Алтынай есіміне арналған поэзия керек.

0 дауыс
517 қаралым
Алтынай есіміне арнап өлең шығарып бере аласыздар ма поэзияға
• Санаты: Кітап, Әдебиет

1 жауап

0 дауыс

Даусы құрғыр қалыпты тарлан тартып,
Жүрмеген соң көп болды өлең айтып.

Алтынай,
Айтайын сөздің салтын-ай,
Ахау, агигай.

Бір-екі ауыз өлеңді мен айтайын,
Өтіп кеткен бұл дәурен келмес қайтып.

Алтынай,
Айтайын сөздің салтын-ай,
Ахау, агигай.

Ақыр жетіп арманға арымаған,
Аямайды-ау досынан жанын адам.

Алтынай,
Айтайын сөздің салтын-ай,
Ахау, агигай.

Өлең деген немене білгендерге,
Сүйегіме ақындық дарымаған.

Алтынай,
Айтайын сөздің салтын-ай,
Ахау, агигай.

Толығырақ: https://bilim-all.kz/olen/10226-Altynai

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
2 жауап
127,752 сұрақ
322,321 жауап
153,150 пікір
72,777 қолданушы