0 дауыс
934 көрілді
Табиғаттағы айналымдар тақырыбына эссе жазыңыздар

1 жауап

0 дауыс

Биологиялық айналым — тіршілікте үздіксіз жүріп жататын биологиялық құбылыстардың кеңістікте белгілі бір тәртіппен қайталануы. Табиғатта болатын биологиялық айналымның сұлбасын былай көрсетуге болады:

  • продуценттер (жасыл өсімдіктер) күннің жарық энергиясын сіңіруінің нәтижесінде органикалық заттарды (бастапқы өнімді) түзеді. Ол заттар негізгі тіршілік тірегі болып саналады;
  • консументтер (жануарлар) дайын органикалық заттарды пайдаланып, оларды бір түрден екінші түрге айналдырады да, Жер бетінде тіршіліктің дамуына және олардың ұрпақтарының үнемі алмасып отыруына жағдай жасайды;
  • редуценттер (микроорганизмдер) органикалық заттарды минералды заттарға ыдыратады, соның нәтижесінде табиғатта қажетсіз қалдықтардың жиналуына жол бермейді.

Биологиялық айналым нәтижесінде табиғаттағы тіршіліктің дамуына қажетті элементтер топырақтан, ауадан және судан тірі организмдерге таралады және қайтадан топыраққа, ауаға, суға оралады.

Ұқсас сұрақтар

...