0 дауыс
1.4k көрілді
Ластанудың өсімдіктер дүниесіне әсеріне сипаттама беріңіз?

1 жауап

0 дауыс

Қысқаша:

Өсімдіктер  дүниесінің ластану және улануы ол өндірістік заттардың ауаға немесе суға одан әрі топыраққа өтуімен жүзеге асады. 

Мысалы мұнай өндірісін алар болсақ:

1) Оны өндіру және тасымалдау кезінде су және ауа қабаты ластанады.

а) теңіз көлемінде тасымалдау кезіндегі апаттар әсерінен

ә) тасымалдау кезінде ауаға ұшатын органикалық заттар мен газдар

б) тасымалдау кезінде құбырлардағы апаттар әсерінен топырақ жамылғысының ластануы

2) оны өңдеуге дайындау кезінде :

а) оны тұзсыздандыру кезінде қолданылған судың жеткілікті дәрежеде тазаланбай қоршаған ортаның су қорына құйылуы

ә) артық газдарды жою кезінде өртеуден келген зиян ( оны өртемей арнайы процестер арқылы бөліп алып қалданысқа енгізге бірден бірнеше мәселе шешілер еді: қаржылай пайда, экологияға  зиянды әсері азаяды.

3) мұнайды фракцияларға бөлу

а) атмосфераға көмірқышқыл газы, көміртек тотығы, күкірт оксиді, азот оксиді және т.б. көптеген заиянды газдар бөлініп, ол жауын шашынмен қайта жер қабатына түсіп барлық тіршілік атуына зиянын тигізеді.

4) мұнайхимия саласы- мұнай фракцияларын өндірістің басқа салалрында шикізат ретінде қолдану.  Бұл сатыда да түрлі зиянды заттар ауаға  да өндірістік сулармен де , радияция түрінде де бөлінеді. Осы айтылған процестер тікелей зияны көрініп тұрмаса да тірі табиғат айналмалы мехнизммен өмір сүретіндіктен , топырақ жамылғасы , су , ауа арқылы тірі организмнің тұтас бәріне орасан зор зиянын тигізуде. Соның ішінде өсімдіктерге де. 

Мен мамандығым бойынша барынша қысқаша түсіндіргенім осы, бұдан өзге басқа да салалардың экологиялық мәселе туғызып қоршаған ортаға  зиянын көрсетіп жатқаны белгілі.

...