0 дауыс
2.4k көрілді
Казахстан халык Ассамблеясынын курылуынын себептеры(3 себеп)

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Бүгінгі күні Қазақстан халқы ассамблеясы еліміздегі әрбір этностың мүддесін қорғайтын қоғамдық бірлестік болып саналады, сондай-ақ полиэтносты Қазақстан халқын топтастырушы институт ретінде қалыптасты Қазақстан өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен бастап, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ұлттық саясаттың концептуалдық, идеологиялық негізін қалады. Оның екі басты бағыттары жүзеге асырылып келеді. Бірі, қазақ халқының ұлт ретінде қайта өрлеуі және ұлттық тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің, тарихы мен тілінің, мәдениеті мен салт-дәстүрінің дамуы. Бұл Қазақстан қоғамы мен оны ұйыстырудың берік негізі. Екіншісі, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңда атап көрсетілгендей, қазақ халқымен тарихи тағдыры біріктірген Республиканың барлық азаматтары біртұтас Қазақстан халқын құрайды және ұлтына қарамай барлығы тең құқыққа ие. Бұл Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының ең басты қағидасы ретінде негізделген. Соның нәтижесінде мемлекеттің тұрақты дамуы және реформалардың дұрыс жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге этносаралық келісім саясаты басым бағыт болып саналды. Кеңестік дәуірден кейін Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының ерекше сипаты этносаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау болды. Полиэтносты қоғам жағдайында этносаралық келісім және толеранттылық мәдениетке тәрбиелеу мемлекеттік саясат деңгейіне көтерілді. Сонымен, 1995 жылдың 1 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган – Қазақстан халқы ассамблеясы құрылды.  Алайда, Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясын құру туралы идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялаған. Осындай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған болатын. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болды. Жиырма жылдық тарихында Қазақстан халқы ассамблеясы қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Ә. Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін қалыптастырды. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті күшейіп, халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінгі Қазақстан халқы ассамблеясы Елбасы Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұның өзі – оның ерекше мәртебесінің айқын көрінісі.  Әлемде кез-келген полиэтносты мемлекет өз еліндегі этносаралық қатынастардың дара моделін теориялық жүзінде анықтап, практикада оны жүзеге асырады. Бұл полиэтносты мемлекеттер үшін шынайы жағдайларға үйлесетін және өте қажет етілетін шешімдердің бірі болып табылады. Осы айтылған этносаралық қатынастардың моделдерін анықтау арқылы полиэтносты қоғамдағы этносаралық қатынастардың жағдайын және оның даму үрдісін білуге мүмкіндік береді.  Әлем тәжірибесінде, этносаралық қатынастардың түрлі моделдері кездеседі: солтүстік Американың, оңтүстік Американың, Еуропаның, Россияның, Қытайдың және т.б. елдердің өзіне тән моделдері бар. Қазақстан өз егемендігіне қол жеткізгеннен кейін, өмірлік маңызы бар этносаралық қатынастарды реттеу мәселесін бірден алға қойды. Алайда, өз салт-дәстүрі, тарихымен ерекшеленген Қазақстан, айтылған этносаралық қатынастардың түрлі моделдерінің ешқайсысынада сәйкес келмеді. Соның нәтижесінде Қазақстан өзіне ғана тән этносаралық қатынастардың дара моделін – қазақстандық моделді қалыптастыруға тиіс болды.  Айтылған этносаралық қатынастардың Қазақстандық моделі Қазақстан қоғамына ғана тән ерекшеліктерді ескереді. Оларды атап айтқанда: Қазақстан халқы байырғы қазақ жерінде өмір сүріп, дамып келеді; мемлекет құрушы және мемлекет атауына ие ұлт – қазақтар; мемлекет унитарлы, қоғамды топтастыратын ұлт – қазақтар; мемлекет полиэтникалық сипатымен ерекшеленеді; Қазақ жеріне көптеген этностар саяси қысым арқылы мәжбүрлеу, депортациялау саясатының нәтижесінде қоныстанған; мемлекеттік тіл – қазақ тілі; қоғамның басым бөлігі орыс тілінде сөйледі. Іс жүзінде орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі қызметін атқарады; Қазақстандағы барлық этностардың өзінің ұлттық тілін дамытуға деген ұмтылысына шек қойылмайды; халық көп конфессиялы қоғамда өмір сүреді (40-тан астам конфессия бар); қоғамда ұлтаралық және конфессияаралық толеранттылықтың дәстүрі қалыптасқан, оның тамыры терең. Мұндай қасиет ең алдымен, қазақ халқының менталитетіне тән және толеранттылық дәстүрді Қазақстанның барлық этностары ортақ құндылық ретінде қабылдайды; қоғам дамуының басты құндылықтары: азаматтық қоғам, демократия, нарықтық қатынастар, идеологиялық плюрализм; Қазақстан – бейбітсүйгіш ел. Ол ядролық қарудан ерікті түрде бас тартып, әлемдік қауымдастыққа Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесін, ЕурАзЭҚ – евразиялық интеграция идеясын ұсынды. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымын (ҰҚШҰ), Шанхай ынтымақтастық ұйымын (ШЫҰ) ұйымдастырып, қалыптастыруда белсенді рөл атқарды, ЕҚЫҰ төрағалық ету.  Қазақстан халқы ассамблеясы Қазақстан мемлекетіндегі этносаралық келісімді нығайтудағы теңдесі жоқ маңыздылыққа ие болды. Қазіргі уақытта, бұл бастаманы Елбасы Қазақстан халқының жағдайларын толыққанды біліп, өзінің көрегендігі және сабырлығымен халқының болашағына жасаған болжаудың сәтті іске асуы деп айтуға болады. Сонымен қатар, бұл екінші жағынан Қазақстан халқы Елбасымен бірге сеніммен жасалған тарихи шешім болып табылады. 2015 жыл – Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы. Осы жиырма жылда, Қазақстан халқы ассамблеясы Қазақстан халқына, және бүкіл әлем мемлекеттеріне бейбітшілік пен келісімді насихаттап, этносаралық және конфессияаралық толеранттылықтың қазақстандық моделін паш етіп келеді. Осындай әлемде теңдесі жоқ механизмді құру Елбасының бастамасы болғаны баршамызға мәлім. 1995 жылы 16 ақпанда Президент Н.А. Назарбаев еліміздегі ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілерімен кездесу өткізді. Сонда, Елбасы еліміздегі этносаралық келісімді сақтау және оны одан әрі нығайту үшін республикада жаңа қоғамдық институттың керектігін атап айтты. Содан, Елбасы «Қазақстан халқы ассамблеясын құру туралы» Жарлыққа қол қойғаннан кейін, ассамблеяның 1-ші сессиясы 1995 жылы 24 наурызда Алматы қаласында өтті. Оған қатысуға барлық облыстарда кіші ассамблеялар құрылып, олардан 260 делегат сайланып, 40 ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері енген. Сессияда, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев баяндама жасап, ассамблеяның ұйымдастырушылық құрылымдары белгіленді. Сонымен, Қазақстан халқын ортақ мүддеге біріктірген Қазақстан халқы ассамблеясы Президент жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде жұмыстарын нақты бастап кетті.  Қазақстан халқы ассамблеясының бүгінгі жетістіктері оның құрылудағы алға қойған мақсаттарымен тікелей байланысты. Ассамблеяның басты мақсаты: Қазақстандағы барлық этностардың рухани тұрғыда қайта жанғыруы мен дамуын қамтамасыз ету; өркениеттік және демократиялық ұстанымдарға, мемлекеттік ұлттық саясатта барлық этностардың мүддесіне деген құрметке негізделген ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру болды. Себебі, сол кездегі посткеңестік елдердің барлығында ұлтаралық татулық, этносаралық бірлікті сақтау мәселесі басым болды.  Қазақстан халқы ассамблеясының көтерген бастамалары мемлекеттік деңгейде қолдауға ие болды. Мысалы: 1995 жылы сәуірде Қазақстан халқы ассамблеясы республика тарихында алғаш рет Қазақстан республикасы Президентінің өкілеттілігін 2000 жылғы 1 желтоқсанына дейін ұзарту жөніндегі жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастама көтерді. Мұндай маңызды қоғамдық бастамадан кейін іс жүзінде ассамблея көпұлтты Қазақстан халқын топтастыратын белсенді қоғамдық институтқа айналды. Қазақстан халқы ассамблеясы 1995 жылғы Конституцияның қабылдануына да үлкен қолдау білдірді. Осы тарихи оқиғалар еліміздің құқықтық, саяси өміріне оң ықпал әкелді.  Ассамблеяның белсенді қызметінің нәтижесінде Қазақстандағы этностардың мәдени өмірі де жандана бастады. Ассамблея этникалық топтар арасындағы ұйымдастыру жұмыстарының орталығына айналды. Ассамблея органдарына мемлекеттік мәртебе берілуіне байланысты этномәдени орталықтардың мәселелері жедел шешімін тапты. Сонымен қатар, Ассамблея Кеңесінің шешімімен этномәдени орталықтарға қаржылай және ұйымдастыру жұмыстары бойынша көмек көрсету мақсатында республикалық қор құрылған. Бұл қордың бөлімшелері әрбір облыстарда ашылды.  Бүгінгі күні Қазақстан халқы ассамблеясы еліміздегі әрбір этностың мүддесін қорғайтын қоғамдық бірлестік болып саналады, сондай-ақ полиэтносты Қазақстан халқын топтастырушы институт ретінде қалыптасты. Ассамблея Қазақстан азаматтарын отансүйгіштікке тәрбиелеуге, халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайту ісіне өлшеусіз үлесін қосып келеді.  Қазақстан халқы Елбасы Н.Ә. Назарбаевпен бірге жасаған тарихи шешімдердің бірі ретінде Қазақстан халқы ассамблеясының құрылып, өз шексіз мүмкіндіктерін Қазақстан халқының игілігіне жұмсалып жатқанында. Мемлекетіміздің тарихында мәңгілікке қалатын Қазақстан халқының бұл тарихи шешімі ұрпақтан-ұрпаққа жалғаспақ.

Источник: https://e-history.kz/kz/publications/view/1905

...