0 дауыс
4.9k көрілді
Тутанхамон табытханасы туралы қандай мәлімет білесіз?

1 жауап

0 дауыс

Тутанхамон (сөзбе-сөз – Атонның тірі бейнесі, таққа отырғандағы есімі – Небхепрура) – Жаңа патшалық (18 әулет) дәуіріндегі Мысыр перғауыны. Шамамен біздің заманымыздан бұрын 1400 – 1392 жылы билік етті. Аменхотеп IV –нің (Эхнатонның) күйеу баласы, не оның ұлы немесе інісі де болуы мүмкін. 12 жасар кезінде Тутанхатон (Атонның тірі бейнесі) деген атпен таққа отырып, 20 жасында қайтыс болған. Өкімет билігі іс жүзінде уәзірі Эйе мен басқа да шонжарлардың қолында болды. Тутанхамонның кезінде Эхнатонның діни реформалары жойылып, Амон құдайға табыну қалпына келтірілді. Тутанхамонның өзі Тутанхатон атынан бас тартып, перғауын астанасын Эхетатоннан Фивыға қайтарды. 1922 жылы өнердің тамаша ескерткіштері бар тоналмаған перғауын бейіті – Тутанхамон табыты табылды.

Мысырдың тарихи жәдігерлер істері бойынша министрі Мамдох Элдамати радиолокациялық сканерлеудің арқасында Тутанхамон мазарында ең кемі екі жасырын бөлме бар екенін анықтағанын жария етті. 

Министрдің сөзіне қарағанда, сканерлеу негізінде алынған ақпараттың дәлдігі 90% шамасында.

Жасырын бөлмеде ежелгі мысыр патшайымы Нефертити патшайымының қабірі болуы мүмкін, деп болжайды археологтар.
Нефертити біздің заманымызға дейінгі 1351-1334 жылдары Ежелгі Мысырдың патшайымы, перғауын Аменхотептің әйелі, Тутанхамонның өгей шешесі болған.

Өткен жылы Николас Ривз Тутанхамон мазарының суреттерінен онда екі тұстағы кірпіштердің кейін сыланғанын байқап, есіктің орны болуы тиіс деп болжаған. Ол әлі табылмаған Нефертити патшайымының қабірі болуы мүмкін. Осыдан кейін осы тұсты сканерлеу жөнінде шешім қабылданды.  

Ұқсас сұрақтар

...