0 дауыс
783 көрілді
Маган эссе керек болып жатыр көмектесіңіздерші дал қазыр керек

1 жауап

0 дауыс

Тіл – адамзат баласына тән ғажайып құбылыс. Адамдар белгілі бір қоғамда өмір сүретіндіктен, саналы түрде қарым- қатынас жасауға,сонымен қатар өз ортасының мәдени-рухани әлемін өрістетуге мүдделі. Осы мақсатта қызмет ететін тіл – белсенді қарым-қатынас құралы әрі ойлау мен сөйлеу үдерісінің өнімі болып табылады. Қоғам дамуы мен қолданыс қажеттілігіне орай тіл де үнемі жетілу үстінде болады.

Жоғары атап өткендей тілдің біздің өмірімізде маңызы өте зор. Қазақ халқының ұлттық болмысымен бірге қазақ тілі де қатар дамып, кемелденіп келеді. Ұлан-байтақ жерді мекендеген барша қазақ халқына ортақ, әуезді ана тіліміз – елдігіміздің басты нышандарының бірі.

Әлемде көптеген тілдер бар. Әр халық, әр ұлт өз ана тілін ардақтап,құрметтейді. Әр елдің ана тілісі – оның мәртебесі. Бірақ менің ойымша, адам өз ана тілін ғана білумен шектелмеу керек. «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңде құрметте» деген мақал бекер айтылмаған. Жиырма бірінші ғасырда бір тіл білу ұят сияқты. Өркендеу заманында,оның ішінде дамып келе жатқан Қазақстан елі үшін өзге тілді білу өте қажет. Оның ішінде, ағылшын тілін білу,себебі, ағылшын бірінші дүниежүзілік әмбебап тілі болып табылады. Экономикалық, спорттық және тағы басқа салаларда басқа мемлекеттермен қарым – қатынас жасау үшін шет тілін білу қажет. Бүгінгі күннің заман талабы – ағылшын тіліне деген сұраныстың жоғары деңгейде екенін айқын дәлелі. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың өзі халыққа жолдауында «Тіл үштұғырлығы»  мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынды. Бұндай үндеу қоғамда қызу пікірталас туғызып келеді. Қазақ тілінің мәртебесін көтермейінше, мықты, өркениеті дамыған ел болмайтынымызды алға тартты. Ғалым Шоқан Уәлиханов: Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет" – дейді. Сондықтан да өркениетті, қоғам мен құқықтық мемлекеттің одан ары өсіп-дамуы үшін білімді мамандармен қатар ағылшын  тілін жетік білу керек екені айқын. Елбасымыз «Бізағылшын тілінигеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады» деді халыққа жолдауында. Айтылған сөзде негіз бар, себебі халықаралық байланыстар тіл мәртебесіне – ағылшын тілі ие болып отыр.

Елімізде жыл сайын шет елдерде білім алатын жастарымыздың саны артуда. Сол себепті де ағылшын тілін тереңдетіп оқитын мектептер,жоғары оқу орындары, тілге күш салуда. Еліміздің біршама аймақтарында да, Ағылшын тілін жетік меңгеру үшін көптеген курстар ашылған. Біздің Павлодар облысының жоғары оқу орындарында да шет тілдерін меңгеруге барлық жағдайлар жасалған. Соның ішінде, өзім білім алып жатқан Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтында болашақта жас ұрпаққа ағылшын,неміс тілдері пәнінен білім беретін ұстаздар оқытылуда. Өзім солардың қатарындамын. Кафедрамызда ағылшын тілімен байланысты көптеген іс-шаралар өткізіліп тұрады. Бұл шаралардың бәрі студенттеріміздің ағылшын тілін жақсы, жетік меңгеруі үшін жасалынады. Мысалға алатын болсақ, күні кеше өткен «Exploring languages and cross-cultural communications» Халықаралық on-line- симпозиумы. Конференция біздің Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық институты мен Қазан федералдық университеті ұстаздарының өз баяндамаларын қорғау мен пікір алмасумен өтті. Конференция барысында шет тілдердің маңыздылығы, ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің қолданылуы, неміс тілінің ерекшеліктері, француз тілінің ғаламтор ойындарында қолданылатын сленг сөздер және т.б жайлар қаралды. Өзара пікір алмасып, әр тарапқа сұрақтар қойылып,алдағы уақытта ортақ қызмет туралы да сөз қозғалды.

Бұндай конференциялар не үшін ұйымдастырылады? Студенттеріміз болашақта баяндама, ғылыми жоба немесе дипломдық жұмысын жазғанда осыдан бір үлгі алсын деп, осы баяндамалардан өздеріне бір болсын қажет мәлімет алсын деп жасалынады. Өз басым, бұл конференциядан жақсы әсер алдым. Қызықты тақырыптар баршылық. Алдағы уақытта жазамын деген баяндамама көптеген мәліметтер алдым. Бұл конференцияның тек тілдік жағынан ғана емес,сонымен қатар елдер арасындағы достық пен келісімнің жақсы бір нышаны.

Өзге тілді біле жүрейік, үйренейік. Себебі, еліміздің болашағы – саналы да жасампаз жастардың қолында.

Толығырақ: https://pspu.kz/modules/kaf/iyaz/index.php?option=com_content&view=article&id=228:til-adamzat-balasyna-t-n-azhajyp-bylys&catid=31&lang=kz&Itemid=295

...