0 дауыс
1.1k көрілді
Мен ағылшын дүниежүзі тарих пані бойынша 54 балл жинап едим енди серпінмен тусе аламынба?.Жəне осы баллмен мен кай универге кандай мамандык тандап тусе аламын?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Сіздің таңдау пәндеріңіз бойынша грант аз бөлінеді. Сондықтан қалаған мамандығыңызға түсе аласыз деп айта алмаймын. Бірақ өткен жылғы, одан бұрынғы жылғы грант иегерлері тізімдерін ақтарып көрсеңіз болады. Жылда әр мамандыққа әртүрлі грант бөлінеді, бірде көп  бірде аз. Бірақ грант университетке бөлінеді деген ой дұрыс емес, грант мамандыққа бөлінеді.

Мысалға: Сіз ағылшын+ түрік тілі бойынша аудармашы мамандығын таңдадыңыз, үкіметтен 200 грант бөлінді. Егер ағылшын+ түрік тілі мамандығын таңдаған баллы жоғары 200 түлектің қатарына кірсеңіз грант иегерісіз. Тіпті ең мықты университетті таңдасаңызда, егер ол тізімге кірмесеңіз тіпті ең нашар университетті таңдасаңызда  түсе алмайсыз. Яғни грант университеттің деңгейіне қарай берілмейді, грант түлектің жинаған баллына қарай беріледі.

Егер сіз оңтүстік 5 облыстың бірінен болсаңыз, серпін бағдарламасымен солтүстікке тапсырып көріңіз (мүмкін болып қалар).
...