0 дауыс
421 көрілді
Өсімдіктерден сүрлем дайындаудың маңызы қандай?

1 жауап

0 дауыс

Мал азығы сапасын арттыру үшін бірінші кезекте, әрине бұршақ тұқымдас өсімдіктерге басымдық беру қажет, мысалы, егістікте беде, жоңышқа, эспарцет, түйежоңышқа, тағы басқа да екпе шөптердің үлесін арттырған жөн. Өйткені, бұл дақылдардан мол шөп дайындалады және шөп құрамындағы ақуыз мөлшері жоғары болады. Екінші кезекте, биологиялық сүрлем әдістерімен шөп құнарлылығын сақтау тәсілдерін кеңінен пайдалану, яғни олардан сүрлем мен пішендеме дайындау бар мүмкіндікті тиімді қолдануға қол жеткізеді. Пішендеме құнарлылығы мен жұғымдылығы жағынан табиғи шөптерден кем емес. Пішендеме құрамында шөптің қуаттылығы мен құндылығы толығымен сақталады, ал ақуыз, каротин, қант және басқа да малға қажетті заттардың мөлшері барынша мол әрі азықтың жалпы қуаты шоғырланған құрғақтау шөп есебінде де өте маңызды. Әсіресе, өнімділігі жоғары малдарды азықтандыруда таптырмайтын мал азығы. Әлемдік тәжірибеде де мал азығын дайындау саласында пішендеме үлесі жылдан-жылға арта түсуде. Сүтті мал шаруашылығында сүрлемнің орны ерекше. Сүрлем қоректілігі жағынан балауса шөптерге жетеғабыл шырынды азық. Ең бастысы, кез келген мал сүйсініп жейді. Пішендеме де, сүрлем де құрамында мал ағзасына қажетті қоректердің басым көпшілігі бар, малға өте жұғымды азықтар. Бұл азықтардың пішенге қарағандағы артықшылығы, дайындау және сақтау кезінде қоректік заттардың барынша сақталуы, ал биологиялық сүрлеу үдерісіне орай кейбір қосымша қоректік заттардың түзілуіне байланысты құндылығының артуы. Сонымен қатар, сүрлем кезіндегі қышқылдар әрекетінен азықтың дәмі кіріп, малға жұғымдылығы арта түседі. Сондықтан да пішендеме қыс мерзімінде малға қажет шөп ретінде құнарлы азық болып есептеледі. Мысалы, пішендеме жеген малдың ағзасында оңтайлы қант-ақуыз теңгерілімі сақталады, сүтті мал шаруашылығында бұл ең басты проблема. Сүрлем ретінде азықтағы жалпы қуатының артуы және құрғақ заттың мол болуы, әсіресе, жоғары өнімді мол сүт беретін сиырлар үшін таптырмас азық. Өндірісті жүргізу барысында сүрлем дайындаудың артықшылығы шөптегі азықтық қуат пен құндылығының барынша сақталуы. Мысалы, сүрлем дайындау барысында пішен дайындаумен салыстырғанда құрғақ заттың сақталуы екі есеге артық. Қоректік заттардың сақталуын сараласақ, пішендемеде қант толық сақталады, ал сүрлемде ол органикалық қышқылдарға ыдырайды. Мал азығын сүрлеудің өндірістік тиімділігі де зор, пішенмен салыстырғанда екпелі егістіктің әр гектарынан алынатын қоректік заттардың молдығы және азықтық бірлікке шаққанда жұмсалған шығынның өтемі жоғары. Мысалы, судан шөбінен пішен дайындағанда азық өлшемі 7,8 центнер болса, сүрлем дайындағанда азық өлшемі 10 центнерден асады, ал пішендеме дайындалса 12 центнерге дейін жетеді. Сондықтан да республикадағы суармалы жерлерді мал азығы дақылдарын өсіруге тиімді пайдалану сүрлем немесе пішендеме дайындау арқылы ұтымды ұйымдастырған табыс көзінің қайнары. 

Ақпарат мына мақаладан алынды:

https://egemen.kz/article/30121-mal-azyghynynh-sapasy-%E2%80%93-mal-sharuashylyghyn-damytudynh-basty-sharty   

...