0 дауыс
6.6k көрілді
Қазақстандағы табиғи экожүйелердің негізгі түрлері

1 жауап

0 дауыс

Экологиялық жүйе, экожүйе – тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында, белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады. Экожүйенің құрылымын энергияны трансформациялаудың үш деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) мен қатты және газ тәрізді заттар айналымы құрайды. Экологиялық жүйелер туралы ұғымға алғаш рет 30-ы жылдары А. Тенсли (1935) түсініктеме жазды. Ресейде осыған жақын биогеоценоз туралы ұғымға 1944 жылы Н. Сукачев (1880-1967) түсініктеме берді. Қазіргі кезде экологиялық жүйелер туралы үғымға белгілі бір аумақтағы тірі және өлі элементтердің жиынтығы жатады. Экологиялық жүйелер тірі организмдерден (биоценоздардан) және тіршілік ортасы — жанама (атмосфера) және биожанамадан (топырақ, су айдыны және т.б.) құралады. Экологиялық жүйелер кейде бір-бірінен жеке болса, кейде екі экологиялық жүйенің арасы бір-бірімен байланысып жатады. Экологиялық жүйенің мысалына көлдер, орман алқаптары және т.б. жатады. Экожүйелерден биомаларды ажырата білу керек, биомалар жоғарыда айтып кеткендей, белгілі бір географиялық аудандарындағы ауа райы және топырақ белдемдерінде кездесетін организмдердің едеуір ауқымды бірлестігі. Экожүйенің қасиеттері: оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекеттеріне байланысты. Әр түрлі экожүйелерденықпаған деп атайды.Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе, немесе экожүйе . Функциялық тұрақтылығы аз уақытқа созылса-да қарым -қатынаста болатын құраыштары бар кез келген бірлікті экожүйе деп атауға болады. Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологі А. Тенсили . А Тенсили экожүйенің құрамына организмдерде абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғатынтың негізгі функциясының бірлігі деп есептеуі және оның әр бөлігінің екіншіне әсер ететіндігіне назар аударады. Былайша айтқанда экожүйе – зат айналымы мен энергия тасмалдануы жүретін табиғи бірлік . Экожүйеде зат айналымының жүруіне органикалық молекулалардың сінімділік түрде белгілі қоры және орагнизмнің үш функцияоналды әр түрлі экологиялық топтары: продуценттер, консументтер, редуценттер болуы керек.

Экожүйе түрлері

- микроэкожүйе (мысалы, шіріп жатқан ағаш діңі);

- мезоэкожүйе (орман, көл, батпақ);

- макроэкожуйе (континент, мұхит);

- ғаламдық экожүйе (Жер биосферасы).

Табиғатқа қатер төндіретін факторлар

  • Жер бетіндегі халықтың өсуі
  • Жаһандық жылыну
  • Озон қабатының жұқаруы
  • Тіршілік ету ортасының күйреуі және өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің құрып кетуі
  • Ауаның ластануы
  • Судың ластануы
  • Жер асты суларының сарқылуы және ластануы
  • Химиялық өндіріс және оған байланысты қауіп - қатерлер
  • Экологиялық нәсілшілдік
  • Энергетика
  • Экожүйенің қаситтері өздігінен реттелу. Ол әр түрлі дарақтар санының белгілі, салыстырмалы тұрақтылық деңгейде сақталуын көрсетеді.

    Экожүйенің негізігі көрсеткіші мыналар:

    • Түр алуан түрлілігі-бұл тап осы экожүйедегі түзілетін өсімдіктер мен жануарлардың саны;
    • Популяция тығыздығы- тап осы түр дарақтарының аудан өлшем бірлігіндегі немесе көлем өлшем бірлігіндегі(мысалы, планктондар үшін) мөлшері;
    • Биомасса-энергиясы бар дарақтардың толық жиынтығындағы ағзалық заттардың жалпы мөлшері.(Әдетте биомасса аудан немесе көлем өлшем бірлігімен құрғақ затқа шығып, масса өлшем бірлігінде көрсетіледі;
...