0 дауыс
630 көрілді
Биоалуантүрліліктің экожүйе тұрақтылығын сақтаудағы маңызы .

1 жауап

0 дауыс

Биоалуантүрліліктің маңызы:  Жануарлар, өсімдік пен микроағзалар табиғаттың бір бөлшегі ғана емес, олардың генетикалық, экономикалық, ғалыми әрі мәдени, қоғамдық, рекреациялық, бастысы экологиялық маңызға ие.  Қазақстан аумағында сүтқоректілердің 155 түрі, құстардың 480 түрі, ал балықтардың 150 түрі мекен етеді. Бүгінде Қызыл кітапқа өсімдіктің 387 түрі, жануарлардың 120-дан астам түрі енген.  Киіктер популяциясының 95 пайызы Қазақстанға тиеслі. 1991-1999 жылдараралығында елдегі 1 миллион 200мың киіктің саны 150 мыңға жеткен. Ал 2003 жылы бұл көрсеткіш небәрі21 мыңға тең болған. 
 

Биоалуантүрліліктің экожүйедегі байланыстарының толық болуының шарты және негізгі факторы бола отырып, оның ең маңызды қасиеті – тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Элементарлық (іс жүзінде бөлінбейтін) экожүйелердің көптүрлілігі ең алдымен олардың түрлік құрамымен анықталады. Ал ең ірі экожүйелер үшін алуан түрліліктің артуына оларға кіретін кіші деңгейдегі экожүйелердің маңызы артады.

Биосфераның геологиялық тарихының барысында онда тіршілік ететін ағзаларының түрлерінің саны тұрақты болмаған. Әрбір түр белгілі бір уақыт қана өмір сүреді. Шамамен 10-30 млн жыл түрлерінің ішінде өмірі өте қысқа (бірнеше мың) және ұзақ өмір сүретін түрлер – тірі қазбалар да бар. Мысалы, мүктер өзгермеген қалпында шамамен 500 млн жыл , жалаңаш тұқымды ағаш – гингко дәуірінен бері 150 млн жыл тіршілік етіп келеді. Жануарларының ішінен тірі туатын балық латимерияны атауға болады. Ол 60 млн жыл бұрын жойылып кеткен деп есептелінді. Бірақ 1938 жылы Комор аралдарының маңынан табылған.

Экология ғылымы ең маңызды биоалуантүрлілік туралы ғылымды зерттейді. Табиғаттағы барлық биологиялық процестер биосфера мен экожүйелерден тыс жүрмейді. Осыдан биоалуантүрліліктің үш үлкен бұтағы тарайды. Әрбір бұтағы деңгейлерге бөлінеді. Биоалуантүрліліктің әр деңгейі бөлімдерге бөлінеді. Бұл бөлімдерде биоалуантүрлілік әртүрлі тірі ағзалардың арасындағы ерекше туындысы ескеріледі. Олардың арқасында көрсеткіші құрылады, қоршаған ортаға төзімділікті қамтамасыз етеді. Биоалуантүрліліктің жоғары деңгейде көптеген әртүрлі экожүйелер және ландшафтар орналасады. Табиғатта біртекті мекен орталары болмайды.

Біз биоалуантүрлілік жайында сөз еткенде, ең біріншіден көптеген жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және микроағзалар түрлерін жатқызамыз. Кез келген түр дараларды құрады. Генетикалық жағынан бір біріне өте жақын келеді. Олар еркін шағылысады және өсімтал ұрпақ береді. Сол уақытта кейбір даралар түрлері басқа даралар түрлерімен еркін шағылыса алмайды. Ғалымдар әрдайым жаңа жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және микроағзалар түрлерін сипаттап, жаңа түрлерін атауда. Біздің планетамыздағы түрлердің нақты санын ешкім келтіріп бере алмайды. Алайда жануарлардың түрлері өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың, бактериялардың санынан әлдеқайда басым түседі.

Табиғаттағы әртүрлілік кеңістікте орналасуының саны мен уақытқа қарсы өзгеруі мүмкін. Кез келген биотикалық қауымдастық уақытқа байланысты өзгеріп отырады. Оның дамуын, экологиялық сукцессия деп атауға болады. Олар бірнеше кезеңдерден өтеді. Сукцессиядағы түрлердің қалыптасуы қоршаған ортаны модификациялаудың нәтижесінде басқа жағдайлар пайда болып, басқа популяцияларға оңтайлы жағдайлар туғызу барысында іске асады.

Шырша ағаштарын кескен соң немесе өрттен кейін қалған бос жердің өзгергені соншама, сол жерде қайта шыршалардың өсуіне мүмкіндік болмайды. Ашық жердегі қалған шырша ағашының көшеттері көктемнің суық күндеріне, сонымен қатар өте қатты ыстыққа, басқа жылу сүйгіш өсімдіктермен бәсекелестікке төтеп бере алмайды. Ағаштар шөптесін өсімдіктерді бірте – бірте ығыстырып, майда жапырақты орманның қалыптасуына әкеп соғады. Сол кезде ғана шыршаның өсуіне қолайлы жағдай туғызады.

Қауымдастықтың дамуы барысында жалпы биомассасы өседі. Яғни өнімділіктің максимумға жетуі. Бұл деген сөз сукцессияның аралық фазасының бірінде максимальді жылдың биомассасының қалыптасуы. Негізінен өсімді алуантүрліліктің көбеюінен басқа түрлердің әсіресе, бунақденелілер мен басқа жануарлардың санының қарқынды өсуі байқалады. Алайда табиғатта қауымдастықтың климаксті түрі де бар. Бұл қауымдастықтар дамудың ең соңғы кезегінде басқа қалыптасу кезеңдерінде тіршілік еткен саны жағынан мол болып келетін түрлерге өз орнын береді. Мұндай климаксті қауымдастықтарға түрлік құрамның қалыптасуына басқа факторлар әсер етеді. Мұндай факторларға ағзалардың мөлшерінің үлкеюі жатады. Бұл қасиеттердің арқасында мұндай жануарлар қолайсыз кезеңдерде тіршілік үшін күрес барысында үлкен роль атқарады.

Ортаның қолайлылығы топтпнудағы түрлер санының артуына елеулі ықпал тигізеді. Қорегі аз мекен ететін жерлерде жануарлар жемтігінің әртүрлі типтерінен елеусіз қалдыра алмайды. Ал қорек көп жерлерде олар едәуір күй таңдағыш болады және өзінің тамақ ішу рационын ең жақсы қоректік объектілермен шектеуге мүмкіндігі бар.

Көптеген организмдер өсіп-өнген ортаның қолайлы жағдайларында өздерінің санын тез көбеюге қабілетті.

...