сынып бітірушілерге мемлекеттік емтихан болады деп жатыр. Неге биылдан басталуда?

-Негізгі орта мектеп бітіруші түлектер бұрын да қорытынды емтихан тапсырып келген болатын. Биыл тек қорытынды аттестаудың форматы  өзгерді. Себебі, 9-сыныпты бітіруші түлектер 7-сыныптан бастап, үш жыл бойы жаңартылған оқу бағдарламасымен білім алып келеді және оқудағы жетістіктері критериалды жүйеде бағаланып келеді. Сол себепті жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы үлгілік ережелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (ҚР БҒМ 26.11.2019 жылғы №509 бұйрығы).

 –Неге оқу жылының басынан бастап қажетті ақпарат берілмеді?

-Білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы үлгілік ережелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап тиісті түсіндіру, кеңес беру жұмыстары жүргізіліп келеді. Қорытынды аттестаттауды өткізуге дайындық жұмыстарын бастауға арналған Нұсқаулық әзірленіп, екі тілде барлық облыстық білім басқармалары мен әдістемелік кабинеттерге таратылды.

-Негізгі орта мектепті бітірушілер емтиханды қай пәндерден тапсырады және ол қандай түрде өткізіледі?

-9 (10) сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:

1) ана тілі бойынша жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) – жазбаша жұмыс (эссе), гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе);

2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;

3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан;

4) таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) бойынша жазбаша емтихан.

9 (10) сыныпта жазбаша жұмыстарды орындауға – 2 астрономиялық сағат, математикаға (алгебраға) (жазбаша) – 3 астрономиялық сағат (физика-математикалық бағыттағы мамандандырылған мектептерде – 4 сағат) бөлінеді.

-Емтихан сұрақтарын кімдер дайындайды?

-9 (10) сынып білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын (тапсырмалар мен балдарды қою схемасы) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының жанынан құрылған жұмыс тобы дайындайды. Барлық облыстардан келген жұмыс тобының мүшелері 2020 жылдың 13-17 қаңтар аралығында                9-сыныпқа арналған қорытынды аттестаттау тапсырмаларын әзірлеу бойынша Нұр-Сұлтан қаласында арнайы дайындық курсынан өтті.

 –Оқушылар алдын ала қандай тапсырма берілетінін біле ала ма?

Назарбаев зияткерлік мектебінің Педагогикалық шеберлік орталығының мамандарымен әзірленген 9-сыныпқа арналған қорытынды аттестаттау тапсырмаларының техникалық ерекшеліктері әрбір пән бойынша үлгі тапсырмаларын қамтиды. Бұл үлгі тапсырмалар барлық мектептерге жіберілген. Мұғалімдер өздерінің оқушыларын осы нұсқалардың негізінде дайындауына болады. Қазір бұл жұмыстар басталып та кетті.

Тиісті балл жинай алмаған бала орнында қалдырыла ма?

-Бір және екі пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) сыныптардың білім алушыларына қорытынды аттестаттау өткенге дейін сол пәндерден оқу жылы бойынша  қосымша жиынтық бағалау жүргізіледі. Қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) сыныптың білім алушыларына қорытынды аттестаттауды қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі.

Қайта қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарын мектептер дербес әзірлейді.

 –Жақсы тапсыру үшін не істеу керек? Министрлік тарапынан қандай көмек көрсетіледі?

-Барлық басталған жұмыстар министрлік тарапынан бақылауға алынған. Академия тарапынан әдістемелік қолдау көрсетіліп, үйлестіру жұмыстары атқарылып отыр (нормативтік-құқықтық актілермен таныстыру, нұсқаулықтар дайындау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, онлайн-кеңес, семинар жұмыстары т.б.).  

Білім басқармаларының жанынан, 9-сыныптың қорытынды аттестаттауына дайындық жұмыстарына және оның өз дәрежесінде ұйымдастырылып, өткізілуіне аяқталғанға дейін жауапты болатын маман бекітілген. Яғни, жергілікті жерде қорытынды аттестаттаудың өткізілуіне тікелей жауапты маман сіздің сұрағыңызға жауап береді.

Толығырақ: https://bilimainasy.kz/09-03-25/

...