9-11 сынып түлектері үшін
0306000 «Фармация», біліктілігі 0306013 «Фармацевт». Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай. Оқыту нысаны: күндізгі кешкі. Төмендегі пәндер бойынша оқуға түсу емтихандары:
- «Қазақстан тарихы», «Орыс тілі», «Химия»
Гигиена және эпидемиология
«Гигиена және эпидемиология» мамандығы оқу үдерісі күндізгі. Оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай.
Студенттерге «Гигиенист - эпидемиолог» деген біліктілік беріледі.
Студенттерге жоғарғы білімді 64 оқытушы дәріс береді.
Колледжде студенттерге мультимедиялық түрде білікті санатты оқытушылар дәріс береді.
Қабылданған студенттерге жағдайына байланысты жатақханамен қамтамасыз етіледі.
0303000 – «Гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша кәсіби қызметтің объектілері. Гигиенист – эпидемиологтың кәсіби қызметінің объектісіне:
- Санитариялық – эпидемиологиялық қадағалау мекемелері, СЭС,
- Орталықтары, дезинфекциялық станциялары,
- Салауатты өмір салтын насихаттау орталықтары,
- Обаға қарсы күресу және дезинфекциялық бейіндегі өндірістік кәсіпорындар жатады.
0303000 – «Гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша кәсіби қызметтің түрлері:
Гигиенист – эпидемиологтың кәсіби қызметінің түрлері бойынша:
- Дәрігердің басқаруымен және бақылауымен мемлекеттік санитариялық бақылау эпидемияға қарсы, алдын алу, дезинфекциялық шаралар және лабораториялық зерттеулер жүргізеді.
- Бактериологиялық зерттеуге сынама алады, сүртпе даярлайды және зерттелетін материалдарға алғашқы егу жүргізіледі;
- Тағам өнімдерінен және басқа қоршаған орта объектілерінен лабораториялық зерттеуге және гигиеналық сараптама жүргізуге сынамалар алады;
- Қоршаған орта объектілеріне аспаптық және лабораториялық зерттеулер жүргізу әдістерін қолданады;
- Тағам және өндірістік кәсіпорындарға, балабақша мен мектептерге, коммуналдық нысандарға, емдеу – алдын алу мекемелеріне ағымдық санитариялық бақылау жүргізеді;
- Эпидемиологиялық қадағалауды іске асырады және инфекциялық аурушаңдыққа талдау жасайды;
- Жұқпалы аурулардың ошақтарында тексеру жүргізеді;
- Дезинфекция, стерилизация, дезинсекция және дератизацияның барлық түрлерін ұйымдастырады және жүргізеді;
- ҚР – ң реестріне сәйкес қазіргі кездегі дезинфектанттарды, дезинсекция және дератизация жабдықтарын қолданады;
- Өндірістік мекемелерде аурушаңдыққа талдау жүргізеді және еңбек жағдайын жақсарту шараларын әзірлеуді жүзеге асырады өткізуді (дәрігермен бірлесіп);
- Өткізуді алдын ала жоспарлауды, ұйымдастыру және иммунопрофилактика медициналық құжаттарының дұрыс жүргізілуін бақылайды;
- Халықтың әртүрлі топтарының тамақ рационына баға береді;
- Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу шараларын жүргізеді және бақылайды;
- Емдеу – алдын алу мекемелерінде (перзентхана, хирургия бөлімшелерінде және т.б) эпидемияға қарсы тәртіптің орындалуына бақылау жүргізеді:
- Қоршаған ортаның гелминттермен ластануына тексеру жүргізеді;
- Апат, аса қауіпті және карантиндік инфекциялардың ошақтарында санитария – гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастырады және жүргізеді;
- Халық арасында санитариялық – ағарту жұмыстарын жүргізеді;
- Халықты гигиенаға үйрету және тәрбиелеу, салауатты өмірсалтын насихаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.