0 дауыс
11.1k көрілді
Индустриялық қоғамы бар елдерге тән үрдістерді атаңдар.

1 жауап

0 дауыс

Индустриалдық қоғам және оның саналуан түрлерін (электронды қоғам, үшінші толқын өркениеті, технотронды дәуір) құру теориясы институционалдық теорияның жаңа кезеңін бастап берді. Жалпы, «постиндустриалдық қоғам» терминін 1958 жылы Д.Рисман қолданды. Бірақ, ол оны «бос уақыт қоғамы» ретінде қарастырды. Постиндустриализм концепциясының нағыз негізін қалаушы Д.Белл бұл ұғымды ұзақ жылдар бойы мұқият зерттеді. Қоғам түрлерінің айырмашылығы адамның табиғатпен, машиналармен және өзге адамдармен қарым-қатынасымен айқындалады. Яғни, бірінші қоғам «адамның табиғатпен өзара әрекетінің» көрінісі, екіншісі – «адамның түр-лендірілген табиғатпен немесе машинамен өзара іс-әрекеті», ал, үшіншісі – «адамның адаммен өзара әрекеттесуі» немесе «адамдар арасындағы ойын». Бұл аталған қоғамдар бірін-бірі жоя алмайды: постиндустриалдық қоғам индустриалдық қоғамға тән құрылымдар мен процестерді қамтиды. Ал, индустриалдық қоғам индустриалдыққа дейінгі қоғамда қол жеткен табыстарды пайдаланады. Кейінгі қоғамдық құбылыстар алдыңғы қоғамды жетілдіре отырып, оған жаңа сипат береді, сөйтіп тұтасқа айналады» дейді Белл.

Толығырақ: http://aqiqat.kazgazeta.kz/news/10315

...