0 дауыс
773 көрілді
20-ғасырдың 21-жылы кеңес үкіметі не үшін Қазақстан және Орталық Азия халықтарының ортақ әдеби тілі шағатай түркі тілін оқыту программасын күшінен қалдырды?

1 жауап

0 дауыс

Бұл тұрғыда В.И. Лениннің ұлттық тіл, бірнеше ұлттардан тұратын мемлекетте ұлт тілін дамыту мәселесіне қатысты пікірлері белгілі. 1921 жылы РК(б)П X съезінің қаулысында партияның алдында тұрған бірнеше міндеттер белгіленеді. Орыс емес хапықтардың ұлттық тұрмыс жағдайларына сай келетін түрде кеңестік мемлекетті өздерінде дамытып, нығайту; жергілікті халықтардың тұрмысы мен психологиясын білетін жергілікті адамдардан құралған, ана тілінде іс жүргізегін сотты, әкімшілік орындарын, шаруашылық органдарын, өкімет органдарын өздерінде дамытып, нығайтуға; ана тілінде баспасөз, мектеп, театр, клуб жұмысын және жалпы мадени-ағарту мекемелерін өздерінде дамытуға; маман жұмысшылардың және барлық басқару саласы жөніндегі, ең алдымен ағарту сапасы жөніндегі, партия кеңес қызметкерлерінің жергілікті кадрларын тез даярлау үшін ана тілінде жалпы білім беру сипатындағы, сол сияқты мамандық- техникалық сипаттағы курстар мен мектептерді кеңінен ашу ісін жолға қойды.

Толығырақ: https://pps.kaznu.kz/kz/Main/FileShow2/110635/91/1/4793/2017//

...