0 дауыс
1.1k көрілді

Экожүйе тұрақтылығының биоалуантүрлілікті сақтаудағы маңызы

1 жауап

+1 дауыс

Экожүйелер (шығу тегі бойынша)

Біздің ғаламшарымызда әртүрлі экожүйелер бар. Экожүйе белгілі бір түрлерге жіктеледі. Бірақ биосфераның осы әртүрлі бірліктерін біріктіру мүмкін емес. Сол үшін де экологиялық жүйенің бірнеше жіктемелері бар. Мысалы, оларды шығу тегіне байланысты шектейді. Бұл – табиғи экожүйе. Оларға зат айналымы, адамның ешқандай араласуынсыз жүзеге асатын құрылымдар жатады. Жасанды (антропогендік) экожүйе адамның іс-әрекетінен пайда болған және әрі қарай да адам іс-әрекеті арқылы жүзеге асады. Жасанды экожүйелер адамзаттың пайдасы үшін қоректік азық-түлік, таза ауа және басқа да өмір сүруге қажетті өнімдер түрінде өндіріледі.

Көлемі бойынша экожүйелер былай бөлінеді: микроэкожүйе (мысалы, құлаған ағаш діңі немесе ормандағы алаң), мезоэкожүйе (орман массиві немесе даладағы шоқ ағаштар), макроэкожүйе (дала, теңіз), ғаламдық деңгейдегі экожүйе (Жер ғаламшары).

Экожүйелер табиғи және жасанды болады. Табиғи экожүйелер (шабындық, шалшық, жыра және т. б.) тұрақтырақ және әр алуан болады. Олар қосымша энергия көздерін пайдаланбайды. Қала немесе агробиоценоздардың (бау-бақша, егістік, бақ) жасанды экожүйе тұрақсыздау, түрлік қатынасы нашар, қосымша энергия көздері (тыңайтқыштар, суару) есебінен жоғары өнімді болады. Жердің тіршілігі бар тірі кабығы - биосфера ең ірі экожүйе болып табылады. Биосфераны сипаттайтын мынадай маңызды ұғымдар бар:

  • биосфера шекарасы (атмосферада - 20 шақырым, литосферада - 7 шақырым, гидросферада - 10-11 шақырым); биомасса тығыздығы (көлем бірлігіне келетін тіршілік иелерінің мөлшері);
  • биомасса өнімділігі (уақыт бірлігіндегі көлем бірлігіне келетін тірі заттардың өндіретін мөлшері).

Биосферада тірі заттар мен өлі табиғат арасында элементтер (азот, көміртегі, күкірт, фосфор, т.б.) айналымы пайда болады. Ол биосфераның бірқатар маңызды қызметтер атқару арқылы іске асады. Олар:

  • 1) газдық;
  • 2) концентрациялық;
  • 3) тотығу-тотықсыздандырғыштық;
  • 4) биохимиялық қызметтер көрсету.

Биосфера өмір сүру кезеңдерінің барлығында эволюция жолында болды. Ол белгілі тұрақтылықта және өздігінен реттеле алады. Табиғатқа адам әрекетінің өсуінен биосфера тепе-теңдігінің бұзылуы мүмкін

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
Белгісіз 20.05.2021 География сұрақ қойды
0 дауыс
4 жауап
...