0 дауыс
427 көрілді
9 күндік экологиялық сауықтыру қосымша ақысы қалай есептеледі

1 жауап

+1 дауыс

Республиканың кейбір бөліктері ядролық қару және басқа апатты климаттық ықпалдарды қолдану салдарынан радиациялық немесе экологиялық апат аймақтары болып танылды. Осы аймақтарда тұратын азаматтарға заңнамамен әлеуметтік және медициналық салаларда әр түрлі  қолдау көзделген.

Семей ядролық сынақ полигонында тұратындарға төлемдер 

40 жыл бойы Семей ядролық полигонында ядролық қару сынақтары жүргізілді, оның салдарынан экологиялық апат туындады – адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға орны толмас шығын гізілді, халықтың жалпы аурушаңдығы өсіп, өлім артты. Экологиялық апат аймақтары болып Семей облысының барлық аумағы, полигонға жақын жатқан Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облысының барлық аумағы танылған.

Жеңілдіктерді экологиялық апат аумағында тұратын, жұмыс істеген немесе қызметтен өткен адамдар ала алады (соның ішінде мерзімдік). Радиациялық қауіп аймақтары, төлем мөлшерлері және жеңілдіктер түрлері, төлем мөлшерлері бойынша жіктелу, радиациялық қауіп аймақтары төменде көрсетілген кестеде көрсетілген.

Радиациялық қауіп аймақтары

1949-1965жж. тұрғандарға бір реттік жәрдемақы мөлшері 

1966-1990жж. аралығында тұрғандарға бір реттік жәрдемақы мөлшері 

1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақығашыққан, радиациялық ықпалға ұшыраған оның аумағында қазір тұратын адамдарға үстемеақы

Радиациялық ықпалға ұшыраған аумақта тұратын халыққа қосымша еңбек төлемі 

Радиациялық ықпалға ұшыраған аумақта қазір тұратындарға жыл сайынғы төленетін демалыс

Радиациялық ықпалға ұшыраған аумақта қазір тұратын халыққа жеңілдіктер және өтемақылар 

1

Төтенше радиациялық қауіп аймағы:

  • Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Саржал селолық округі.
  • Шығыс Қазақстан облысты Бесқарағай ауданы Долон селолық округі.
  • Шығыс Қазақстан облысы таратылған Жаңасемей ауданының елді мекендері.

әр тұрған жыл үшін 5,23 АЕК

әр тұрған жыл  үшін 1,05 АЕК

2,09 АЕК

2 АЕК

14 күнтізбелік күн

Қазіргі уақытта экологиялық апат аумағында тұратындар жеңілдіктерге құқылы

  • Әйелдер қалыпты босануда ұзақтығы 170 күнтізбелік күн жүктілік және босануы бойынша демалысқа құқылы (әдетте ұзақтығы 126 күнді құрайды) және 184 күн – қиналып босанғанда немесе екі және одан да артық балалар болғанда.
  • 18 жасқа дейінгі балалар санаторлық-сауықтыру мекемелерінде тегін сауықтыруға құқылы (медициналық көрсеткіштер бойынша).

2

Барынша көп радиациялық қауіп аймақтары

  • Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Абай, Бесқарағай және қысқартылған Жаңасемей ауданы, Ақбұлақ, Абыралы, Алғабас, Айнабұлақ, Қараөлең және Таңат селолық округтері.
  • Павлодар облысы Май ауданы Ақжар жәге Малдар селолық округтері.

әр тұрған жыл үшін  2,62 АЕК

әр тұрған жыл үшін  1,05 АЕК

1,83 АЕК

1,75 АЕК

12 күнтізбелік күн

3

Жоғары радиациялық қаупі бар аймақ

  • Бородулиха, Жарма, Аягөз, Глубоков, Шемонаих, Ұлан аудандары, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы.
  • Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы.
  • Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы.
  • Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы.
  • Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының қысқартылған  Қазыбек би ауданы аумағының шегінде.
  • Павлодар облысы Май ауданы.

әр тұрған жыл үшін 1,57 АЕК

әр тұрған жыл үшін 0,79 АЕК

-

1,5 АЕК

10 күнтізбелік күн

4

Радиациялық қаупі төмен аймақ

  • Шығыс Қазақстан облысының Үржар, қысқартылған Таскескен, Көкпекті, Ақсуат, Алтай, Зайсан және Тарбағатай аудандары.
  • Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы, қысқартылған Қазыбек би ауданы аумағында.
  • Павлодар облысы Аққулы ауданы.

әр тұрған жыл үшін 1,05 АЕК

әр тұрған жыл үшін 0,52 АЕК

-

1,25 АЕК

7 күнтізбелік күн

5

1949 жылдан 1949 жылға дейін жеңілдікті әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аумақ.

  • Павлодар облысы Баянауыл ауданы.

әр тұрған жыл үшін 0,26 АЕК

-

1 АЕК

5 күнтізбелік күн

Толығырақ: https://egov.kz/cms/kk/articles/ecological_disaster_zones

...