Бұрынғы сыныптардағы физикалық география сабақтарынан жер қыртысы мен жер беті миллиондаған жыл бойы геологиялық дамудан өткенін білдіңдер. Геологиялық даму барысында Қазақстан жерін әлденеше рет су басып, кейіннен теңіз табаны кұрлыққа айналған. Осының нәтижесінде, теңіз бен кұрлықтың табиғат жағдайлары өзгерген.
Палеозойға дейін, яғни архей және протерозой эраларында, республика аумағын тұтастай дерлік теңіз суы басып жатқан геосинклинальды аймақ болды. Қазақстанның батыс аймағында ғана жер қыртысының тұрақтанған белігі (учаскесі) Шығыс Еуропа (Орыс) платформасының шағын аймағы қалыптасты. Палеозойдың басынан бастап платформаның бұл аймағы біртіндеп төмен түсіп, оның бетін теңіз суы басты. Теңіз түбіне жиналған шөгінді жыныстар платформаның қазіргі шөгінді жамылғысын құрайды. Палеозой эрасында екі рет тау түзілістері болды. Бұл эрада дамыған геосинклиналды аймақтарда орын алған қатпарлықтар — каледон, герцин қатпарлықтары деп аталады.
Палеозойдың алғашқы жартысында каледондық тау түзілу кезінде қозғалмалы кұрлықтар қалыптаса бастады. Күшті тектоникалық қозғалыстар әсерінен геосинклиндер орнына Сарыарқаның солтүстік батысы мен Тянь-Шаньның солтүстігіндегі тау жүйелері құрылған.
Теңіз біртебірте тартылып, кұрлық көлемі ұлғая берген. Ежелгі Шығыс Еуропа платформасы да көтерілуге ұшырады. Жанартаудын, әрекетіне байланысты пайдалы кен казба байлықтары пайда болды. Тектоникалық козғалыстардың әрекетінен пайда болған жарьщтақтардағы магмалық жыныстар магний мен темір элементтеріне бай болып келеді.
Палеозойдың аяғына таман жүзеге асқан герциндік тау түзілу процесі кезінде Алтай және Жетісу Алатауы, Сарыарканың шығыс бөлігі және Мүғалжар өңірлері көтерілді. Бұл кезеңде Қазақстанның едәуір бөлігі жер қыртысының тұрақтаған бөлігіне айналып біршама көтерілген соң, оны екінші қайтара теңіз суы басқан жоқ. Осы кезеңде республиканың батысындағы Шығыс Еуропа платформасы мен Еуразияның солтүстік-шығысындағы Сібір платформасы көтеріле бастады.
Мезозой эрасында теңіз тек Батыс Қазақстанды басып жатқан. Осы эраның аяғында көптеген шығанақтар пайда болып, теңіз Сарыарқаға дейінгі аралықты қамтыған. Онда өзендердің қүрлықтан ағызып алып келген шөгінділері жиналған. Мезозой эрасы жер кыртысының салыстырмалы түрде тыныш кезеңі болған:бұл кезде тектоникалык козғалыстар баяу болған, бірде-бір тау жүйесі түзілмеген. Палеозойда құрылған тау жүйелері сыртқы күштердің әсерінен үгіліске ұшырап, мезозойдың аяқ шенінде Қазақстан жері біршама тегіс аймакка айналған.
Кайнозой эрасының басында (палеоген) мезозойдың аяғындағы геологиялық жағдай сол калпында сақталған. Бірақ неоген дөуірінде теңіз суының тартылып таяздауының нәтижесінде Қазақстан жері бірте-бірте біртұтас құрлыққа айналды. Неогеннің аяғында әлденеше рет болған күшті тектоникалық қозғалыс әсерінен альпілік таулар түзілген. Альпілік тау тузілу кезеңінде жер қыртысында жарықтар пайда болып, бұрыннан бар қатпарлы аймақтардын, бірі төмендеп, екіншісі көтерілген. Осы қозғалыстардың нәтижесінде қатпарлы-жақпарлы биік таулы жүйелер қалыптасқан.
Алтай, Тарбағатай, Жетісу Алатауы жәнө Тянь-Шань таулары екінші рет көтерілуге ұшыраған. Бұл тау жүйелеріндегі көтеріңкі, аймақтар мен тегістелген жерлер (сырттар) және жоталар бойымен созылған тауаралық ойыстар тау көшірілу нәтижесінде түзілген.
Жер кыртысының қозғалысы мен өзгерісін тектоника ғылымы зерттейді. Жер қыртысы қозғалмалы және салыстырмалы түрде тынышталып тұрактаған бөліктерінен тұратынын білесіңдер. Құрылысы, даму тарихы және пайдалы қазбалары жағынан олардың бір-бірінен үлкен айырмасы бар. Қазақстанда төмендегідей негізгі геотпектоникалық құрылымды аймақтарды ажыратады: платформалар (өте ежелгі - Шығыс Еуропаның және жяс Батыс Сібір мен Тұран) және қатпарлы облыстар (Тянь-Шань, Алтай, Тарбағатай, Сауыр, Мүғалжар, Сарыарқа).
Ежелгі Шығыс Еуропа платформасының Қазақстандағы бөлігі
Ежелгі Шығыс Еуропа платформасының Қазақстандағы бөлігі. Республика аумағына көне платформаның оңтүстік-шығыс бөлігі ғана кіреді. Бұл Қазақстанның ежелгі бөлігі, ол архей және ерте протерозойда қалыптасқан. Платформа ауқымында Каспий маңы ойпаты мен Орал алды (Жем) үстірті орналасқан. Платформа екі қабаттан тұрады. Платформаның төменгі қабатын құрайтын кристалдық катты жыныстардан тұрса, оның үстінде палеозой, мезозой және кайнозой шөгінді жыныстары жауып жатыр, оның калыңдығы 22 км-ден асады.
Жас платформалар
Жас платформалар. Қазақстанда ежелгі платформадан баска жас платформалар (плиталар) да бар (кітаптағы тектоникалық картадан Батыс Сібір және Тұран плиталарын табыңдар). Палеозойда, бұрынғы жазықтардың орнында таулар пайда болған. Ол таулар үгіліп, шайылып, тау жыныстары басқа жаққа тасымалданып, ойыстарды толтырып жазыққа айналған. Осының нәтижесінде жас платформалар қалыптасады. Палеозойдың көне жыныстары жас платформалардың іргетасын кұрайды. Оның бетін кейінгі мезозой мен кайнозойдың шөгінді жыныстары жауып жатыр.
Қазақстан жеріндегі Батыс Сібір плитасы шөгінділерінің калыңдығы 200-1000 м ғана болады. Түран пли- тасының қүрылысы күрделірек. Оның кейбір жерлерінде шөгінді кабаттардың қалыңдығы 4 км-ге жетеді, ал енді бір жерлерде жер бетіне өте жақын орналасқан.
Палеозой қатпарлығының аймақтары
Алғашқы кезде бұл аймақтардың даму дәрежесі ұзак уақыт бір деңгейде болып, теңіз суы басып жатқан. Кейін ұлан-байтак теңіз орнында таулар пайда бола бастады.
Каледон (ерте палеозой) қатпарлы аймағы Сарыарканың солтүстік-батысы мен Тянь-Шаньның солтүстік бөлігін камтыған. Герцин (кейінгі палеозой) қатпарлы аймағына Мүғал- жар, Сарыарканың шығыс бөлігі, Тянь-Шаньның батыс жоталары, Жетісу Алатауы, Сауыр мен Алтай таулары кірген. Бұл аймақтардың негізін құрайтын тау жыныстары көп жерлерде жер бетіне шығып жатады, ал ойыс жерлері мезозой және кайнозойдың борпылдақ жыныстары жауып жатыр.
Кайнозойлық құрылымдар
Кайнозой эрасында, яғни ең жас альпілік қатпарлықта Балқаш-Алакөл және Жайсан тауаралық ірі қазаншұңқырлары қалыптасты. Олар палеоген, неоген және антропоген кезеңдерінде өзен түбінде түзілген шегінді жыныстардың қалың қабатымен толтырылған. Кейін болған тауқүрылулар тау рельефін «жасартуға» үлкен әсерін тигізді. Каледон және герцин қатпарлықтарындағы көтеріліп үгіліп қираған таулар енді қайта көтерілді. Неоген мен антропогенде дүркін-дүркін жүрген күшті жаңатектоникалық қозғалыстар нәтижесінде Алтай, Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань тауларының қайта жаңғыруы басталды. Тау жасалу қозғалыстары қазір де жүріп жатыр.
Толығырақ: https://kk.wikipedia.org/wiki/