+1 дауыс
655 көрілді
Советско-японская война,вооружённый конфликт в августе-сентябре 1945 года между СССР и МНР с одной стороны и Японской империей и Маньчжоу-го с другой.  1945 ж. 9 — 19 тамыз аралығында КСРО сардар-сарбаздарының қатарында қанша қазақстандық отандасар қытай, корей,манчжурия елдерін азат ету шайқасына қатысты?

1 жауап

0 дауыс

Жапониямен соғыс. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы. Алайда Еуропадағы әскери амалдардың аяқталуы Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы дегенді білдірмеді. Ялтада қабылданған принципті келісім-шартқа сәйкес (1945 жыл, ақпан) Кеңес үкіметі 1945 жылы 8 тамызда Жапонияға соғыс ашады. Кеңес әскері шабуылдық әрекеттерін 5 мың км-ге созылған майданда бастайды. Ұрыс әрекеттері орын алған географиялық және климаттық жағдайлар өте қиын болды. Шабуылшы кеңес әскеріне Үлкен және Кіші Хинган жоталары мен Шығыс-Маньчжур тауларын, терең және толқыны қатты өзендерді, сусыз шөлдерді, өтуге қиын ормандарды бағындыруға тура келді. Бірақ осы қиындықтарға қарамастан жапон жасақтары жойылды.

Қиян-кескі ұрыстардың барысында 23 күн ішінде кеңес әскері Солтүстік-Шығыс Қытай, Солтүстік Корея, Сахалин аралының оңтүстік бөлігін және Курил аралдарын жаудан босатты. Қарсыластың 600 мың жауынгері мен офицерлері тұтқынға алынып, көптеген қарулар мен әскери техникалар тартып алынды. КСРО мен оның соғыстағы одақтастарының (бірінші кезекте АҚШ, Англия, Қытай) қарулы күштерінің соққысына шыдас бермеген Жапония 2 қыркүйек 1945 жылы қарсылықсыз тізе бүгеді. Сахалиннің оңтүстік бөлігі мен Курил тізбегінің аралдары Кеңес Одағының иелігіне өтеді.

АҚШ, 6 және 9 тамызда Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасын лақтырып, жаңа ядролық кезеңге жол ашады.

Ұлы Отан соғысы Екінші дүниежүзілік соғыстың маңызды құрамдас бөлігі болды. Бұл соғыстың басты ауыртпалығы Кеңес адамдары мен оның Қарулы Күштерінің иығына түсті. Қайтпас қайсарлықтарының арқасында гитлерлік Германия мен оның одақтастарына төтеп беріп, тарихи жеңіске жетті. Фашизм мен милитаризм күшіне қарсы күресте антигитлерлік коалицияның да қосқан үлесі зор болды. Екінші дүниежүзілік соғыстың басты сабағы – бейбітшілік сүйгіш күштердің бірігіп әрекет етуіне мұқтаж екенінде. Екінші дүниежүзілік соғысқа дайындық барысында оның алдын алуға болар еді. Көптеген елдер мен қоғамдық ұйымдар бейбіт жолмен шешуге тырысқанымен, бірігіп шешім қабылдау мүмкін болмады.

Толығырақ: https://bilim-all.kz/article/1561-Uly-Otan-sogysynyn-ush-kezeni--1941-1945-zhzh

...