0 дауыс
11.4k көрілді
Достар бетке меі шыққан пайдалы ма зияны ба? Мең ненің әсерінен немесе ненің жетіспеушілігінен шығады?Қалай  жоюға болады ?

4 жауап

0 дауыс
Мең, Қал — өзінің бітісі мен сыртқы көрінісі жағынан әр түрлі болып келетін тері ақауы. Ол туа бітеді немесе туғаннан кейін әр кезде пайда болуы мүмкін. Әдетте меңнің көлемі мен саны жасөспірім кәмелетке толар шақта, әйел екі қабат кезінде көбейеді. Ол өзінің құрылымы мен түрі жағынан тамырлы — ангиомалар және пигментті болып 2 топқа бөлінеді. Пигментті мендердің құрылымы әр түрлі болып келеді. Көбінесе адамның терісінде қызыл қоңыр, көлемі тарының немесе қарамықтың дәніндей дақ пайда болады. Бұл мендердің саны әр түрлі: бірлі-жарымнан жүзге дейін жетуі мүмкін. Кейде адамның бетінде, бастық, төстің, арқаның түк басқан жерлерінде көлемі бұршақтай, дөңгелек немесе сопақша болып келетін, қолға жұмсақ тиетін бүртік пайда болады. Әдетте олардың түсі сарғыш қызыл, кейде қоңыр болады. Беті тегіс, көп жағдайларда үстіне селдір түк шығады. Туа біткен бұл меңдер адамның жасы ұлғайып, терісі тозғанда едәуір үлкейеді. Сонымен бірге көлемі шиенің дәніндей не бұршақтай және одан да ірі жұмсақ сүйелдерді де меңге жатқызады, олардың түп жағы жіңішке, түсі қызғылт немесе сары қоңыр келеді. Ол адамның мойнына, арқанша, қолтық астына және шабына шығады. Ал түкті меңдер — әдетте сарғыш қоңыр, қара, терісі кедір-бұдыр, бетін қылшық басқар! болады. Ол денеге жайылып шығады да, адамның ұсқынын бұзады. Меңді электр тоғінің көмегімен және хирургиялық жолмен жоюға болады. Бірақ орнында аздаған тыртық қалады. Қара-қоңыр және қара меңге ерекше зер салу қажет, өйткені олар ұлғайып, өсіп, жайылып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда дереу дәрігерге көріну керек.
Мәлімет көзі: kk.wikipedia.org
0 дауыс
меңнен еш қауып жоқ ол кез келген жерден шыға береді!!!
0 дауыс
Сəлеметсіздер ме?Менің жасым 13 те.Бетімнен қал көп шығады.Боянбаймын.20 астам .12,13 жас арасында көп шыға бастады .Неге жəне оны қалай тоқтатуға болады?

Ұқсас сұрақтар

...