Мең, Қал — өзінің бітісі мен сыртқы көрінісі жағынан әр түрлі болып келетін тері ақауы. Ол туа бітеді немесе туғаннан кейін әр кезде пайда болуы мүмкін. Әдетте меңнің көлемі мен саны жасөспірім кәмелетке толар шақта, әйел екі қабат кезінде көбейеді Меңді электр тоғінің көмегімен және хирургиялық жолмен жоюға болады. Бірақ орнында аздаған тыртық қалады. Қара-қоңыр және қара меңге ерекше зер салу қажет, өйткені олар ұлғайып, өсіп, жайылып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда дереу дәрігерге көріну керек.
Егер осындай жағдайлар байқалмаса және көзіңіз жақсы көріп тұрса тиіспеген жөн. Ол сізідің ерекшелігіңіз деп қана түсініңіз, көзіңіз көріп тұрғанына рақмет деу керек деп ойлаймын. Көздегі түгілі денедегі қал зиянды болмаса адамдар ала қоймайды. Бұл менің жеке ойым.