0 дауыс
659 көрілді
Өсімдікті сүрлемдеу неге байланысты?

2 жауап

0 дауыс

Сүрлем – ауа жібермей консервілеу арқылы дайындалатын, ұзақ уақыт сақтау үшін ашытылған шырынды жемшөп. Сүрлемге салынатын балауса түріне қарай жүгері, күнбағыс, сұлы, сиыржоңышқа cүрлемі деп бөлінеді. Құрамында каротин, С дәрумені, аздаған мөлшерде суда еритін қант, органикалық – сүт (2%-ға дейін) және сірке (0,6%-ға дейін) қышқылдары, кейбір түрлерінде пропион, валериан, т.б. қышқылдары кездеседі. Сүрлемді дайындау және сақтау технологиясы бұзылған жағдайда май қышқылы пайда болады. Сүрлемнің құрамында қышқылдардың болуы малдың ас қорыту органдарының қызметін жақсартады, ішек-қарын сөлі көбірек бөлінеді, азық жақсы қорытылады. Сүрлемде пішенге қарағанда қоректік заттар өте көп, каротин толық сақталады. Оның құнарлылығы өсімдіктің түріне, жинау мерзіміне, оны дайындау және сақтау әдістеріне байланысты. Өнімділігі жоғары сүрлем алу үшін жүгері дәнінің балауыздана-сүттеніп піскен кезінде, күнбағысты гүлдей бастағанда, сиыржоңышқа-сұлы және бұршақ-сұлы қоспаларын бұршақтары пайда болғанда, шабындық шөптерін масақтануы басталғанда, көпжылдық шөптердің көшетінен шөпті масақтана бастағаннан гүлдегенге дейін, бөрібұршақты сүттеніп піскен кезінде жинайды. 100 кг күнбағыс сүрлемінде 16 азықтық өлшем және 1,4 кг қорытылатын протеин, сәйкесінше жүгері сүрлемінде 20 және 1,4 кг; жоңышқа сүрлемінде 18 және 2,9 кг болады. С-нің түсі ашық қоңыр, сарғыш келеді. Қатты күйген сүрлемнің түсі қара қоңыр болады. Ашытылған капустаның, тұздалған көкөністің, бұзылған кезде – бұзылған балықтың, қидың иісі болады. Ылғалдылығы 60% болатын сүрлемнің қышқылдығы (рН) 4,0 – 4,2. С. ауыл шаруашылығы малдарының барлық түріне беріледі. Бордақылайтын және сүтті сиырлардың азық рационының 50%-ын сүрлем құрайды. Сапалы сүрлем әзірлеу үшін балаусаны дер кезінде сүрлем қоймасына жеткізіп, тығыздап салады да, үстін ауа, су өтпейтіндей етіп жабады. сүрлемнің ішкі қабатының температурасы 30 – 35 оС-тан аспау керек.

0 дауыс

Сүрлеу дегеніміз - микробиологиялық және химиялық факторларды пайдалана отырып, азықты маңызды биологиялық қосылыстармен байыту және консервілеу.

Оның маңыздылығы:

1. Сүрлеу әдісін ауа райының қолайсыз жағдайына қарамастан қолдана беруге болады.

2. Сүрлемде шырын көп болады және қоректік заттардың көпшілігі жақсы сақталады.

3. Азық микроорганизмдер тіршілігінен түзілген, физиологиялық жағынан малға пайдалы қосылыстармен байыды.

Сүрлем дайындаудың екі түрі белгілі.

1. Салқын әдіс - оның температурасы 30-35° жылыдан аспауы керек (1,5 пайызға дейін сүт қышқылы, 1 пайызға дейін сірке қышқылы түзіледі). Мұндай әдіспен дайындалған сүрлемді 8-10 күн ішінде малға беруге болады. Оның түсі жасыл сары, иісі тұздалған көкөніс немесе жеміс иісіндей болады. Мал оны сүйсініп жейді.

2. Ыстық әдіс. Бұл әдіс бойынша ор азыққа бірден толтырылмайды, алдымен азықты қалыңдығы 1,5 м өтіп салады да, бір-екі күн нығыздамай сол күйінде қалдырады. Сонда мұндай шөп өздігінен қыза бастайды да 45-500-қа дейін көтеріледі. Бұдан соң оның үстіне тағы да қалыңдығын сондай етіп шөп салады, осы шөп салмағымен төменгісі тағы да қызады. Кейіннен қымтап жабылады. Бұл әдіспен дайындалған сүрлемнің жұғымдылығы салқын әдіске қарағанда төмен (Мейралд реакциясы).

Сүрлем негізі. Өсімдік қантынан шығатын сүт қышқылы бактерияларының көмегімен азық қышқылданады. Сүрлемде сүт және сірке қышқылдары қажетті мөлшерде жинақтағанда, онда шіріту және басқа да зиянды микроорганизмдер тіршілігі тоқталады.

Ортаның қышқылдылығы мен ауаның жоқтығы сүрлеудің басты шарттары болып табылады. Қышқыл мөлшері сүрлемде 0,5 пайыз болуы қажет. Қышкыл мөлшерінің өзгеруі сүрленетін өсімдіктер құрамында болатын кепіл заттарға байланысты. Олар органикалық қышқылдарды оңай байланыстырып, бейтараптандырып жібереді. Азық қышқылдығы кемиді. Зубрилиннің «Қант минимумы» теориясының негізі - азықтардағы қант мөлшері мен оның сүрлену мүмкінділігінің анықталуы. Соған байланысты азықтар:

-оңай сүрленетін (жүгері, сорго, күнбағыс, капуста, қарбыз, асқабақ және т.б. жатады) - ОС.

- сүрленуі қиын (сиыр жоңышқа, қызылбас беде, картоп, қант қызылшасы) - СҚ қант.

- жеке өздері сүрленбейтін (жантақ, мия, қалақай, соя, помидор т.б.).

Аталған өсімдіктер былай сүрленуі керек:

1. ОС - жеке сүрлеме береді.

2. СҚ + бактериялык ашытқыштар + химиялық препараттар.

3. 1С + 20С, өте қиын жағдайда 1С + 50С; кейінгі кезде бактериялық концетраттар кеңінен қоланылады - БК.

«Қазақсил» БК қолдану. БК - тірі бактериялардан (аминолитті сүт қышқылы стрептококктан, күшті ашытқыш сүт қышқылы бактериялардан - 21 миллиард клеткалардан) тұратын, ашық қарақоңыр түсті, суда жақсы еритін біртек кұрғақ ұнтақ.

«Қазақсилдің» азық сапасына әсері:

1. Сүрленуді бүлінуден сақтайды.

2. Витаминмен байытады.

3. Ацидоз, кетоздан, іш тастау ауруларынан корғайды.

4. Ас қорытуды жақсартады.

Әр тоннаға 1 литр суға қосылған 2 грамм «Қазақсил» БК жұмсалады. Ашытқының 1 грамында 10 миллиард клетка бар. 1

...