+1 дауыс
1.8k көрілді
Жас мамандарды жұмыспен қамту туралы толық мағлұмат берсеңіздер?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

 «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы

Жастар тәжірибесі білім беру ұйымдарының түлектері үшін түлектердің алған мамандығы (кәсібі) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында ұйымдастырылады. 

Жастар тәжірибесі әдейі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері қатарынан алған мамандығы (кәсібі) бойынша оқуды аяқтағаннан кейін 3 жыл аспаған және жиырма тоғыз жастан аспаған жұмыссыздар үшін арналған.

Жастар тәжірибесі барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады.

Жастар тәжірибесі тұрақты жұмыс орындарынан тыс және тұрақты жұмыс орындарына бос орындардан тыс жүргізіледі. Мұндай жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда құрылмайды.

Жастар тәжірибесі бойынша жұмыс орындарының саны шектелмеуі мүмкін.

Жастар тәжірибесі бойынша жұмыс уақытша сипатта болады.

Жастар тәжірибесінің ұзақтығы 6 айдан аспайды.

Жастар тәжірибесі бойынша айлық жалақы мөлшері республикалық немесе жергілікті бюджеттерден 25 айлық есептік көрсеткішті.

Бағдарламаға қатысу үшін түлекке мыналар қажет:

  1. Өз қалаңыздың немесе ауданыңыздың әкімдігі жанындағы Жұмыспен қамту орталығына жүгіну.
  2. Жұмыссыз ретінде тіркелу (жасы 29-дан артық емес).
  3. Құжаттарды беру:
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда);
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі.

Бұдан басқа, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде кәсіптік білім беру оқу орындарының базасы қалыптастырылады және "Электронды еңбек биржасы" порталы құрылды.

«Дипломмен - ауылға»

ЖОО мынадай мамандықтар бойынша аяқтаған студенттер үшін:

  • білім беру;
  • денсаулық сақтау;
  • әлеуметтік қамтамасыз ету;
  • мәдениет және спорт;
  • ветеринария.

Мемлекет жас мамандарды әлеуметтік қолдаумен ауылдық жерден жұмыс ұсынады:

  • 100 АЕК мөлшеріндегі көтерілуге көмектің бірыңғай жәрдемақысын төлеу;
  • 1500 АЕК мөлшерінде 0,01% мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесімен 15 жыл мерзімге тұрғын үй сатып алуға және құрылысына арналған бюджеттік несие;
  • ауылдық елде мекендерде орналасқан әлеуметтік сала мекемелерінің мамандарына лауазымдық еңбекақының тарифтік мөлшерлемесінен 25 % кем емес (қалалық елді мекенде)  арттыру.

Бағдарламаға қатысу үшін:

  • сіз таңдаған елді мекеннен жұмысты өзіңіз табуыңыз (ауылдық мектеп, аурухана, Мәдениет үйі, спорт кешендері және т.б.);
  • жұмысқа қабылдағанда кандидат аудандық комиссияға бағдарламаға қатысуға өтініш беру;
  • жұмысты өзіңіз іздеу мүмкіндігі болмаған жағдайда сіз ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне немесе аймақтардағы жауапты қызметкерлерге жүгіну;
  • аймақтардағы кадрлардың қажеттіліктері туралы мәліметтер облыстық әкімдіктердің басқармаларының сайттарында орналастырылуы қажет.

Қажетті құжаттар:

Көтерме жәрдемақы алған кезде:

  • өтініш;
  • жеке куәлік көшірмесі;
  • білім туралы құжаттың (дипломның) көшірмесі;
  • жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
  • көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер.

Тұрғын үйді сатып алуға бюджеттік кредит  алу үшін қосымша:

  • сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;
  • неке туралы  куәлік көшірмесі (болған жағдайда);
  • аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама  ұсынылады.

Тұрғын  үй салуға бюджеттік кредит алған кезде қосымша:

  • маманның атына тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт;
  • кепілге қойылған мүлікті бағалау актісі;
  • кепілге қойылған мүлікті сақтандыру шарты;
  • берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысы бөлігін бірлесіп қаржыландыруға жазбаша келісім;
  • неке туралы  куәлік көшірмесі (болған жағдайда);

Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада және көшiрме түрiнде ұсынылады. Жоғарыда аталған құжаттардан басқа құжаттарды ұсынуды үміткерден  талап етуге жол берiлмейдi.

«Жастар кадрлық резерві» бағдарламасы  

ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Нұр Отан» ХДП қолдауымен жас талантты, белсенді қазақстандықтар қатарынан елдің басқарушы кадрларын анықтау, іріктеу, дайындау және тәрбиелеуге бағытталған «Жастар кадрлық резерві» жобасы іске асырылды.

Жобаны іске асыру сондай-ақ  жас мамандар қатарынан елдің басқару кадрларын анықтау, іріктеу, дайындау және тәрбиелеу және үш бағыттар бойынша әлеуметтік-маңызды қызметті қосуды болжайды:

  1. Мемлекеттік қызмет
  2. Бизнес-қауымдастық
  3. Қоғамдық саяси қызмет

Іріктеу туры бірнеше кезеңдерде өтеді:

  • Жобаның ресми сайтында анкета толтыру, ресми өлшемдер бойынша анкетаны бағалау (жасы, білімі, жұмыс орны, кәсіби дағдылар, зияткерлік әлеуетті бағалау, эмоционалдық интеллек, эссе және т.б. жазу). Бастапқы іріктеу нәтижесінде келесі кезеңге 300 конкурсант жіберілетін болады.
  • Логиканы тестілеу, мемлекеттік тілді білуі және жобаның қатысушысының псхологиялық суретін анықтау (тестілеуді өткізу орны және кестесі іріктеудің 2-кезеңіне өткен 300 конкурсанттың нәтижелерін жариялағаннан кейін анықталатын болады).
  • Біліктілікті бағалауға сұхбаттасу жобаның үздік қатысушыларын анықтайды (әр аймақтан 2 конкурсант бойынша). Сұхбат республика аймақтарында дирекция мүшелерімен, аймақтық үйлестірушілермен, «Болашақ» Қауымдастығынан сарапшылармен және «Нұр Отан» ХДП өкілдерімен жүргізілетін болады. 

Бұдан әрі, конкурсқа қатысушылар жетекші отандық және шетелдік  мамандардың қатысуымен дәрістерді, семинарларды тренингтерді, мастер-класстарды, асессменттерді (кәсіби біліктілікті бағалау), сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарда тағылымдамадан өтуді қамтитын оқыту модульдер өтеді.
Жобаның қорытындылары бойынша неғұрлым жоғары рейтинг жинаған конкурсқа қатысушылар сертификат алады және мемлекеттік қызметке, бизнес саласына және қоғамдық қызметке келіп түскенде барынша жоғары лауазыммен айналысу үшін резервте тұрған адамды жылжытуды қарастыруға ұсыну болып табылатын кадрлық резервке тіркелетін болады.

...