+1 дауыс
11.2k көрілді

Томас Эдисон – ұлы өнертапқыш. Томас Эдисон өмірбаяны

Томас Эдисон,ұлы өнертапқыш,Томас Эдисон өмірбаяны

1 жауап

0 дауыс

Томас Эдисонның табысқа жету тарихы басқа да адамдардың тарихына ұқсас – оны керемет идеялар кернеді. Сонымен бірге оның тарихы бірегей – білімі болмаса да, бұл адам адамзатқа көптеген өнертабыстарын сыйлап, бүкіл әлемге әйгілі болды.

Томас Алва Эдисон – электр техника саласындағы атақты американдық өнертапқыш. Т. Эдисон көптеген зерттеулер жүргізе отырып, оларды өзінше байытты, оларға өзіндік тексерулер жүргізді, құбылыстардың мазмұны туралы өзіндік жорамалдар жасады, өзіндік теорияларды әзірледі. Томас Эдисонның тәжірибелері қарапайым ретсіздік сияқты әсер қалдырады. Ал шынында олай емес. Эдисонның өнертабысы бақытты кездейсоқтардың жемісі болып табылады. Эдисон теорияны практикада іске асыру арқылы қол жеткізген терең теоретик болды.

Томас Эдисонның алғашқы патенттелген өнертабысы – бұл дауыстарды электр санауышы. Телеграфист Эдисон алғашқы өнертабысын 1862 жылы он бес жасында жасаған. Эдисон 12 жасында газет сату және поезға тамақ түрлерін сатуға мәжбүр болды. 1868 жылы ол телеграфисттер қызметіне тұрды және АҚШ пен Канаданың әр түрлі қалаларына барды. Т. Эдисонның алғашқы өнертабысы материалдық игіліктерді алуға деген оның сенімін алдады. Бірақ 1869 жылы Эдисонның жолы болды. Биржа курстарын (биржалық тиккер) беруге арналған телеграф аппараты өнертабысы үшін  40000 доллар алды. Т. Эдисон қызметін тастап, 1869 жылы Нью-Йорк қаласына келді, осы жерде өзінің өнертабыстарының алғашқы зертханасын құрды. 1876 жылы оның зертханасы шағын қала – Ментю-Паркке ауысты, ал кейін 1887 жылы Вест-Оренджге ауысты.

Томас Эдисон барынша ірі өнертабыстарын Менло-Паркте жасаған. Эдисон зертханасы кеңселер мен кітапханадан, өлшейтін аспаптары бар залдан, гальванометрден, электрометрден, фотометрден, спектроскоптар мен басқа нақты аспаптардан, химиялық зертханадан, машина динамосын дайындауға арналған шеберханадан, орталық  электр станциясынан және басқа қосалқы жайлардан тұрады.

Т. Эдисонның ірі зерттеу зертханасын ұйымдастыруы кездейсоқтық емес еді. Эдисон Америка Құрама Штатының даму жолында өнертабысымен үлес қосты. Эдисонның ғылыми-зерттеушілік қызметі осы капиталистік даму құбылыстарының біріне айналды. Эдисонның көптеген өнертабыстары патенттелмеген күйінде қалды, өйткені Эдисон ол өнертабыстардың практикалық маңызы жоқ немесе оның зертханасы үшін құпия емес деп санады.

Қолайлы жағдай жұмыс халатын жамылып, жұмысқа ұқсағандықтан көптеген адамдар оны жіберіп алады. Томас Эдисон

Томас Эдисонның табысқа жету тарихы басқа да адамдардың тарихына ұқсас – оны керемет идеялар кернеді. Сонымен бірге оның тарихы бірегей – білімі болмаса да, бұл адам адамзатқа көптеген өнертабыстарын сыйлап, бүкіл әлемге әйгілі болды.

Томас Эдисон 1847 жылы 11 ақпанда Огайо штатының Милан деген шағын қаласында туды. Өзінің Эри көлінен он миль ара қашықтықта, Гурон өзенінде орналасуы арқасында, ол уақытта Милан думанды сауда орны болып, тез дамыды, бірақ көлдің жағасымен темір жолдың салынуына байланысты сауда құлдырап, ол атақты Эдисонның отаны ретінде ғана белгілі шағын жерге айналды. Бала кезінен оны ойыншықтар мен ойындар қызықтырмады, ол жайлы әкесі былай дейді: “Томас ойын ойнауды білмейтін, оны бу машиналары мен механикалық бұйымдар қызықтырды”.

Әкесі баласының дамуына қатты көңіл бөлді, ал Эдисонның анасы өте ақылды және білімді әйел болды, анасының арқасында ол өзінің табиғи дарынын дамытып, болашақта үлкен табыстарға жетті. Ол өзінің алғашқы білімін анасынан алды, оның анасы бұрын дарынды тәжірибелі мұғалім болған. Эдисон мектепте екі ай ғана оқыды, оның жалғыз тәлімгері анасы болды. Анасы ғажап баласының ерекше дарынын ерте байқап, оған тиянақты білім беріп қана қойған жоқ, оның білімге, оқуға деген құштарлығын оятты, оның бұл ерекшелігі он жасынан бастап байқалды. Әрине ешқандай қоғамдық мектеп үйдегі тәрбиеге жетпейді. Ол шынында да ерекше бала болды: ол он жасында Чемберстің “Энциклопедия”, Юмның “История Англии”, Добиньидің “История реформации”, Гиббонның “Падение Римской империи” кітаптарын және химия мен жаратылыстану ғылымдары бойынша бірнеше шығармаларды оқып шықты. Ал екі жылдан кейін Детройт қаласының қоғамдық кітапханасына рұқсат алғанда, ол өзіне барлық кітаптарды оқып шығу міндетін қойды және Ньютоновтың “Начала”, Юрдың “Технический лексикон” және Буртонның “Анатомия меланхолии” кітаптарынан бастады.

Еш абыржымай ол бос уақытында бұл сенгісіз еңбегін жалғастыра берді, нәтижесінде ол ұзындығы он бес футтық сөредегі бір томды, бір бетті жібермей оқыды. Данышпан адамдардың тарихында мұндай ерте даму және білімді аңсау мысалы сирек кездеседі. Он бес фут кітаптарды оқып шығып, Эдисон нақты таңдау жасап, оның талапты ақылының құштарлығына сәйкес келетін кітаптарды оқыған жөн деген қорытындыға келді. 

Томас Эдисон төбе жабатын жаңыршақ саудагері мен мұғалім әйелдің отбасында жетінші және аурушаң бала болып дүниеге келеді. Негізінен барлық болашақ жетістіктеріне ол өздігінен білім алу жолымен қол жеткізген. «Барлық заманның ұлы өнертапқышы Томас Эдисонның жоғары білімі болған жоқ. Дегенмен, ол өзін қызықтырғанның бәрі туралы кітаптарды беріліп оқитын. Жиырма жасқа қарағанда ол химия бойынша барлық негізгі еңбектерді оқып шыққан, жүздеген эксперимент жүргізген [1, б. 54-55].

Эдисонның керемет ақыл-ойының дамуы бір жақты немесе бір қалыпсыз болған жоқ, өйткені оны ғылыми мазмұндағы кітаптар ғана қызықтырған жоқ, оның қиялындағы ойлар бар дарынды әдеби шығармалар оған күшті әсер қалдырды. Осы ерте шақта оқығандары оның жадында қалғаны соншалықты, ол белгілі факт немесе оқиғаның қай бетте баяндалғанын есінде сақтап қалады. Бұл қасиетін ол өмір бойы сақтап қалды және ол оған көптеген алуан ғылыми шығармалар мен брошюралар арасынан қандай да бір оған қажет шағын фактіні немесе мақаланы іздеуде көп көмектесті.

Он екі жасында Эдисон оның отбасы тұратын Порт-Гурон мен Детройт арасын қосатын пойыздарда бір бума газеттер мен журналдар сатумен шұғылданды. Томастың әкесі ұлының дамуын қатты бақылады, бірақ ол уақытта оны қолдауға жеткілікті қаражаты болмады, сол себепті бұрынғы американдық салт бойынша, жоғары мектептің орнына дарынды баласын өзіне жол табу үшін өмір мектебіне жіберді. Сонымен, ол оны жақын маңдағы темір жолға пойыздағы бала (trainboy) қызметіне тұрғызды, онда жас Эдисон пойыздарда жүріп, жолаушыларға газеттер, тәтті тағамдар және әртүрлі ұсақ-түйектер сатты. Сауда ісіндегі тума американдық тапқырлығының арқасында, Томас кішкентай кәсіпорынның табысқа жету мәнін түсініп, аз уақытта сауданы кеңейтіп, өзіне төрт көмекші алды. Осы іспен айналысқан төрт жылдың ішінде онда жыл сайын бес жүз доллар қалып отырды, оны ол ата-анасына беріп отырды. Бұл уақытта американдық өзара соғыс қызған еді, жас Эдисон газеттерді өткізуді ұлғайту үшін соғыс алаңынан хабарлардың атауларын жақын станцияларға бұрын жеткізу үшін оларды телеграфпен жіберуді ойлап тапты, телеграфтар көшелерге ілініп, халық ортасында зор қызығушылық тудырып, пойыздар келгенде газеттерді талақайлап сатып алатын. Ол мұнымен қанағаттанбай, әлемде жалғыз пойызда теріліп басылатын өз газетін басып шығаруды ойлап тапты. Пойыздың құрамында ескі тауар вагоны болды, онда бұрын шылым шегетін орын-жай болған, бұл орын-жайға желдеткіштің нашарлығынан және қараусыз қалғандықтан, пойыз жолаушылары кірмейтін. Осы жерде Т. Эдисон өзінің баспаханасын ұйымдастырды, ол газет редакторы, терушісі және бастырып шығарушысы болды, бұл газеттің атауы - “Вестник большой соединительной ветки” (“The Grand Trunk Herald”).

Осының ізімен Томас Эдисон химиялық тәжірибелермен айналысып, сол ескі вагонда химиялық зертхана жасады. Бірақ бір күні бұл құштарлығы бақытсыз оқиға ұшыратып, зертханасынан қалғанды Порт-Гурондағы ата-анасының үйіндегі жертөлеге ауыстыруға мәжбүр болды. Осы жерде ол өзінің ғылыми жұмыстарын жалғастырды. Көп ұзамай Томас сататын газеттерінің мазмұны туралы хабарландырулар беру кезінде қатты қызығушылығын тудырған телеграф туралы жақсы кітап сатып алып, жолдасы Джеймс Вардпен бірге оның үйі мен жертөле арасында телеграфтық қатынас орнатты.

Әкесінің үйінің жертөлесіндегі жаңа зертханада ол өзі құрған бу машинасының жұмыс моделі тұрды.

Ақырында, өмірде жиі болатын бақытты оқиға оны нағыз өз жолына түсіріп, оның керемет дарынын толық ашуға мүмкіндік берді. Ол Порт-Гуронның жанындағы Монт-Клеменс кішкентай станциясы бастығының баласын өлімнен құтқарып қалды. Бұл іс оның бүкіл қалаға атын шығарды, ал құтқарылған баланың риза болған әкесі Макензи осы телеграф аппаратында жұмыс істеуді үйренуді ұсынды. Эдисон бұл іске қатты кірісіп, жаңа ұстазынан аппаратта жұмыс істеуді тез үйренді.

Эдисон бірінші сабақ алған кезден кейін бес айдан соң жалақысы айына жиырма бес доллар және түнгі жұмыс үшін ерекше ақы төленетін, Порт-Гуронға телеграфисттік қызметке шақырту алды. Сонымен пойыздағы бала және газет сатушы телеграфиске айналды. Бұл уақытта ол он алтыға толды.

Құбылыстардың себептерін білу және жаңа білім алуға деген үлкен ұмтылысы Эдисонға телеграфтағы қызметіне үнемі зиян келтіріп отырды. Күнделікті таусылмайтын жұмысты істеудің орнына жаңа тәжірибелермен айналысудан оның жұмыста жолы болмады; өнертапқыштарға және ой еңбегімен шұғылданатын адамдарға тән кемшілік – ұмытшақтық қасиетінен де жиі таяқ жейтін. 

Көп кешікпей оны Канадаға, Стратсфордқа түнгі жұмысқа шақыртып, ол Порт-Гурондағы ата-анасының үйінен кетеді. Осы жерде ол өзінің алғашқы өнертабысына жол салады. Теміржолдағы кеңсенің бастығы оның ұйықтамағанына дәлел түрінде түнде әр жарты сағат сайын телеграфпен шартты сөзді қайталауды талап етті. Ол уақытын мұндай орынсыз талаптың орнына үлкен пайдалы іске арнау үшін, Эдисон Морзе әліппесі бар дөңгелекті бейімдеп, біліктің тұтқасын бұрап, күзетші бастықтың тапсырмасын орындайтын, ал бұл уақытта ол өзі ұйықтап жататын немесе басқа іспен шұғылданатын. Бұл жерден оны үлкен жанжалмен жұмыстан шығарады, оқиға былай болады: пойыздың кешіккендігі жөнінде асығыс хабар алып, ол оған жауап жібереді, бірақ бұл хабар туралы кондукторға хабарламайды, нәтижесінде екі пойыз қақтығысып қала жаздайды.

Эдисон тағы да туған қаласы Порт-Гуронға келді, мұнда бірнеше апта болды. Осы уақыттың ішінде ол өзінің ойлап тапқыштығы арқасында өзеннің екі жағасындағы екі қарама-қарсы станцияда темір жол қызметшілеріне көп қызмет көрсетті. Мұздың арынымен Порт-Гурон мен Сорни станциясы арасындағы телеграф сымы үзіледі. Эдисонға қарама-қарсы жақтағы телеграфист, егер оған локомотивтің созылыңқы және қысқа ысқыруы көмегімен телеграф әліппесін жіберсе, түсінетіндігі ойына келеді. Ол өзінің жаңа “аппаратына” отырып, “Әй, Сорнидағы! Мені түсінесің бе?” деп ысқырықпен “телеграфтады”. Біраз уақыт өткеннен кейін, қарама-қарсы станциядағылар түсініп, Эдисонға ысқырықпен жауап берді, осы әдістің арқасында үзілген телеграф қатынасы қалпына келтірілді. Бірнеше аптадан соң, Эдисон Мичиган штаты Адриане қаласында телеграфист орнына жұмысқа тұрады, оны бұл жерден барлық жұртты бөгеп, барлық ережелерге қарсы өзінің бастығынан хабарды қабылдап отырғаны үшін жұмыстан шығарып жібереді, өйткені Морзе телеграфы бір хабардан артық қабылдамайтын. Осыдан ол Форт-Вейнге барады, онда ол ұнағаны соншалықты, оны ең жақсы жер Индианаполиске ауыстырады.

Осы жерде ол өзінің автоматты телеграф репетиторын ойлап тапты, оның көмегімен жеделхат бір желіден екіншісіне операторсыз және қабылдағышсыз не жіберетін аппаратсыз жіберілетін. Ол Мемфисте болғанда, оған өзінің өнертабысын қолданып, Жаңа Орлеан мен Луисвилльден және кері жеделхаттарды операторсыз Мемфис кеңсесі арқылы өтетіндей жасайды. Бұл үшін оны марапаттайды, бірақ тағы да ұмытшақтығы мен өз өнертабыстарымен шұғылданып, тапсырған жұмысқа зиян келтіргені үшін жұмыстан шығарады.

Көп ұзамай Эдисон Луисвилльге келеді, мұнда ол екі жыл шыдамдылықпен өзінің міндеттерін атқарады. Ол жұмыс істеген желі ескі және жөнге келтірілмеген болатын, электр тоғының бірқалыпсыз кернеуі салдарынан үнемі кідіріс болып, хабар жіберу тоқтап қалатын. Мұны болдырмау үшін, Эдисон сезгіштігі әртүрлі үш аппаратты бейімдеп, нәтижесінде, тоқтың бірқалыпсыз болғандығына қарамастан, сигналдар дұрыс қабылданатын.

Осы уақытта Оңтүстік Америкаға көшу қозғалысы күшейеді, бұл саяси наразылыққа негізделген, эмиграциялық індет болатын. Эдисон ой-пікірі жағынан солтүстіктік болғанына қармастан, бұдан тыс қалмады. Бірақ Рио-де-Жанейроның орнына ол өзінің ата-анасына Мичиганға барады, өйткені соңғы сәтте шешімін өзгертеді. Оларда біраз уақыт болып, ол Луисвилльге қайтып келеді, мұнда оны бұрынғы орнына қабылдап, ол жұмысына екі есе күшпен кіріседі. Осы уақытта ол электр жөнінде кітап жазады, оны өзі шығармақ болады, бірақ қаражат жетіспеуіне байланысты бұл өндірістен бас тартады. Бұл жұмыста да ол жағымсыз оқиғаға тап болады: өзінің тәжірибелеріне қолдану үшін күкірт қышқылы құйылған бөтелкелерді тасып жүргенде, бөтелкені аударып алып, қышқыл жерге төгіледі, банкирдің кеңсесіндегі қымбат жиһаз бен брюссель кілемін құртады. Нәтижесінде жас жігіт тағы жұмыстан шығарылады. 

Біраз уақыттан кейін Бостон бюросындағы танысы Аделис Эдисонды шақырып алып, телеграф компаниясының директоры Милликенге өте маңызды нью-йорк желісінде жұмыс істеуге ыңғайлы адам ретінде ұсынады. Эдисон өзінің жаңа бастығын өте білімді, тіпті өнертапқыш ретінде таныды, ол жас өнертапқышқа лезде көңіл аударады; ол оның дарынын таныған екінші адам болатын, біріншісі өзінің анасы болатын. Томас жиырма жасында Бостонға келеді. Мұнда ол өзінің шеберханасын ашады, онда бос уақытында бұрынғыдай барлық уақытын тәжірибелер мен зерттеулерге арнады. Әртүрлі өнертабыстары туралы идея оны жаулап алып, маза бермейді.

Бақытты оқиға оны кедейшіліктен шығарып, оның ғажап мансабының басы болады. Жұмыс іздеп жүріп, ол алтын рыногының жағдайы туралы телеграфтық есептер жеткізумен шұғылданатын, Ло телеграфтық компаниясына кіреді. Компанияның иесі осындай есептерді жіберуге арналған аппаратын істей алмай жатыр екен. Эдисон осы уақытта оған тап болады. Ол аппаратты жөндеуге кірісіп кетеді, бірнеше минуттан соң аппарат жұмыс істей бастайды. Бұл сәттілік оны бір айға ғана емес, өмір бойы жақсы жұмыспен қамтамасыз етті. Көп ұзамай ол өзінің басатын телеграфын ойлап тапты және оған Ф. Поопемен (Батыс компанияның кеңесші технигі) патент алады. Біршама уақыттан соң алтын рыногының телеграф кеңсесінің барлық жұмысы ол жасаған аппараттардың көмегімен жүргізіледі, Эдисон үлкен кәсіпорын – Батыс одағы компаниясына қомақты жалақымен техник қызметіне жұмысқа шақырылады, бұл компания ол ұсынған шарттармен оның өнертабыстарының алғашқы сатып алушысы болады.

Енді оның қарамағында зор қаржы болады, ол Нью-Джерси штатындағы Нью-Йоркке  ауысады, мұнда ол үш жүз адам жұмыс істейтін үлкен электр шеберханасын құрады, бұл шеберхана үш бөлімше мен екі зертханадан құралатын. Шеберхана бастапқыда телеграфтық аппараттар мен басқа да электрлік аспаптар жасауға мамандандырылған болатын; бірақ оның қызметі кейін кеңейтіліп, Эдисон одан әртүрлі өнертабыстар ойлап тауып, шығарылатын орталық жасайды. Бұл оның қызметіндегі ең қызу шақ болатын, жаңалықтар бірінен кейін бірі ашылып жатты, американдық патенттік бюроның директоры Картинно ол туралы былай деді: “Дорога в контору привилегий не успевала остывать под ногами этого молодого человека”.

Биржалық есептерге арналған басатын аппаратты жетілдіргеннен кейін ол осындай аспаптарды отыз мың долларға жасауға тапсырыс алды. Америкада және Еуропада кең тараған басты өнертабыстарының ішінде келесілерді атап кеткен жөн: басатын автоматты телеграф; төрттік телеграф берілісі жүйесі (quadruplex); электрлік қызатын шам және электрлік жарықтандыру жүйесі; динамоэлектрлік машина; бұрышты диафрагмалы телефон; кейінгісі: фонограф, тазиметр және басқалар.

Төрттік телеграфтың аталған жүйесі сымның әр ұшынан біруақытта екі жеделхаттан жіберуге мүмкіндік берді, бұл оны пайдаланудың сол шығынымен оның өнімділігін төрт есе көбейтті; ескі Морзе жүйесінде сол уақыт аралығында бір хабар ғана жіберу мүмкін болатын. Батыс телеграф одағының американдық компаниясының төрағасы өз есебінде Эдисон жүйесі “компанияға жыл сайын жарты миллион долларды үнемдеуге мүмкіндік берді” деген.

Келесісі электрлік жарықтандыру идеясы болды. Осы саладағы көптеген өнертабыстарын зерттей отырып, Эдисон қыздыру жүйесіне тоқтады, көптеген тәжірибелерінің және үздіксіз, көп жылғы еңбегінің арқасында өзінің өнертабысын жетілдірді. Өзінің бірінші шамында Эдисон платинаны, оның иридиймен, одан соң цирконмен және басқа баяу балқитын металдармен қорытпасын қолданды. Біршама уақыт өткеннен соң ол «электр шамы үшін ең үздік материал бамбуктың күйдірілген талшығы» деген қорытындыға келді және осы шамдарды фабрикада шығару үшін техникалық шарттарын жасады.

Алғашында Эдисон қағаз өзекшені көмір өзекшемен алмастырып, көптеген металдармен эксперименттер жасаған, кейін келе, күйдірілген бамбук талшықтарын қолдана бастады. Сол жылы Эдисон өз үйін, шеберханасын, көршілес жатқан көшелерді жарықтандырып, өзінің электр шамдарын 3 мың адамның назарына ұсынған. Эдисонның шамы жұмыс істеу уақыты мен өндіру тиімділігі бойынша өте ыңғайлы еді. Бірақ бамбук талшықтарынан жасалған өзекшелер қымбатқа түскендіктен, Эдисон мақтаны арнайы тәсілмен өңдеу арқылы өзекшенің тиімді түрін тапқан. Мақтаны ыстық хлор-цинк ерітіндісіне салып, оны бірте-бірте еріткен. Пайда болған ерітіндіні насостың көмегімен қоюландырып, жіңішке түтікше арқылы спирті бар ыдысқа сыққан. Осы процесте ол жіңішке жіпке айналып, барабанға оралған. Пайда болған өзекше хлор-цинк ерітіндісінен айырылып, құрғатылып, v-типті формаларға кесіп, пеште күйдірген. Осыдан кейін өзекшенің үстін көмір ұнтағының жіңішке қабатымен жалатқан. Бұны ұйымдастыру үшін өзекшені жарық бергіш газы бар қалпақшаның ішіне орнатып, одан тоқ көзін өткізген. Өзекшеден тоқ өткендіктен, газ бөлшектеніп, оның үстінде көміртегінің жұқа қабаты түзілген. Осындай қиын операциялардан кейін пайдаға асар өзекше жарық көрген.

Электр шамды жасау да оңай іс емес. Шыны қалпақша ішіне балқытылған екі платина электродтардың ортасына өзекше орнатылып, ішіндегі барлық ауа сорылады. Ауа сорылғаннан кейін шамды контактісі бар цокольға орнатып, патронға кигізеді. Эдисон шамының орташа жұмыс істеу уақыты 800-1000 сағатты құрайтын.

Динамоэлектрлік машинаға келсек, бұл жерде Эдисон Пикси, Сакстон, Кларк, Сименс, Грамм, Вильд және басқалар сияқты өнертапқыштардың нұсқаларымен танысты. Динамо-машинаға Эдисон енгізген жақсартулар оның құрылысын жеңілдетіп, артық сымдар санын азайтып, бөліктердің пайдасыз кедергісін азайтуға бағытталды. Нәтижесінде өте шағын және зор күшті дамытатын өте өзіндік механизм пайда болды. Ең үлкен және электр жарықтандыруының барлық түрін өндірумен шұғылданатын, Нью-Йорктегі электртехникалық заводта Эдисон әлемдік рынокқа кішкентай мөлшерден бастап қалаларды жарықтандыруға арналған аумақты механизмдегі барлық өлшемдегі динамо-машиналар жасап шығарды.

Телефонмен де осындай оқиға болды: Педж, Рейс, Белль, Юз, Сименс, Фелпс, Грей жұмыстарының негізінде Эдисон бұрынғы өнертабыстардың негізгі проблемасы болған, дірілдеуші пластинкасыз, дыбыс толқындарын электр тоғының сәйкес тербелістеріне түрлендіру принципіне негізделген, бұрышты диафрагмалы телефон – жаңа жетілдірілген құрылғысын шығарды. Телефонмен жұмыс істей отырып, Эдисон оның принципін әрі қарай дамытуға негізделген, көптеген тапқыр аспаптар ойлап тапты. Оның ішінде ең күрделісі – судың дыбыстарды жақсы беруіне негізделген, теңіз телефоны. Осы аппараттың көмегімен ашық теңізде бу ысқырғышы арқылы жеті мильге дейінгі ара қашықтықта кемелер арасында келіссөз жүргізу мүмкін болды.

Эдисонның ең тамаша өнертабысы – фонограф. Көріп тұрғанымыздай, көп жағдайларда оның дарынды ізбасарлары болды және көптеген жаңалықтарды еуропалық өнертапқыштармен бөлісті; осының бәрі көптеген жұмыстарының жеке өзінікі екендігіне таласуға себеп болды, бірақ фонограф оның данышпан ақылының жетістігі, жемісі еді. Аппарат көпшіліктің назарына ілікті, өйткені барлықтары сөйлейтін машинаны көріп естігісі келді. 1888 жылы Эдисон адамның даусын керемет дәлдікпен қайталайтын және дауыстың барлық интонациясы мен барлық мүмкін болатын дауыстарды беретін идеалды фонограф ойлап тапқаны белгілі болды. Нью-Йоркте оның басшылығымен соңғы түрдегі фонографтар жасайтын фирма жұмыс істей бастады [9, б. 456].

Эдисонның соңғы өнертабыстарының бірі – тазиметр, температураның минималды көтерілуін өлшейтін аспап. Оның сезгіштігі соншалықты, ол арқылы жұлдыздардың температурасы мен күн тұтылғанда күннің айналасындағы сәуле жиектерін анықтауға болады; ол ылғалдылықтың байқалмайтын өзгерістерін көрсетеді.

Өнертапқышпен шұғылданғанына қарамастан, Эдисонның отбасы өмірі бақытты өтті. Ол жақсы күйеу болды және балаларын жақсы көрді. 1876 жылы, келушілердің көптігі мен халықтың әуестігіне байланысты жеке қала алмауынан Нью-Йорктың жұмыс істеуге ыңғайсыздығына байланысты, Эдисон отбасымен Нью-Йорктан жиырма төрт миль жердегі,  Филадельфияға апаратын темір жол желісіндегі тұрғындары аз Менло-Парк қаласына орналасады. Осы жерде ол өзінің көп өнертабыстары шыққан, атақты шеберханалары мен зертханасын ұйымдастырады [3, б. 211-212].

ХIХ ғасырдың 80-ші жылдарының аяғында Томас Эдисон өз шеберханаларын Нью-Йорк маңайындағы Левелин-Парк, Оранджға ауыстырады. Эдисонның Орандждағы жаңа үйі керемет парктің ортасында болды, осы жерде көз көргендердің суреттеуінше әлемде жоқ шеберханалары болған. Олардың жанында, өз кезегінде ең жаңа әрі ыңғайлы салынған әдемі үйлер орналасты, бұл үйлерде оның көптеген көмекшілері және шеберхананың көп штатты қызметшілері мен жұмыскерлері тұрған. Осының бәрі қайталанбайтын орталықты, өзінше қалашықты құрайтын, одан бүкіл әлемде пайдаланылатын әр алуан өнертабыстары шығарылды. Барлық зертханалары мен физикалық кабинеттері үздік жабдықталды, химия зертханаларында ғылымда белгілі химиялық заттары бар қойма ғана емес, өсімдік және жануарлардан алынатын әр алуан материалдар да болды.

Дәл ғылым мен техниканың барлық салалары бойынша кітаптардан құралған, жүз мың томнан тұратын, алып көлемдегі кітапхана залы ішкі құрылысы мен ыңғайлығы жағынан ғажап еді. Экзотикалық өсімдіктердің ортасында сабақ оқуға ыңғайлы үстелдер мен биік үстелдер қойылған. Осының бәрі электрмен жарықтандырылған. Зертханада үлкен дәрісхана болды, онда нақты уақытта Эдисонның көмекшілері дәрістер оқитын; дәріс оқушының кафедрасына, аспаптарға арналған үстелдермен және суреттерге арналған тақталармен бірге, әртүрлі тәжірибелер жасау үшін ең күшті динамо-машиналар мен электр батареяларынан сымдардың ұштары шығарылып қойылатын.

1889 жылғы жазда Эдисон Париждегі Бүкіләлемдік көрмеге барады, бұл көрмеге оның жаңа, жетілдірілген фонографы қойылады. Оның өнертабысы қойылған стенд көп адамдарды қызықтырды, осы күндері көрмеде болған барлық адамдар көрген ғажайып техника мен оны жасаған қарапайым адамды көпке дейін есте сақтады. Бұл адамның аты – Томас Эдисон…

Томас Эдисон – адамзат арасында белгілі уақыт аралығында болған үлкен ақыл иесі, ғылым мен техниканың алуан салаларының дамуына өз ізін қалдырған, жаңа дәуірдің тұлғасы. Оған әдеттегі қарапайым адамды бағалауда қолданатын өлшемдерді қолдану мүмкін емес, ол өзінің ерекше ақылдылығының және адамзатқа тән емес дарыны арқасында ғылымда әлі жеткілікті зерттелмеген керемет феномен болып қала бермек. 

Сонымен, Томас Алва Эдисон – бүкіл әлемге белгілі американдық өнертапқыш және кәсіпкер, АҚШ-та 1093 патент және әлемнің басқа елдерінде шамамен 3 мың патент алған. Ол телеграф, телефон, киноаппаратураны жетілдірді, электрлік қызатын шамның ең алғашқы коммерциялық табысты нұсқасын ойлап тапты, фонографты ойлап шығарды. Ол телефонмен сөйлесуді бастамас бұрын «алло» сөзін айтуды ұсынды. Бұл сөз сөздік қорымызға еніп, қазірге дейін қолданылады. 1928 жылы Томас Алва Эдисон АҚШ-тың ең жоғары наградасы Конгрестің Алтын медалімен марапатталды, ал 1930 жылы КСРО ҒА шетелдік құрметті мүшесі атанды.

1889 жылы қазан айының басында Эдисон Париж көрмесінен қайтып келді. Диксон оған сыйлық дайындап қойған еді: алғашқы нағыз «кинетофон» фильмі. Таспада Т. Эдисонмен амандасып, дыбыс пен бейненің синхрондылығын дәлелдеу үшін онға дейін санап, қолын көтерген Диксонның өзі пайда болды. Эдисон қатты қуанып, 7-қазанда құрылғы мен фильмді зертханасының бірнеше қонағына көрсетті.

Ақсүйектер салонында бұл техникалық жаңалық үлкен табысқа ие болды. 1892 жылы Эдисон әлемдегі алғаш киностудияның құрылуын қаржыландырды. Бұл сыртынан және ішкі жағынан қара матамен қапталған ағаштан жасалынған кішігірім құрылғы болды; ішінде екі бөлмесі болды – оқиғалар көрсетілетін сцена және дыбысхана. Камера рельстарға орнатылып, сценаға қарай немесе керісінше жылжыды. Шыныланған шатырдан ылғи күн түсіп тұру үшін құрылыс толықтай дөңгелектердің үстінде айнала алатын. Қара түсі үшін студияны «Қара Мария» деп атап кетті. Әлемдегі ең алғаш студияның құрылуына 637 доллар ақша жұмсалды [4].

«Қара Марияда» қысқа сюжеттер – би және цирк номерлері, бокс айқастары, сиқыршылардың, тіпті аюлардың трюктары түсірілді. Кейбір фильмдер, мысалы «Техасские ковбои, бросающие лассо», студиядан тыс «табиғатта» түсірілді. Кинематография аз-аздап көпшілікке әйгілі бола бастады.

Алайда тарих Эдисонды келемеждеп, одан киноны алғаш ойлап табушы мәртебесін алып қойғандай... 1894 жылы Парижде өткен «кинетоскопты» көрсету шараларының біреуіне кездейсоқ Луи Люмьер барады. Ол келесі жылдың басында-ақ ағасы Огюстпен бірге «синематографқа» – камера мен проекторды біріктіруші аппаратқа патент рәсімдеп алады. 1985 жылдың 22 наурызында ағайындылар ұлттық өнеркәсіп комиссиясының мүшелеріне өнер туындысының тұсаукесерін өткізді, ал 28 желтоқсанда Капуциндер бульварындағы Гранд Кафеде алғашқы ақылы кинематографиялық сеанс өткізіледі, көпшілік өнердің тууы осы жағдаймен есте қалды.

Еуропалық мансапқұмарларға оп-оңай алданып қалған Эдисон көпшілік сеанстарды ұйымдастыру үшін дереу өзінің техникалық мүмкіндіктерін іздестіре бастайды. Ол үшін оған Джекинс-Арматтың «витаскопиялық» проекторына патент сатып алуға тура келді (айта кететін жайт, бұл оның өз туындысының жетілдірілген түрі болатын). 1896 жылы 23 сәуірде Нью-Йорктағы «Костэр и Биэл» мюзик-холында «витаскопиялық» фильмдердің алғаш америкалық көпшілік көрсетілімі өткізілді.

XX ғасырдың бірінші онжылдығында қино барлық әлемді жаулап алды – әсіресе Американы. Киностудия үлкен қарқынмен дамыды. Мыңдаған фильмдер түсіріліп, олар адам айтқысыз пайда әкелді. Өнертабыстары сол кино өндірісіндегі серпілісті туындатқан кино түсіру индустриясының алғаш жол салушысы Эдисонды осы сала көшбасшысы позициясынан шапшаңдау фильм жасаушылар ығыстырып жіберді, бірақ Эдисон бұндайға шыдамақ емес еді. 1909 жылы ол іс жүзінде барлық саланы монополияландырған және АҚШ-та түсірілген және көрсетілген әрбір фильмнен аударым алып отырған кино өндірісінің патент иелері одағын құруға бастамашылық етті. Осылайша АҚШ киноиндустриясын толықтай өзіне тәуелді етіп, Т. Эдисон кино өндірісі саласындағы көшбасшылықты өзіне қайтарып алмақ болды. Оның жеке студиясында («Черная Мария» сол уақытта ескерусіз қалған) көркем фильмдер бірінен соң бірі түсіріліп, «The Kinetogram» журналы жарыққа шығып отырды [4].

Алайда 1917 жылы Эдисонның патент иелері одағына сенімгерлікке қарсы заң қолданылды да, Эдисон бәсекелестеріне көрсеткен қаржылай қысымның басты тұтқасынан айырылып, кино өндірісіне салғын барлық қаржыны тез арада қайтарып алды. Бұдан былай ешқашан кино түсірумен айналысқан жоқ. 

Томас Эдисон – адамзаттың арасында белгілі бір уақыт аралықтарында пайда болып, ғылым мен техниканың дамыған немесе басқа да саласындағы жаңа дәуірлердің белгісі болған ұлы ойшылдардың бірі.

Менеджмент саласындағы американдық маман былай деп ерекше көңіл аударады: «XIX ғасырдағы ең жолы болғыш өнертапқыш Эдисон өнертапқыштықты бүгінде біз зерттеулер деп атайтын ғылыми пәнге айналдырды. Бірақ шынында, ол өз ісін құрып, үлкен бизмесмен болуға талпынған. Сол кезде ол қолына алған барлық іскери бастамаларын сәтсіздікке ұшыратып, ол бастаған әрбір істі сақтап қалу үшін, оны әр кез басқарушылықтан босатып отыруға тура келді. Ғылымды қажет ететін кәсіпорындардың көбісі бүгінде дәл солай басқарылуын жалғастыруда, дұрысында, Эдисон жасаған қателіктер басқарушылықта әлі де қайталанып жатыр. Бұл, біріншіден, неліктен ғылымды қажет ететін салалар үйреншікті жолмен жүріп жатқанын түсіндіреді: бәрі де шаттанған дауыстардан, екпінді дамудан басталады, содан соң бес жыл бойы кенет дағдарыс пен күйреу, сосын қайта көтерілу қайталанып тұрады «Силиконовая долина» компаниясының көп бөлігі және де жаңа бтотехнологиялық компаниялардың көбісі әлі де өнертапқыштар болып қала бермек. Мүмкін бұл ғылымды қажет ететін салалар неліктен бүгінгі күнге дейін Конгратьевтің болжамын растап келе жатқанын түсіндіретін шығар – экономиканың толықтай қайта өрлеуі үшін олар жұмыс орындарының жеткілікті санын қалыптастыра алмайды. Ал кәсіпкерлік «ғылымды қажет ететін» компаниялар бұған қол жеткізе алады [5, б. 30-31].

Осылайша, Томас Альва Эдисон – әлемге танымал американдық өнертапқыш және кәсіпкер, АҚШ-та 1093 патент алса, әлемнің басқа елдерінде 3 мыңға жуық патент алды. Ол телеграфты, телефонды, кино аппаратын жетілдірді, электр балқыту лампасының коммерциялық табысты түрінің алғашқыларының бірін жасады, фотографты ойлап тапты. Ол дәл өзі телефон арқылы сөйлесудің басында «алло» деген сөзді қолданып, телефон арқылы әңгімелесуді содан бастауды ұсынған еді. Бұл сөз әлі күнге дейін қолданылуда. 1982 жылы Томас Альва Эдисон АҚШ ең жоғарғы наградасы Конгресстің алтын медалімен марапатталды, ал 1930 жылы КСРО ҒА шетелдік құрметті мүшесі атағын алды.

...