0 дауыс
2.5k көрілді

Қазақстанның өсімдік шаруашылығының мамандануына сипаттама беріңіз. 

1 жауап

0 дауыс

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметі бойынша 2011 жылы барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 21,2 млн. га, соның ішінде дәнді дақылдар – 16,2 млн. га, оның ішінде бидай 13,8 млн. га құрады. Майлы дақылдар 1,8 млн. га, мақта – 160,6 мың га, қант қызылшасы 21,0 мың га, картоп және бақша дақылдары тиісінше 184,2 және 196,5 мың га алқапқа егілді. Дәнді дақылдардың алқабы 2010 жылмен салыстырғанда 427,3 мың га (2,6%) қысқарып, 16,2 млн. га құрады, бидайдың алқаптары 448,1 мың га қысқарып, 13,8 млн. га құрады.

Бұл ретте, 2010 жылмен салыстырғанда дәндік жүгері алқабы – 2,2 мың га, дәнді бұршақ дақылдар – 19,9 мың га, күнбағыс – 85,8 мың га, соя – 8,9 мың га, зығыр – 95,8 мың га, мақта – 23,4 мың га, қант қызылшасы – 0,9 мың га, көкөніс-бақша дақылдары – 12,7 мың га, картоп – 4,4 мың га, жемшөптік дақылдар – 97,3 мың га ұлғайды.

Егін түсімін жинау

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметі бойынша астықтың жалпы түсімі өңделгеннен кейінгі салмақта 27 млн. тоннаны ( соның ішінде бидай – 22,7 млн. тоннаны) құрады. Астықтың экспорттық әлеуеті ағымдағы жылы 15 млн. тонна деңгейінде бағаланып отыр

Майлы дақылдар бойынша жалпы түсім өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе ұлғайып, 1,1 млн. тоннаны құрады. Бұл көлем өсімдік майына ішкі қажеттілікті 100 % қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Көкөніс дақылдары мен картоптарға деген ішкі қажеттілік 200% жабылып отыр, ағымдағы жылы бұл дақылдар бойынша жалпы түсім 6,0 млн. тоннаны, соның ішінде картоп – 3,1 млн. тоннаны, көкөніс – 2,9 млн. тоннаны құрады.

Мемлекеттік ресурстарға астық сатып алу

Бюджеттік қаражат есебінен мемлекеттік азық-түліктік астық резервін жаңарту, мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын қалыптастыру және ішкі астық нарығын реттеу үшін отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерден мемлекеттік ресурстарға 500,0 мың тоннаға дейінгі көлемде астық сатып алу жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту бойынша мемлекеттік комиссиясының (бұдан әрі - Мемкомиссия) 2011 жылғы 22 тамыздағы №11-5/010-71,10-19 отырыс хаттамасына сәйкес, АШТӨ қолдау мақсатында «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы»ҰК» АҚ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен 1 тоннасына 25000 теңге бағасымен 5,0 млн. тонна шамасында астықты сатып алуды (комерциялық және мемлекеттік ресурстарды қоса алғанда) жүргізіп жатыр. 2012 жылғы 6 қаңтардағы 4,6 млн. тонна астық сатып алынды.

Сонымен қатар, Мемкомиссияның 2011 жылғы 8 қарашадағы № И-661 шешімімен тоннасына 16500 теңге бағасымен 3 млн. тонна астықты қосымша сатып алу мақұлданды. Бірінші кезекте, астық шағын және орта ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден сатып алынуда.

Астық нарығы

2011 жылдың қорытындысы бойынша экспортқа астыққа шаққандағы ұнды қоса есептегенде 6,2 млн. тонна астық жөнелтілді.

Астық экспортының қарқынын ұлғайту, оның бәсекеге қабілеттілігін көтеру мақсатында астықты Қытай Халық Республикасы бағытында және Ресей Федерациясы мен ҚХР аумағы бойынша транзитпен экспорттау кезінде бір тоннасына 6000 теңге есебімен көлік шығындарын субсидиялау жүзеге асырылып жатыр. Аталған мақсатқа республикалық бюджеттен 2011 және 2012 жылдарға 2,5 млн. тонна астық көлеміне тиісінше 5 және 10 млрд. теңге бөлінді.

22 желтоқсандағы жағдай бойынша субсидиялауға жоспарланған астықтық көлемі экспортқа жөнелтілді (833,3 мың тонна).

Астықты тасымалдау

Өсірілген түсімнің сақталуын және оны өткізуді қамтамасыз ету үшін солтүстік облыстардың астық қабылдау кәсіпорындарының астық көлемінен басқа облыстардың АҚК-леріне 1,8 млн. тонна астықауыстырылды, бұл жаңа түсімнің астығын қабылдауға мүмкіндік берді.

Фитосанитариялық қауіпсіздік

Өсімдіктерді қорғау мақсатында ағымдағы жылы 2,9 млрд. теңге бөлініп, бүкіл болжанған – 2,9 млн. га алқапта аса қауіпті зиянкестерге, 1,0 млн. га алқапта немесе жоспарланған алқаптың 50 %-ында дәнді дақылдар ауруларына қарсы химиялық күрес жүргізуге мүмкіндік берді.

Дәнді дақылдар ауруларына қарсы өңдеулер 0,8 млн. га алқапта ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің есебінен жүргізілді. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық өңдеулер 344,0 мың га алқапта жүргізілді.

«Өсімдік карантині» 004 республикалық бюджеттік бағдарламасының шеңберінде 1,0 млрд. теңге бөлініп, олардың есебінен карантиндік арамшөптерге қарсы 150,0 мың га алқапта, зиянкестерге қарсы 19,4 мың га алқапта оқшаулау және жою іс-шаралары жүргізілді.

Карантиндік зиянкестерді анықтауға зерттеулер 149,7 мың га алқапта, арамшөптерді – 3103,2 мың га, ауруларды – 15,5 мың га алқапта жүргізілді, оның ішінде ауру жұққан алқаптар тиісінше 19,5 мың га, 644,1 мың га және 18,0 га құрады.

Техникалық саясат

Жалпы, республика бойынша күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы өткен жылғы деңгейде болды. Күзгі науқанның басына 46,2 астық жинау комбайындары немесе қолда барының 98%, 14,8 мың жалшалап дестелегіш (99 %), 45,3 мың жүк көлігі (95%), 146,3 мың трактор (94 %), 82,6 трактор тіркемесі (95%), 3,2 мың механикаландырылған ток (94 %) дайындалды.

ЖЖМ қамтамасыз етілу

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының деректері бойынша, 2011 жылы егілген егіс алқаптары мен ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің технологиялық карталарына сәйкес АШТӨ күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынына қажеттілігі 800 мыңға жуық тоннаны құрады.

2011 жылдың көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге АШТӨ атына тоннасына 70 000 теңге (литрына 59 теңге шамасында) көтерме бағамен 354 мың тонна арзандатылған дизель отыны жіберілді, бұл АШТӨ-ге айтарлықтай қолдау болды. Бұл ретте, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге АШТӨ үшін орташа баға 68 теңге/литр құрады, бұл орташа бөлшек нарық бағаларынан 6 теңгеге төмен.

Күзгі дала жұмыстарын жүргізуге тоннасына 80 000 теңге бағасымен (литрына шамамен 67 теңге ) 405 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлініп, АШТӨ жеткізілді. Бұл ретте, АШТӨ үшін дизель отынының орташа бағалары операторларда литрына 77 теңгені құрады, бұл бөлшек нарық бағаларынан 15 теңгеге төмен.

Сонымен қатар, дәнді дақылдардың жоғары түсімі мен ылғалдығы жоғары астықтың үлкен легінің болуына байланысты дизель отынының қосымша көлемдеріне деген қажеттілік пайда болды.

Күзгі дала жұмыстарын жүргізуге және астық дақылдарын кептіруге шаруаларға 80000 теңге/литр бағасы бойынша 40 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді (оның ішінде Ақмола облысына – 13 мың тонна, Қостанай облысына – 10 мың тонна, Солтүстік Қазақстан облысына 17 мың тонна).

Мал шаруашылығы

2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша мал шаруашылығы дамуының негізгі көрсеткіштері мынадай:

ірі қара мал басының саны 7,6 % азайып, 5,7 млн. басты құрады, қой 0,6 % ұлғайды (15,4 млн. бас), шошқа 9% азайды (1,2 млн. бас), жылқы 1,5% ұлғайды (1,6 млн. бас), түйе 0,4% азайды (1,6 млн. бас), құс 0,4% ұлғайды (32,8 млн. бас).

Бұл ретте, ірі қара мал басы санының азаюы тек жеке қосалқы шаруашылықтарда ғана байқалуда, ал ауыл шаруашылығы құрылымдары мен шаруа қожалықтарында тиісінше 6,8% және 8,4% тұрақты өсім байқалуда.

Ет (сойыс салмақта) және жұмыртқа өндірісі өткен жылдың деңгейінде сақталып, 937,6 мың тонна мен 3700,9 млн. дананы құрады.

ІҚМ басының төмендеуі салдарынан сүт өндірісі 3,0 % (5186,3 мың тонна) төмендеді.

Бұл ретте, 2011 жылдың қорытындылары бойынша республиканың ауыл шаруашылығы құрылымдарында ет өндірісі (сойыс салмақта) 5,5%, сүт – 10,5%, жұмыртқа – 0,4% және жүн – 1,1% ұлғайды.

Облыс әкімдіктерінің мәліметі бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер ірі жемшөппен 114,5 % (қажеттілік 20131,2 мың тонна болғанда, 23047,6 мың тонна ірі жемшөп дайындалды), құнарлы жемшөптермен (сүрленген шөп) 20,6 % (834,1 мың тонна, қажеттілік 4045,7 мың тонна), құнарландырылған жемшөптермен – 137,2 % (6067,4 мың тонна, қажеттілік 4423,5 мың тонна) қамтамасыз етілді.

Ветеринария

Министрлік халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес ветеринария жүйесін қайта ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізді.

Атап айтқанда, диагностика жүйесін жетілдіру мақсатында халықаралық талаптарға сәйкес ветеринариялық зертханалар салынып жатыр. Қазіргі уақытта жоспарланған 11 облыстық және 115 аудандық бір типті модулдық зертхана, 27 ветеринариялық зертханасы (11 облыстық және 16 аудандық) салынды, 36 аудандық зертхана бойынша құрылыс жүргізіліп жатыр. Қалған 63 аудандық ветеринариялық зертханалар бойынша құрылыс кейінгі жылдары жүзеге асырылатын болады.

Жануарлардың аса қауіпті ауруларына диагностикалық зерттеулерді жүргізуге арналған қаржыландыру көлемдерін ұлғайту бруцеллезге тексерумен (ҰҚМ, ІҚМ) мал басын 100% дейін, ал аналық мал басын 2 есе қамтуға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта республикада эпизоотиялық жағдайларға сәйкес эпизоотияға қарсы іс-шараларды (малдарды вакцинациялау) қаржыландыру малдың 13 аса қауіпті аурулары бойынша жүзеге асырылады. Ветеринариялық шараларды жүргізуге жыл сайын қаржыландыру көлемдерінің ұлғаю динамикасы байқалады, оған ветеринариялық препараттарды сатып алу, сақтау, тасымалдау және пайдалану, сонымен қатар малдың аса қауіпті аурулардың тіркелген ошақтарын оқшаулау және жою бойынша шараларды жүргізу, республика аймағында ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін мал иелеріне жойылған және тартып алынған малдың нарықтық құнынан 80% дейін өтем ақысын өтеу кіреді.

Қазақстан Республикасы Халықаралық эпизоотиялық бюромен (бұдан әрі - ХЭБ) ынтымақтастықты тұрақты негізде жүзеге асырылады, оның басты қызметі зоосанитарлық ақпаратты ұсыну, ветеринариялық қызметтердің жұмысын жақсарту, халықаралық нормаларды әзірлеу арқылы әлемде мал ауруларының таралуын алдын алуға бағытталған.

ХЭБ Қазақстан Республикасына жануарлардың денсаулығын, тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, халықаралық сауданы жүзеге асыру кезінде және малдың аса қауіпті ауруларын жоюда әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді.

Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметі бойынша тамақ өнеркәсібінің өнімін шығаруды 2,3 мыңға жуық кәсіпорын жүзеге асырады.

Шырындарды қоса алғанда тамақ өнімі өндірісінің құрылымында негізгі үлесті астықты қайта өңдеу (31%), етті қайта өңдеу(9,6%), сүт (14,2%), жеміс-көкөніс (8,1%), тоң май (6,8%), шырын өндірісі (17%) алады.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметі бойынша 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанда қайта өңдеу өнімдерінің өндіріс көлемі 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3% ұлғайып, ақшалай мәнде 747,4 млрд. теңгені құрады.

Атап айтқанда, көкөніс консервілерінің 2,5 есе, макарон 13,9%, күріш 11,2%, шырындар 23,2%, маргарин 10,3%, шоколад 11%, кондитерлік өнімдер 1%, сұйық май 3,3% және шұжық өнімдерінің 7,9%өсуі байқалып отыр.

Сондай-ақ, барлық сүт өнімдерінің өндірісі айтарлықтай өсті. Осылайша, сұйық өңделген сүт пен кілегей 13,9%, сары май 7,1%, ірімшік пен сүзбе 4,2%, құрғақ сүт 12%, қойылтылған сүт пен кілегей 11,5% және ашыған сүт өнімдері 14,7% ұлғайды.

Сонымен бірге, кейбір тауарлар өндісінің шамалы қысқаруы байқалып отыр. Мысалға, қант өндірісі 25,4%, жарма 17,5%, ет және ет-өсімдікті консервілер 4,1% және ұн 4,4% төмендеді.

Өндірістің төмендеуі көптеген факторлармен байланысты, соның негізгісі республикада азық-түлік тауарларының ішкі және сыртқы ағыны болып табылады.Бұл ретте, елде бұл өнім түрлері бойынша жетіспеушілік байқалмайды.

2011 жылғы қаңтар-қазан айында республиканың ауыл шаруашылығы өнімінің қайта өңделген өнімдері бойынша сыртқы тауар айналымының көлемі 36% ұлғайып, 3 045,3 млн. АҚШ долларын құрады.

Есепті кезеңде жеміс-көкөніс консервілері, күріш, ет және ет-өсімдікті консервілер, шоколад пен кондитерлік өнімдер экспортының көлемдері әжептәуір ұлғайды.

Ішкі тұтынуда өңделген сүт, қойылтылған сүт және кілегей, күріш, маргарин импортының үлесінің төмендегені байқалады.

Сонымен қатар, қайта өңдеу көлемдерінің жыл сайынғы өсуіне қарамастан, негізгі ауыл шаруашылығы шикізаттарын қайта өңдеу үлесі төмен болып қалуда. Осылайша, етті қайта өңдеу үлесі 24,2%, сүт – 30,4%, дәнді дақылдар – 29,4%, жеміс-көкөніс дақылдары– 2,4% құрады.

Сондай-ақ, дәнді дақылдарды қайта өңдеу бойынша қазіргі қуаттардың жүктелуі 44,7%, ет бойынша – 35%, сүт – 71%, жеміс-көкөніс дақылдары – 39%, майлы дақылдар – 36% құрады.

Осылайша, қайта өңдеу саласының дамуын тоқтатып тұрған Қайта өңдеу саласының дамуын тоқтатып тұрған себептер - өндірілген шикізат сапасының төмендігі, қайта өңдеу қуаттарының толық жүктелмеуі, сондай-ақ техникалық жабдықтардың тозуы болып табылады, бұл нәтижесінде отандық ауыл шаруашылығы өнімі мен оның қайта өңделген өнімдерінің бәсекег қабілетсіз болуына алып келеді..

Ауыл шаруашылығы қайта өңдеу өндірістерін қолдау мақсатында несиелер бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау және ИСО, ХАССП енгізуге байланысты шығындарды өтеу бойынша бюджеттік бағдарламалар іске асырылуда, сондай-ақ ҚҚС төлеу бойынша жеңілдіктер, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдары арқылы жеңілдікті несиелендіру қарастырылған.


http://old.minagri.gov.kz/kz/big/pages/azastanny-ak/784.html

...