0 дауыс
128k көрілді
Етеккір уақытында келу үшін не істеу керек?

15 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Етеккір уақытында келу үшін.
Етеккір — жыныс мүшелері жетілген кезде басталып, климакстың кезеңге дейін созылады. Алғашқы етеккір көбіне 13—15 жас аралығында келеді. Оның келуіне дейін қыз балаға жан-жақты түсінік беріп, алдын-ала дайындау керек. Әдетте етеккір белгілі бір уақыт өткен соң (3—4 апта) қайталанып, әркімнің организм ерекшелігіне қарай 3 күннен 7 күнге дейін созылады. Кейбір қыз балалардың етеккірі (әсіресе ол тым ерте келсе) арада 1—2 жыл уақыт өткен соң барып бір жүйеге түседі. Етеккірдің келу уақытының ауытқушылығы ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуына байланысты. 15—16 жасар бойжеткеннің етеккірі келмесе, жыныс мүшелерінің кешеуілдеп даму себептерін анықтап, тиісті ем тағайындау үшін оны міндетті түрде әйелдер консультациясындағы дәрігерге көрсеткен жөн. Етеккірдің келуі көпшілік әйелдердің жалпы жағдайының өзгеруіне әсер етпейді. Кейбір әйелдер етеккірі келген кезде ашушаң, күйгелек болады, іші бұзылып, жүрегі айниды, белі ауырады. Етеккір циклы мен жүйелілігінің бұзылуы организмдегі кейбір өзгеріске байланысты болады. Бұл өзгерістің себебін анықтау үшін әр әйелдің етеккірі келетін мерзім мен оның созылу ұзақтығын белгілен отырғаны жөн. Некеде тұрған әйелдерге мұндай календарь қай кезде жүкті болғанын неғұрлым дәл есептеуге көмектеседі. Етеккір келген кезде әйел қатты ауырсынып, қан көп кеткен болса, дәрігерге қаралғаны дұрыс. Гинекологиялық ауруларды болдырмау үшін етеккірі келген кезде кейбір арнайы гигиеналық ережелерді сақтау шарт: күніне кемінде екі рет жыныс органдарының сыртын қайнаған жылы сумен жуу керек. Бұл үшін қол таза болып, тырнақ қысқа етіп алынғаны жөн. Жыныс органдары сыртының таза болмауы қабыну процесін туғызып, оның қынапқа және ішкі жыныс органдарына таралып кетуі мүмкін. Дәкеден жасалған гигиеналық төсемдерді пайдаланған тиімді. Бұл күндер де жыныстық қатынас жасауға, ванна қабылдауға, теңізде, өзенде шомылуға болмайды, тек қана душта жуыну керек. Етеккірі келген уақытта қанның көп бөлінуіне себеп болатын спиртті ішімдіктерді, ащы тұздықтарды пайдалану дұрыс емес. Бұл кезде әйел организмінің түрлі ауруларға қарсыласу қасиеті әлсірейтіндіктен ішек қызметін қадағалан, салқын тигізуден, қатты шаршаудан, жұқпалы аурумен ауыратын науқастармен араласудан сақтанған жөн.
Қыздардың екі аналық безінің әрбірінде мыңдаған аналық жасуша бар. Жыныстық жетілу кезеңі аяқталған соң, ай сайын аналық жасушалардың біреуі пісіп жетіліп, аналық безде өнеді. Овуляция деп аталатын осы процесс етеккірге 14 күндей уақыт калғанда болады. Егер аталған аналық жасуша сперматозоидпен “кездеспесе”, ол құрып, жойылады. Ай сайын жүктілікке дайындалған жатырдың ішкі қабаты қалыңдап, жұмсарады. Денеңіз ұрықтанудың болмағанын сезінгенде, аналық жасуша мен жатырдың ішкі қабаты етеккір (менструация) атты қанды сұйықтық түрінде қынап арқылы денеден шығарылады. Әрине, аналы жасушаны, ол өте ұсақ болғандықтан, аспапсыз көзбен көруге болмайды. Етеккір мерзімі деп менструацияның бірінші күні мен келесі етеккірдің алдындағы соңғы күннің аралығындағы мерзімді атайды. Етеккір мерзімінің ұзақтылығы үш аптадан бастап, 41 күнге дейін баруы мүмкін. Менструация кезінде тазалық төсемдер мен тампондарды, яғни мата тығындарын қолдануға болады. Етеккір күндерін арнайы күнделікте белгілеп тұрса, ол басталатын уақытты алдын ала біліп тұруға болады. Дегенмен, әр әйелдің етеккір мерзімі өзгеше болғандытан, оның тұрақты болмауы да мүмкін. Гормондық өзгерістер көңіл күйге өз әсерін тигізеді. Кейде, овуляция барысында, өзіңізді жігерлі сезінсеңіз, етеккірдің алдында кейде жыламсырап, қит етсе ашуланып, не ызаланып алуыңыз да мүмкін. Емшегіңіз ісіңкіреп, бетіңізге безеулер шығатын да уақыт болады. Етеккірі келетін әр әйел теориялық тұрғыдан бала көтере алады. Ал әйел елу жасқа жақындағанда, етеккірі тоқтап, менопауза деген мерзім басталады. Осы уақыттан бастап, әйел екіқабат бола алмайды. Етеккірге жанға бататын сырқау қабаттасса, немесе сол адамды басқа да мәселелер алаңдатса, дәрігермен, әлде Жанұяны Жоспарлау Қауымдастығы өкілімен ақылдасқан абзал.

Хайыз, Етеккір - әр айдың белгілі күндерінде әйел адамдарда пайда болып, кейбір ғибадаттарға кедергі жасайтын қан. Хайыз Имам Ағзам мазһабы бойынша, шамамен 9 жастан 55 жасқа дейін жалғасады. Хайыз болған әйел намазы мен оразасын дереу доғарады. Бірақ оразасының кейін қазасын ұстайды. Хайыз күндеріндегі намаздарының қазаларын «жеңілдік қағидасына» байланысты өтеуінің қажеті жоқ. Хайыздың ең аз мерзімі - үш күн. Ең көбі - он күн. Бұдан төмен, жоғары болса үзір қайы деп саналады. Хайыз қайы - Аллаһтың әйелдерге жазғаны. Хазіреті Хауа анамыздан бастап әрбір әйел Хайыз жағдайында болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Бұл хайыз Аллаһ Тағаланың Адам қыздарына жазған нәрсесі», - дейді (Бухари, Хайыз/1,7).
0 дауыс
Тексеріліп көріңіз. Денсаулығыңызда кінарат болуы мүмкін
0 дауыс

Мына, мына сұрақтардан қарап көріңіз.

0 дауыс
Саламатсыздарма менин етеккирим қызымды босанганша уақытылы келетін ал қазір қызымды босангалы етеккирим келмейді мүлдем деседе болады үш жыл болды жасым жиырма бесте барып каралмаган жерим қалмады еш натежие болмады отиниш маған көмектесіңіздер ши
0 дауыс
Неге екенин билмим бирак мендеде келмей жатир уже 2 кун оип кетти
0 дауыс
Менде алғаш келгенде 8 қатарынанкелді. Бір ай өтті уақытында келмеді. Не істеймін
0 дауыс
Салеметсиздерме жасым 16да жігітіммен болғаннан кейін етеккірім 1айға кешігуде.тест алып көрдім 1сызық.не
0 дауыс
Менің жасым 31 де  уш балам бар . Кішкентайым 3 ке толды. Айсайын келип туратын Етеккірім  10 айдан асты ал
0 дауыс
Менин етекирим уакытынан ерте келди?али 10кундей бар неге ерте келди?
0 дауыс
жасым 18 де. Менде 7.06 келген-23.07 болды əлі келмеді.дəрігер кистаға айналайн деп тұр деді.нестеу кк
0 дауыс
Салеметсізбе менің етеккірім бір ай келмей келесі айдын басында келед осы жолы осы айда əлі келмеді неге екен? Мен бала түсіріп едім бірақ кейін уақытылы келіп жүрген соңғы кезде кешігіп жүр не болды екен неге олай болады екен???
0 дауыс
Менин курбым бар жасы 11де етеккир ерте келди да оган брак келди де 5-6кундей 2-3айдай болды али келген жок неге екен бир жери ауыра ма калай айтп жбересздер ма рахмет алдын ала
0 дауыс
Менин етеккирим 2 айга кешикти, гинекологка бардым, дюфастон жазып берди, 4куннен кейин етеккир келди, бирак келеси ай тагы кешишип жатыр? Не истесем болады? Турмыска шыкпаганмын. Жасым 20да
0 дауыс
Жасым 14 етеккір али жок сыныптастармның барине кеп койган неге
0 дауыс
Салматсызба менде етекір келми жатыр не істесем болады 2 ай болд

Ұқсас сұрақтар

...