0 дауыс
955 көрілді
Мен педагогикалық колледжде 2-ші курсты аяқтап 3-ке өттім. Мамандығым Бастауыш білім беру шет тілі. Ағылшын пәнінің мұғалімі. Өзім қалап түспедім ата-анам осы мамандықты оқығаның дұрыс деп түсірді. Бірақ ол жақта ештеңе үйреткен жоқ. 4 курсты бітірген соң университетке аудармашы мамандығына қалай түссем болады?
Колледжден кейін университетке түскенде 2 курсты оқисың дегені распа?

Әлде 1-ші курстан бастаймын ба?

Колледжден кейін ҰБТ тапсырмайтын шығармыз университетке түсуге?

Грантқа түсуге мүмкіндік барма?
Аудармашы мамандығы бойынша қай қалаларда университеттер бар?

Жұмыс табу қиынба?
Осы мамандықты оқи берсем болама, әлде ауыстырайынба?

1 жауап

0 дауыс

Жақсы маман болсаңыз кез-келген мамандықтан табысты жұмыс  табуға болады. Ол үшін, мамандықты аяқтаған жәй түлек емес, сол саланы білетін нағыз маман болуыңыз керек. Ал сіз мүлде оқығыңыз келмесе, ештеңе үйренбедім деп жатсаңыз онда сұранысқа ие емес маман болып шығасыз. 

Колледжден соң КТ ( кешенді тест) тапсырып түсесіз. Кез -келген білім деңгейіне өткен сайын (мектептен ЖОО немесе колледжге; бакалаврдан магистратураға, магистратурадан докторантураға )  арнайы емтихандарынан өту міндетті, және мемлекеттік грантқа конкурсқа қатысасыз.

...