+1 дауыс
524 көрілді
Не себептi өнертапқыштардың еңбегi бағаланбайды? Мысалы: Теледидардан бiр әншi шықса, мәә мына әншi әндi күштi айтады деймiз. (оның фонограммамен айтып жатқанымен шаруамыз жоқ) Ақындарды алар болсақ та солай бiр айтысқа шықса жеңiмпаз болса бiр автокөлiк ұтады. (бiр керемет қоғам мәселесiн шешiп тастағандай) Дұрыс олар да қазақ өнерiн насихаттап жүр алайда............ Сондай т.б жұлдыздар байып жатыр. Ал өнертапқыштардың еңбегi бағаланбайтын сияқты. Теледидардан көрсетедi мына өнертапқыш осындай зат ойлап тауыпты деп. Ал бiрақ ешқандай сыйлық немесе марапатты көрiп, бiлiп жатқан жоқ қарапайым халық. Мыс: Пультті қазақ ойлап тапқан Демалыс сәтінде рахаттанып жатып, көгілдір экраннан жақсы бір хабар, кино, концерт көргіңіз келетіні ақиқат. Немесе қандай бір спорттық жарыстардың жанкүйері болсаңыз, қолыңыздан арналарды ауыстыратын тетік түспейді. Кәдімгі теледидардың пультін қолға ұстап жатып, әбден үйреншікті болған затты алғаш кім ойлап тапты екен деп ойлана қоймайсыз. Ал енді сол пультті алғаш қазақ азаматы Шәкен Ниязбеков ойлап тапты дегенге сенесіз бе? Кәдімгі Қазақстан Туының авторы – Шәкен ағамыз! Ол өткен ғасырдың 60- жылдары Ленинград сурет академиясында оқып жүргенде осы өнертабысымен жұртты таң қалдырған екен. 1964 жылы Чехословакияда өткен өнертапқыш-тардың халықаралық байқауында ленинградтық студент Ш.Ниязбеков бас жүлдеге ие болады. Кейін онысы Ленинградтағы көрмеге де қойылады. Бірақ осы дүниесі қолды болып, суық қолды ұрылар жымқырып кетеді. Сол үшін тіпті іске Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті адамдары да араласқан көрінеді. Көп ұзамай ұрлық ашылады. Жапонияның жансызы әшкере болады. Сөйтіп қылмыстың өтеуіне жапондықтар Шәкен Ниязбековке 20 мың рубль төлейді. Ендеше, пультті қазақ ойлап тапқан деп мақтанышпен айтуға болады. Мынаған не дейсiз ал мұны тiптi қазақтардың көпшiлiгi бiлмейдi де. Кәдiмгi үйдегi үй телефонын Алексндр Грейн Белл ойлап тапқан. Ұялы телефон байланыс құралын Мартин Купер ойлап тапқан. Мұның бәрiн халық бiле бермейдi. Не себептi деп ойлайсыздар? Және әншiлерге де құрмет көрсеткендей өнертапқыштардың еңбегiн бағаламасқа. Мыс: Шет елдерде оларға сый-сыяпат жасап еңбегiн бағалайды. Ал бiздерде сый-сыяпат жасамақ түгiлi патенттi де бермей уақытын алады. Сосын олар шет елдерге барып сонда табыс көзiне алады. Неге мұндай деп ойлайсыздар?

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Бұл мұнайлы елдің енжар болатынының тағы бір дәлелі. Мұнай сатудан түскен қаржыны оңды-солды жұмсап, шетелден дайын өнім сатып алу қанымызға сіңіп кетті.

+1 дауыс

Бұл қазақ халқының мұндайларға мән бермейтінін.Шетелден сатып алуға құмар екенін дәлелдеп тұр

0 дауыс

бізде адам ресурстарын пайдалану деген мүлде дамымаған.Ол үшін жері алақандай Жапония,Корея,Сингапур,Қытай  сияқты мемлекетердің жеріндей халқы санынан көп болу қажет.

...