+2 дауыс
6.4k көрілді
Негізі әдебиет жолына түсіп журналистка болғым келіп еді... оны туыстарым қиын мамандық екенін айтты,өзім ұян адам болғандықтан ба.................Бірақ ағылшын тілін де жақсы көремін.............(жарыстарға қатысып жүрмін)

Енді  болашақта ағылшын тілінен аудармашы  жолын таңдадым ,енді осы аудармашының  жақсы жағы мен жаман жағы(болса) айта отырсаңыз...........

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Болашақта Қазақстан үш тілді, үштұғырлы мемлекетке айналмақшы. Мінеки, осы кезде аудармашы көптеп керек болар-ау. Ең болмаса мұғалімдікке керек болады.

Егер аудармашы болсаң мұнай саласына жұмысқа тұруға болады. Шетелден келген адамдардың сөздерін мүлтіксіз аударып тұрасың. Тілмаштардың айлығы да жақсы болады шамамен 200000-дай.

Біздің Қазақстанда аудармашылар оқытатын жоғарғы оқу орындары бар. Мәселен, студенттер 4 жыл бойы мектептен алған білімдерімен шектелмей, білімін жетілдіріп, шетелге тәжірибе алмасуға барып, бүгінгі қоғамға ауадай қажет аудармашы мамандығын меңгеруде. Грамматикадан бастап оқитын болашақ аудармашылардың сөздіктен бастау алады. Бұл мамандықты таңдаған студентер өзге тілді жетік меңгеру үшін бар жігерлерін жұмсауда.

Аудармашы болу - оқу-ізденуді талап етеді. Қазір ағылшын және қытай тілін қатар білетін аудармашыларға сұраныс көп.

Тағы бір жақсы жері - аудармашылар шетелге көп саяхаттайды, жұмыс барысы, оқу, демалыс деген сияқты.

+2 дауыс
Маған сабақ берген ағылшын тілінің мұғалімі бұрын аудармашы болып қызмет атқарған. Сол кісінің айтуынша, аудармашы болып жұмыс істеу тұрақсыз болғандықтан мұғалімдікке ауысқан. Яғни, кейде аудармаға көп тапсырыс болады, кейде мүлдем болмайды. Сенде мына айда мынандай ақша қалтамда болады деген сенімділік болмайды. Осы жаман жақтарының бірі деп ойлаймын.
...