0 дауыс
933 көрілді
Жұмыспен қамту 2020 жол картасына жалпы кімдер қатыса алады?

1 жауап

0 дауыс
Мемлекеттік бағдарламаның орындалуы бойынша қойып отырған сұрағыңыз үшін алғысымды білдіремін. «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» Бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2011-2013 жылдары туындаған мәселелер ескеріліп, тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осыған орай, Бағдарламаға қатысушылардың да ауқымы ұлғайып отыр. 2011-2012 жылдары Бағдарламаға өз бетімен жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және аз қамтамасыз етілген азаматтар ғана қатыса алса, қазіргі кезеңде Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де санаттарына қатысу басымдылығы қарастырылған. Олар: - жалпы білім беру мектептерінің 11-сыныбын бітірушілерді, және басқа да жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар; - еңбек қызметімен айналысу үшін денсаулық жағдайы бойынша қарсы айғақтары жоқ мүгедектер; - он сегізден жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; - зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 50 жастан асқан адамдар; - белгіленген жасқа дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер; - ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше) және қауіпті жұмыстарда істейтін және мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды алушы болып табылатын адамдар; -ҚР Қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдар; -бас бостандығынан айыру орындарынан және мәжбүрлі емдеуден босатылған адамдар; -жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына, жұмыс беруші – жеке тұлға қызметін тоқтатқанға немесе қызметкерлер санының немесе штат қысқартылуына байланысты жұмыстан босатылған адамдар санатымен толықтырылып отыр.
...