0 дауыс
8.5k көрілді
Əлемді таңғалдырған өнертапқыш балалар текстіне қысқаша речензия керек еді?

1 жауап

0 дауыс

Жас өнертапқыштардың өмірімізді ыңғайлы етуге қосқан үлесі аз емес. Тіпті 17 қаңтар күні бүкіл әлем бойынша Өнертапқыш-балалар күні де атап өтілуде. Бұл дата Американың мемлекет қайраткері, дипломат, ғалым, өнертапқыш және журналист Бенджамин Франклиннің туған күнінен алынды. Бен Фраклин 12 жасында алғашқы болып - шомылу барысында екі қолға киілетін ескекті ойлап тапты.

Кейіннен Б.Франклин көптеген сынақтар жасап, ғылыми зерттеулерін жалғастырды және әлемдік ғылымға сүбелі үлес қосты. Ғалымның кейбір тұжырымдары дәуірден бірнеше жыл алға озық болды. Оның көптеген өнер табыстарының арасында тербелмелі-кресло, бифокалды көзілдірік және басқалары бар.

Көбіміз балалардың идеяларын шындап қабылдамаймыз. Бұл бекер екен, себебі өскелең ұрпақтың пайдалы өнертабыстарымен қуантқан кездері аз емес. Біз сіздерге балалар ойлап тапқан ең танымал өнертабыстар жайлы айтпақпыз.

Қар кешкіш

Ойлап тапқан: Жозеф-Арман Бомбардье, 15 жас

Он бес жасқа толғанда Жозеф-Арман Бомбардьеге өнертабыс жасауға мүмкіндік туады. Әкесі баласына тозығы шыққан ескі «Ford T» сыйлайды. Оны айдауға келмейтінін түсінген бала тәжірибе жасап көруге бел буады. Фордты бірнеше бөлікке бөлген ол көлікті жетілдіріп, қар кешкішке айналдырады.

Брайль шрифті

Ойлап тапқан: Луи Брайль, 15 жас

Он бес жасар Луи Брайль, әскери істе қолданылатын арнайы «қара шрифтпен» танысқан соң өз шрифтін ойлап табады. Осылайша, миллиондаған зағип адамдарға қажетті ақпаратты оқу арқылы білуге мүмкіндік берді.

Жүк тасығыш ойыншығы

Ойлап тапқан: Роберт Пэтч, 6 жас

Алты жасар Роберт Пэтч болмағанда жүк тасығыш және басқа да өндірістік көліктерге ұқсас ойыншықтардың пайда болуын әлі талай уақыт күтер едік. Балаға шанағы артқа қарай серпілетін көліктердің ұнағаны сонша, ол қайта-қайта соның суретін сала берген. Кейін әкесі баласының сондай бір суретінен ойыншық жасап шығарып олар оны патентеп те алады. Осылайша жүк тасығыш ойыншықтардың пайда болуына ықпал етеді.

Бинтті ауыртпай алуға арналған құрал

Ойлап тапқан: Аланна Майерс, 8 жас

Сегіз жасар Аланна Майерс жиі құлап, тізесін жаралап алатын болған, ал кейін жазылып келе жатқан теріге жабысып қалатын бинтті алудан қатты қорыққан. Ауруханадан шыққан соң, қыз тізесіне жабысқан бинтті ауру тудырмай алу үшін арнайы қоспа ойлап тапты. Сабын, су және лаванда эссенциясынан тұратын қарапайым құрал көптеген адамды ауру сезімінен құтқарды.

Баспа графикасының жаңа түрі

Ойлап тапқан: Анастасия Родимина, 10 жас

Он жасар Анастасия Родимина кляксография арқылы сурет салуға үлкен қызығушылығын білдірді. Бірде қыз суретін ақ парақтардың арасында, терезенің алдында ұмытып кетеді. Уақыт өте келе суреттің шет жағындағы бояулары кетіп қалады, ал жабылып тұрған тұсының бояуы сол қалпы қалады. Осындай метамарфозаны байқаған қыз атасына мақтанышпен жеткізеді, ол суретті осылайша жасау әдісін лайықты бағалап, өнертабысты патенттеуге көмектеседі.

Таяқшадағы балмұздақ

Ойлап тапқан: Фрэнк Эпперсон, 11 жас

Он бір жасар Фрэнк Эпперсон қысты күні үйіне асығып содасын далада ұмытып кетеді. Төмен температураның әсерінен стақандағы сұйықтық мұзға айналады. Стақанда түтікше болғандықтан, ішіндегі затты алу қиын болмады. Балмұздақтың бұл түрі баланың есейіп, осы әдісін кәсіпке айналдыруға көмектесті.

Ғимараттың ауданын өлшейтін робот

Ойлап тапқан: Максим Лема,12 жас

Он екі жасар Максим Лема роботтарға қатты қызығатын. Ол роботтардың бәрін қопарып, қорқытқаннан басқа, адамзатқа пайда әкеле алатынына сенген. Осылайша львовтық жас өнертапқыш радиосигналдар арқылы ғимараттың ауданын өлшей алатын роботты жасап шығарды. Жас өнертапқыштар байқауының қазылары мұндай көмекші қазіргі таңда өте қажет екенін атап өтті.

Ықылықты басатын мұз кәмпит

Ойлап тапқан: Мэллори Кьювмен, 13 жас

Он үш жасар Мэллори Кьювмен балаларға арналған өлеңдер шын мәнінде ықылықты баспайтынын уақытында түсінген. Ықылықты қалай басуға болатынына бас қатырған ол дәмді таблеткалар ойлап табады – қант пен алма сірке суынан тұратын мұз кәмпит ықылықты тез басады.

Толығырақ: https://bilim-all.kz/article/3292-Onertapqysh-balalar

...