0 дауыс
9.7k көрілді
Сәлеметсіздер ме? Менің жасым 19да.Менде жиі етеккір циклінің бұзылуы болады.кешігіп келеді.Белгілі бір уақытты жоқ әркезде әр қалай келеді.Жыныстық  қатынаста болмағам , Енді 3-4айдан бері келмей қалды.Не істесем болады.Денсаулықа қатты зияны барма? Міндетті түрде гинекологқа баруым керекпа?Қыз болған соң ұяламын қайтсем болады?
Сізге денсаулық керек пе , әлде ұят керек пе? Соны ойлаңыз.

1 жауап

0 дауыс

Әйел ағзасының күрделі ауруларына жататындар:

-жүйесіз етеккір циклі;

-гормоналдық бұзылулар;

-5-10 күнге дейінгі етеккірдің жиі кешігулері;

-етеккір кезінде тапшы немесе өте көп қан ағудың кезектесуі.

Әйел адамға етеккір уақытын қадағалау үшін етеккір күнтізбесін арнау керек. Осындай жағдайда кешігуді бірден байқау мүмкіндігі бар.

Әйелдер мен қыз баланың етеккірінің кешігу мәселелері.

Етеккірдің кешігуі дегеніміз – кезекті етеккірдің өз уақытында келмеуі. Етеккірдің 5 күннен 7 күнге дейінгі кешігуі патологиялық өзгеріске жатпайды. Мұндай жағдай кез келген жаста туындай береді: жасөспірімдік шақ, бала табу жасы және менопауза жасында. Етеккірдің кешігу себебіне физиологиялық себептермен қатар аномалиялық себептер де ықпалын тигізуі мүмкін.

Етеккірдің кешігу себептері.

Көбіне жыныстық қатынасты қалыпты санайтын қыз балалардың етеккірінің кешігуіне олардың жүктілігі себеп. Аз мерзімді жүктілікте іштің төменгі жағы тартып ауыруы мүмкін, емшектің ұлғайып ауырсынуы байқалатын болады, ұйқышылдық, дәмге деген өзгерістер, таңертеңгі жүрек айнуы, тез шаршау. Білу міндетті: Жүктіліктің бастапқы шағындағы сипаттары – алғашқы 18 белгі

Стресс. Кез келген стрестік жағдай, мысалы, жұмыстағы мәселелерден туындайтын конфликтілерге байланысты жағдайлар етеккірдің 5-10 күн, тіпті одан да көп күнге кешігуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

Стрестік жағдайларға байланысты шамадан тыс шаршау. Адамның дене сымбаты үшін әрине физикалық жүктемелер қажет, дегенмен шамадан артық жүктемелер етеккірдің жүйелі жұмыс жасауына кедергісін тигізуі мүмкін. Етеккірдің кешігуінің тағы бір себебі, ол – эстрогеннің синтезіне негативті әсер ететін, өте белсенді зиян келтіретін диета және диета кезіндегі шамадан тыс шаршау. Шамадан тыс шаршаудың сипаттары жиі бас ауырулар, салмақтың тез азаюы, жұмысқа қабілеттіліктің нашарлауы болып саналады. Егер етеккірдің кешігу себебі физикалық шаршаудан екені анықталса, онда ағза тынығудың қажеттілігі жайлы сигнал беруде. Етеккірі кешігетін әйелдер типі көбіне тынымсыз жұмыс кестесімен жұмыс жасайтындар. Етеккір циклін қалыпты жағдайға келтіру үшін тамақтану рационы мен физикалық жүктемелерін тепе-тең жағдайға келтіру керек.

ене салмағының тым аз не болмаса шамадан тыс артық болуы. Әйел адам эндокриндік жүйенің қалыпты жұмыс жасауы үшін өзінің ДСИ-н (дене салмағының индексін) қалыпта ұстау керек. Дене салмағының қалыпқа келуіне байланысты етеккір уақыты да қалыпқа келеді. Анорексиямен ауыратын әйелдерде етеккір мүлдем жоғалып кетуі мүмкін.

Етеккірдің кешігуіне суық тию мен қабынулардың да әсері болады. Кез-келген ауру етеккір циклінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Бұл созылмалы аурулар немесе бұрыннан келе жатқан аурулар болуы мүмкін. Мұндай жағдайда цикл жүйелілігі бір-екі айда қалыпқа келеді.

Жыныс мүшелерінің кез-келген қабыну түрлері және ісік аурулары. Жыныс мүшесіндегі қабынулар тек етеккір кешігуімен ғана емес, іштің төменгі бөлігіндегі аурулармен және әдеттен тыс бөлінулермен ерекшеленеді. Мұндай ауруларды міндетті түрде емдеу қажет, өйткені ол жағдайдың ушығуына, тіпті бедеуліктің пайда болуына апарады.

Аналықтың сары денесінің кистасы. Бұл аурудан құтылу және етеккірді қалыпқа келтіру үшін гинеколог бірнеше гормоналды препараттардың курсын тағайындайды.

Аборт. Мұндай жағдайда етеккір кешігуі өте жиі болады және де бұны қалыпты жағдай деп қабылдауға болмайды. Оған себеп гормоналды фонның бірден өзгеруімен қатар, тек дәрігер ғана анықтай алатын механикалық зақымдалулар болуы мүмкін. Білу міндетті: Жүктілікке тестілеу: қашан және қалай, неше күннен кейін өту қажет?

Етеккірдің кешігу мәселесін қалай қалыпқа келтіруге болады?

Егерде етеккірдің кешігуіне қандайда бір ауру себеп болса, оның қалыпқа келуіне тек емделу себеп бола алады. Профилактикалық алдын алу жолдары мыналар:

Етеккірдің кешігуіне физикалық шаршау немесе стрестік жағдайлар себеп болатын болса, керегінше ұйықтап, ағзаның тынығуы арқылы қалыпқа келтіруге болады. Маңыздысы позитивті көңілде жүру және кез келген стресс тудыратын жағдайға қалыпты қарай білу. Кейде психологтың көмегіне де жүгіну қажеттілігі болады.

Тамақтану құрамында дәрумендер мен микроэлементтер саны қажетінше жеткілікті және теңестірілген болуы қажет. Немесе поливитаминдер курсын қабылдауға да болады.

Етеккір күнтізбесін пайдаланатындар үшін кез келген өзгерістің алдын алу мүмкіндігі бар.

Алдын алу мақсатында гинекологқа барып тұру да кез келген әйел ағзасындағы өзгерістер мен ауытқушылықтардың алдын алуына мүмкіндік береді.

Әйел адам есейген шағында міндетті түрде өз ағзасын және етеккір циклының бұзылмауын қадағалауы керек. Кез-келген ағзадағы өзгеріс қандай да бір аурудың белгісін береді.

Етеккір кешігуі. Қандай жағдайда дәрігерге қаралу қажет?

Етеккір кешігуі 5-7 күннен аспауы керек. Тек жасөспірімдік шақта, жас дағдарысына байланысты өзгерістер мен емізу кезінде және менопауза алдындағы кезеңде ғана мұндай кешігулерден қорқудың қажеті жоқ. Басқа жағдайдың барлығында міндетті түрде дәрігерге көріну керек.Егер етеккірдің кешігуіне гинекологиялық емес себептер болса, басқа мамандардың кеңестері беріледі.

...